Мәзiр:

Мемлекеттiк рәмiздер:

Бір жылда56724
Бір айда4021
Бір аптада572
Кеше57
Тәулік1
«Жас Ұлан» әскери–спорттық эстафетасы
16 Қаз, 18:25

Дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебі

 

 

 

 

 

 

«Жас Ұлан» әскери–спорттық эстафетасы

 

(Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында тәрбие берудің 2006-2011 жылдарға арналған кешенді бағдарламасын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл толуына орай өткізілген.)

 

 

 

Дайындаған:  АӘД пәнінің мұғалімі   Б.Б.Қашқанов


 

 

Мақсаты:Оқушыларды патриотизмге, Отан қорғауға, олардың бойындағы күш-қуаты мен  білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсауға баулу, оқушылардың бойындағы ар-намысты ерте қалыптастыру, бала бойына сіңіру.

Ұраны:«Жаным – арымның садағасы».

Өтетін жері және уақыты.Дене шынықтыру залы сағат 15:00, 05.05.2012ж.

Қатысушылар.  9-10 сынып, командада 10 оқушы.

Бағдарлама.

Команданың дайындығы:

- Сырт киімдері (камуфляж және т.б.)

- Командир дайындығы жөнінде мәлімдеме беру.

Ашылуы: Қазақстан Республикасының туы  енгізіліп, Әнұран айтылады.Мектеп директорына сөз беріледі.

Сап шеруі:

- Саппен жүріп сәлем беру

- Саппен  ән шеруі

Эстафета: 7 оқушы қатысады.

1. Канатқа шығу: (секундомермен уақыт басталады)

-Екі қолмен канаттан ұстап, аяктың көмегінсіз канатқа шығу

2. Бөгеттен секіру:

- Бөгеттен секіріп, матаға қолмен тіреліп аунау

3. Противогазды киіп, зардап шеккен  адамға көмектесу:

-Протевогазды киіп, носилкадағы жатқан (зардап шеккен адамға) противогаз кигізіп, 20 метр жылжыту

-  Противогазды шешіп, бүктеп,орнына қою

4. 2,5 м. Биіктіктегі сатыдан қолмен өрмелеп жүру.

5. 1м. Биіктіктегі бөренеден жүгіріп өту.

6. Пневматикалық винтовкадан 7м. арақашықтықтықтағы нысанаға  1 рет атыс жүргізу.

7. Брусядан қолмен тіреліп өту.

8. Эстафетаны келесі өз командасыныңның окушысына тапсыру.

-Команданың ақырғы келген окушысымен уақыт тоқтатылады протоколға жазылады.

          Ескерту: Әр эстафетаның этапында жаттығу қате жасалса, жалпы уақытқа 10 сек. қосылады.

Жеке спорттық сайыс: 3 оқушы қатысады.

-Әр командадан 3 оқушы: 16 кг. гир көтеру, кермеде (турник) тартылу,автоматты бөлшектеу.