Мәзiр:

Мемлекеттiк рәмiздер:

Бір жылда49373
Бір айда4670
Бір аптада802
Кеше203
Тәулік135
Инновациялық-педагогикалық идеялар фестивалі
17 Қаз, 05:34

 Дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебі

Инновациялық-педагогикалық идеялар фестивалінің

жалпы ережесі

 

1. Фестивальдің мақсаты мен міндеттері

1.Фестивальдің мақсаты – талантты педагогикалық қызметкерлерді анықтау, оларды қолдау және мадақтау; педагогикалық қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыру, білім беру  процесіне жаңа педагогикалық идеялар мен технологияларды енгізу және тарату. 

2.Фестивальдің негізгі міндеттері:

педагогикалық қызметкерлердің инновациялық іс-әрекетін қалыптастыру;

инновациялық педагогикалық идеялар мен технологиялардың деректер базасын   кеңейту;         

кәсіби педагогикалық тәжірибені толықтыру;

педагогтардың кәсіби қарым-қатынасының жаңа үлгісін және  байланыстарын құру.

 

2. Фестивальға қатысушылар

3. Фестивальға мектептің барлық педагогикалық қызметкерлері қатыса алады.

4. Қатысушылардың педагогикалық стажына және жас мөлшеріне шектеу қойылмайды.

  3. Материалдарды ұсыну формасы және ұсынылатын материалдарға қойылатын талаптар

5. Әзірленген материалдарды топтастыру ұсынылған жұмыстардың түріне қарай  жүзеге асырылады:

Оқу құралы – оқулыққа қосымша, барлық пәнді емес, бағдарламаның тек бір бөлігін (бірнеше бөлімін) қамтиды, оқу-құралының  оқулықтан өзгешелігі сараланғандығы ғана емес, ол көпшілікке танылған білім және ереже (көлемі 40 беттен кем емес).

Әдістемелік-оқу құралы – пәндерді (оның бөлімін, бөлігін) оқыту немесе тәрбиелеу әдістемесі  бойынша материалдарды  құрайды.  

Фестивальға мына оқу-әдістемелік құралдар ұсынылады:

  • мұғалімдерге арналған кітап (көлемі 40 беттен кем емес);
  • әдістемелік ұсыныстар (көлемі 20 беттен кем емес);
  • бақылау материалдары (көлемі 15 беттен кем емес).

Авторлық бағдарлама – мұғалімнің оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру-мазмұндық үлгісінің әдістемелік тұжырымдамасы негізінде өзі жобалаған   пәнді оқыту мен зерттеудің тәртібін, көлемін, мазмұнын анықтайтын оқу бағдарламасы  (көлемі  20 беттен кем емес).

Фестивальға ұсынылған әзірлемелер  мына бағыттар бойынша жіктеледі:     

  • Қоғамдық-гуманитарлық цикл (тіл және әдебиет, тарих);
  • Өнер тану циклы (музыка, өнер, сызу);
  • Математикалық цикл (математика, информатика және ИКТ);
  • Жаратылыстану-ғылыми цикл (физика, химия, биология, география, астрономия, экология);
  • Жас педагог – жасы 30-ға дейінгі, 5 жылға дейін стажы бар мұғалімдер үшін;
  • Психологиялық қызмет көрсетудің тиімді технологиялары – педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтар үшін;
  • Тәрбие технологиялары – сынып жетекшілер, тәрбиешілер, ұйымдастырушы-педагогтар үшін.

      6. Фестивальға қатысушы әзірлемені міндетті түрде жұмысты қолдану бойынша (кімдерге және қайда қолдануға болады) әдістемелік-пікірімен ұсынады.

      Қатысушылар әзірлемелерінде міндетті түрде  ақпараттық-коммуникативтік технологияларды (немесе келешекте қолдану болжамымен) қолдануы тиіс. Жіберілген материалдарда осы мәселе көрініс табуы тиіс.

      7. Жұмыстың мәтіні тек идеясын ғана емес, сонымен бірге автордың жеке жұмыс тәжірибесі мен нәтижесінің сипатталуын қамтуы тиіс. Мүмкіндігіне қарай әзірлемені іске асыру үшін қажетті жағдай жасауды  (мысалы, сыныпта компьютер, проектор-мультимедианың болуы, дайындыққа қажет уақыт) көрсету.

      Фестивальға қатысушыларды таныстыру үшін жұмыстың әдістемелік сипаттамасына шек қойылады. Әдістемелік сипаттаудың көлемі 10 парақтан көп болмауы тиіс. Нақтылығы мен қысқалығы қосымша бағаланады.

Ұсынылған материалдардың мазмұнына электрондық нұсқадағы атқарылған жұмыс жөніндегі есеп, қосымшасында білім беру процессіне, тұсау кесерге (презентацияға) берілген сабақтардан үзінділерді енгізуге болады. Тұсау кесер міндетті түрде сабақтың жоспары көрсетілген слайдтармен немесе әдістемелік түсінік арқылы әзірленеді.

Жұмысқа қосымшада:

- автордың берілген тақырыбы бойынша білім беруге сәйкес шығарылған оқу материалдары;

- оқу процессін ұйымдастырудағы иллюстрациялық материалдар;

- оқушылардың жұмыстары (нәтижесі).

8. А-4 форматты бет, 14 шрифт, Microsoft Office құжаттары болуы тиіс.

 4. Фестиваль жеңімпаздарын  іріктеу критерийлері

9. Фестиваль жеңімпаздарын  іріктеудің негізгі критерийлері мыналар:

  • Кәсіби қызмет жүйесін жинақталған түрде ұсыну шеберлігі.
  • Тұжырымдамасы (автордың көзқарасы, негізгі идеясын көрсету).
  • Жаңалығы (осы жоба бойынша).
  • Жобаның, идеяның, принциптердің ғылымилығы, негізделгені.
  • Технологиялығы, тәжірибе элементерін басқа мұғалімдер арқылы жүргізу мүмкіндігі.
  • Ақпаратарды қолданудағы авторлық құқықтың сақталуы.
  • Педагогтың әдістемелік шеберлігі, инновациялық және дәстүрлі кәсіби қызметті байланыстырудың тиімділігі.
  • Ұсынылған жұмыстардың білім беру стандарттары мен  оқу бағдарламаларына қойылатын талаптарға сәйкестілігі.
  • Жұмыстардың білім беру жүйесін дамытудың өзекті үдерісіне сәйкестілігі.
  • Оқу нәтижелерін болжау, уақытты тиімді және дұрыс пайдалану шеберлігі.
  • Баяндау жүйелігі мен ойға қонымдылығы.     -

 5. Фестивальдің қазылар алқасы

         10.Фестивальдің қазылар алқасының құрамы мектеп директоры бұйрығымен бекітіледі.

 6. Фестиваль жеңімпаздарын марапаттау

       11. Фестивальға қатысушылар дипломдар және сыйлықтармен марапатталады.

       12. Фестивальдің жеңімпаздары облыстық конкурсқа қатысуға және ғылыми-педагогикалық басылымдарға жұмыстарының басылуына ұсынымдамалармен белгіленеді.