Мәзiр:

Мемлекеттiк рәмiздер:

Бір жылда160745
Бір айда15949
Бір аптада3027
Кеше393
Тәулік33
Оқушылар шығармалары
Менің атам, әжем 27 Мамыр, 16:21
Менің атам,   әжем
5 сынып оқушыларының емтихан жұмысы
Қарап тұрсаң, адамзат баласы табиғаттың сыр-сипатын, жұмбағын, қоғам өміріндегі түрлі болмыстың шындығы мен қайшылығын ой-сана қуатымен танып біледі. Соның ішінде өмір құбылыстарын образдық ой арқылы жеткізудің сан алуан көркемдік еркшеліктерінің бір парасы – тұрмыс-салт жырларында өзіне тән тұрмыс-тіршілігі суреттеледі дейді ғой. Онысы – шындықтың шарықтау белгісі.
Тәуелсіздік туы желбіреп
Еуразияның кіндік тұсында ұлан-байтақ жеріміз бар қазақ даласының келбеті бағзы бір ежелгі атам замандардан өзінің ұлы рухын жоғалтпай, күні бүгінгі үшінші мыңжылдықта да асқақтығын танытып отыр. Атыраудан Алтайға дейін созылған ұлан-ғайыр кең өлке, тарихы шексіз, дәстүрі шетсіз ата-жұрт. Әні мен күйі шалқыған, сыры мен жыры толқыған ғажайып сұлу сахара!
Қазақстанның мемлекеттік рәміздері – Тәуелсіздіктің қасиетті нышандары (Еліміздің мемлекеттік рәміздерінің қабылданғанына 20 жыл)
Мен өз халқымды сүйемін. Оның мені бала кезімнен сабыр мен парасатқа баулығанын мақтан тұтамын. Басымды иемін! Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Сан ғасырлық тарихымызда мақтан тұтар, бүгінгіміз бен келешегіміз үшін ғибрат алар оқиғалар мен ел тағдырын өз тағдырынан биік қойған, ұлтының тұтастығын, жерінің бүтіндігін мұрат еткен қазақ батырлары, Отан алдындағы адал қызметінен үлгі алар ұлы тұлғалар аз болмаған. Сонау ғасырлар қойнауының қатпар-қатпар белесінен байқасақ, ежелден-ақ ру-тайпаларымыздың өз жерін еш жауға бастырмай, шыбын жанын шүберекке түйіп, қасық қаны қалғанша күрескен жауынгерлік істері бізге аманат болып жеткен.
Жұмыр жердің бетіндегі қаншама ел, мемлекет, ұлт пен ұлыстың даму тарихы –өз алдына бөлек әңгіме. Адам баласы жаралғаннан бері руға, ұлт пен ұлысқа бөлініп, өздерінің қаншама мемлекеттерін құрып келді. Соның бір айғағы ретінде қоғамдық дәуірлеген кезеңдерден, қиыншылықтар мен қырғын соғыстардан, отаршылдық пен бодандықтан өтіп, күні кеше жиырма жыл бұрын жеке мемлекеттік тәуелсіздігіне қолы қайта жеткен бейбіт елімнің, бүгінгі асқақ Қазақстанның, ұлы рухы мен мұндалап тұр.
Тәуелсіздік! Қасиетті де құдіретті осы бір ұғымның тереңіне зер салып, ой жіберейін. Бұл тәтті сөздің тұңғиығында саналы пікір, арналы ой иесі болған ата-бабамның ғасырлар бойындағы асыл арманы, азаттық жолында құрбан болған талай-талай боздақтардың ұрпаққа қалдырған мәңгі өшпес аманаты, ұлан даланың жас перзенті – кеңпейіл қазақтың азаттық мұратындағы сан түрлі күрестері және тағдыр талайы жазған “тар жол, тайғақ кешу” іздері жатыр. Жаңа ғасырмен бірге келген ел тәуелсіздігінің жиырма жылдығы