Мәзiр:

Мемлекеттiк рәмiздер:

Бір жылда49709
Бір айда3809
Бір аптада1021
Кеше280
Тәулік69
«Өсімдік өркендерінің құрылысы мен маңызы»
05 Ақп, 03:36

Сабақ жоспары

Күні:18.10.2013

Сынып:6

Тақырыбы: «Өсімдік өркендерінің құрылысы мен маңызы»

Сілтеме:биология 6-сынып Алматы «Атамұра» 2011

Мақсат:өркеннің ішкі және сыртқы құрылысын біледі, бүршіктің түрлерін ажыратады

Күтілетін нәтиже:-өркен құрылысын, бүршік түрлерін біледі;

                              -флипчартқа постер жасай алады;

                                -жұппен,топпен жұмыс істей алады;

                                -бағалау түрлерін біледі

Сабақтың түрі:жаңа сабақ

Қолданатын әдістер:топпен жұмыс, жұптық жұмыс, спикердің қорғауы,

Керекті жабдықтар:бағалау парағы, оқулық, суреттер, презентация power point, түрлі-түсті  фломастер, маркерлер, флипчарт, интербелсенді тақта, компьютер, стикер.

Сабақтың кезеңдері

 

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Уақыт

Ұйымдастыру

Амандасу.

 

Топ құру үшін тақырыптары әр түрлу суреттерді таңдату (кітап, ойыншық, компьютер)

Шеңбер құру барлығымыз, бір-бірімізбен амандасу, оң сосын сол жақтағы баламен.

Балалар үш бағыттағы суреттерді таңдап алғаннан кейін әр бағыт бойынша бірігеді де үй тобын құрады.

2 мин

Білу

Тақтаға өткен тақырыпқа байланысты тамырдың суреті шығады, оған байланысты 5 сұрақ қоямын:

1.Тамырдың шығу тегіне қарай қандай түрлерге бөлінген, олар қалай дамиды?

2. Тамырдың түрөзгерістерінің маңызы неде?

3. Тыңайтқыштардың тамырға әсері қаншалықты маңызды екенін түсіндір.

4. Тамыр бөлімдерінің қызметіне қарай құрылысын дәлелде.

5. Тамырдың қызметі өсімдіктің басқа мүшелеріне қалай әсер етеді?

 

Алдарына БББк кестесін беру

Жұмбақ беремін:

Жыл басы қыста ұйықтайды,

Көктемде ол оянып, іннен шығады.

Жазда желмен жайқалады,

Күзде достарынан айрылады.

Бүл не?

Жұмыс тобын құру

Тақтадағы суретті көріп сұрақтарға жауап береді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Олар БББ кестенің бірінші бағанын толтырады.

 

 

 

 

 

Жұмбақты шешедіде жаңа тақырыпқа шығамыз

Оқушылар 1,2,3 саналып жұмыс тобын құрайды да топтасады.

6 мин

Түсіну

Жұмыс тобындағыларға 38-40 бет аралығындағы мәтінді бөлу

Сергіту сәтін өткізу

Берілген абзацтар бойынша оқушылар жеке оқып, топпен талдайды

Оқушыларға жаттығу жатқызу

10 мин

Қолдану

Уақыттың болғанын айтып келесі жұмысты бастау, мұнда конвертте көптеген суреттер беру

Үй топтарына қайту.Үй тобына келген соң олар әр біреуі жеке-жеке топқа түсіндіреді, талқылайды, алған суреттерге байланысты постер жасайды

8 мин

Талдау

«Кір жаятын жіп» ойынын ойнау

Тақырыпта өткен сөздерді таратып, әр оқушы қай сөзге жауап бере алатынын тыңдау

Жаңа тақырыпқа сәйкес сипаттай алатын сөздерді іліп шығады. . Бүршіктің ішкі және сыртқы құрылысы деген сұрақтарда интербелсенді тақтаға құрылысын көрсету

8 мин

Жинақтау

№9 зертханалық жұмыс «Вегетативтік және гүл бүршіктерінің құрылысы»

Жұмыс барысын орындау, зерттеу

8 мин

Бағалау

Формативті бағалау

Топ басшысы топқа баға береді

2 мин

Үй тапсырмасы

β11 оқу, қайталау. Ағаш сабағынан кеппешөп , презентация жасау

Тапсырманы орындау

1 мин

Өткізген: биология пәнінің мұғалімі Байбекова Г.З.