Мәзiр:

Мемлекеттiк рәмiздер:

Бір жылда49373
Бір айда4670
Бір аптада802
Кеше203
Тәулік135
Мектепішілік «Ғибрат» ұлттық тәрбие бағдарламасы
17 Қаз, 08:58

Мектепішілік «Ғибрат» ұлттық тәрбие бағдарламасы

Балаларды рухани бағытта, өмірде өзінің орнын табуға тәрбиелеу мемлекетті дамытудың негізі болып табылады. Дәл бүгінгі таңда мемлекетіміздің болашағы кейінгі ұрпақ болары сөзсіз. Сондықтан, стратегиялық мақсатта білім беру мен тәрбиелеу жүйесінде тұлғаны жеке, рухани таза, өзін-өзі дамытуға қабілетті, танымды, зерделі азаматтық қабілетті адам қалыптасады. Өсіп келе жатқан ұрпақ бүгінгі «нарыққа» ғана тәуелді болмай, сонымен қатар сөзшең, өзгеріп тұратын қоғамның түрлі іс-әрекетіне бейімделгіш болуы қажет. Сонымен қатар  мектептегі тәрбие екі мақсаттың орындалуын көздейді:

  • нақты білім беріп, қоғамның бір бөлігі екендігін сезіндіру
  • өзінің құқығы мен қызығушылықтарын жүзеге асыруға, дарындылығын, шығармашылығын дамытуға, белсенді тұлғаның қалыптасуына жағдай туғызу
  • баланың шексіз мүмкіншіліктеріне деген мұғалімнің сенімділігі
  • баланы түсінуге, сезінуге, әлемнің сыртқа және динамикалық дамитын ішкі құрылысын сезінуді үйрету қажеттілігі
  • өзің-өзі жетілдіру, дамыту адам бойына тумысынан берілген
  • жеке тәрбиелеумен, ұжымдағы тәрбие, өзің-өзі тәрбиелеу бір-бірімен тығыз байланысты
  • нақты қасиеттері бар тұлғаны тәрбиелеу қажет
  • қажетті білім алып, практикада кездесетін мәселелерді өздігінен шешуге оларды дұрыс қолданып, өмірдің өзгермелі жағдайларына тез бейімделу, жай ғана орындаушы болмай, жасаушы болуы керек
  • жан-жақты болу, яғни іс-әрекетінің әр түрлі салаларында жұмыс істей алуы
  • өзінің танымын, зердесін, мәдени деңгейін дамытуға жұмыс істеу керек
  • өз өміріне, отбасына, Отанына жауапкершілікпен қарау керек

     Тәрбиелеудің жаңа жүйесі оңтайлы, жаңа құбылыстарға ашық болу керек, сонымен қатар барлық жаңашылдықтарға дұрыс көзқарас қалыптасу керек.

 Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері:

1. Тәрбие диагностикасын, тәрбиелі іс-әрекеттің мазмұнын, педагогикалық қарым-қатынастардың жүйесін, оқушылардың іс-әрекетін анықтайтын негізгі интерактивті қасиеттерді қалыптастыру;

2. Әр түрлі жұмыстар, тапсырмалар, бұйрықтар, дәстүрлер жүйесін дамыту;

 3. Жеке тәрбиелеумен, ұжымдағы тәрбие, өзін-өзі тәрбиелеу бір-бірімен тығыз байланысты үштік екеніне көз жеткізу;

 4. Тәрбиеленушінің карталарында көрсетілетін үздіксіз педагогикалық диагностиканы қалыптастыру;

 5. Педагогикалық еңбектің нәтижелі болуын қамтамасыз ететін жағдайлар жасау, мұғалім мен тәрбиешінің педагогикалық мәдениетін дамыту;

      Мақсаты: оқушылардан өздігінен жетілетін тұлғаларды қалыптастыру, олардың танымдық және физикалық денсаулығын жетілдіру.

     Міндеттері:

1. Жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру;

2. Салауатты өмір салтын жүргізуге дағдыландыру;

3. Оқушылардың таланттары мен мүмкіншіліктерін жетілдіруге қажетті жағдайлар жасау;

Тәрбиелеу жүйесі бағдарламасының негізі «Отан-ананың балаларымыз» бағдарламасы болып табылады. Негізгі бағдарламаға мақсатты бағдарламалар кіреді.

    Жұмыс төмендегі бағыттарды жүргізіледі:

 ●азаматтық-патриоттық;

 ● көркемөнер-эстетикалық;

 ● өзін-өзі басқаруды дамыту;

 ● спорттық-сауықтыру;

 ● ата-аналармен ынтымақтастық.

 Бағдарламаны іске асырудың тұжырымдамалық негіздері

          Бағдарлама  біріншіден, «Білім туралы» Заңға, тәрбие бағытындағы кешенді бағдарламаларға  сүйенетін болғандықтан, ұрпақ жайын қанағаттанадыратын, қарастыратын нормативтік құжаттарға сүйене отырып,мақсат-міндеттер айқындалды.  Республикалық, халықаралық оңтайлы  еңбектер мен тәжірибелер («Атамекен»бағдарламасы, оқыту мен тәрбиелеуде авторларына) қамтылып, сарапталды. Мектептің тәрбие жұмысы-тәрбиені қалыптастырудағы әлеуметтік қызмет ерекшеліктері қаралатын мұғалім мен оқушы арасындағы біртұтастық негізде құрылған жүйе.

Тәрбиелеу принциптері

  • Адамдар арасында жақсы қарым-қатынас орнау үшін қоғамда лайықты жағдай жасау;
  • Педагогикалық үрдістің мақсаттылығы – бірлік, өзара байланыс, сабақтағы және сабақтан тыс жұмысты біріктіру;
  • Тәрбиелеудің шығармашылық бастамасы;
  • Жанұя, мектеп, қоғам үш фактордың үйлесімділігі;
  • Серіктес шығармашылық – шындықты бірігіп іздену.

«Отан-ананың балаларымыз» патриоттық жұмыс жоспары

Мақсаты:туған елінің, жерінің тарихын, мәдениетін, өнерін, әдебиетін, бар-болмысын танып білуге жағдай жасау, болашақ ұрпақтың қолында екеніне көз жеткізу.

Міндеттері:

1. Жан-жақты өз елін сүйетін тұлғаны қалыптастыру;

2. Салауатты өмір салтын ұстану арқылы өзгеге үлгі болу;

3. Отан-ана алдындағы борышын түсіну, өзгелердің түсінігін қалыптастыруға әсер ету.

«Оқыту»

Мақсаты:Барлық пәндер бойынша оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға және дамытуға жағдайлар жасау.

Міндеттері:

1. Бүкіл өмір жолында жетілетін білім жүйесін қалыптастыру.

2. Білімін әрі қарай жалғастыруына позитивті жағдайлар жасау.

3. Өздігенен танымдық жұмыстарды атқаруына қажетті дағды мен біліктіліктерге ие болуына жағдай жасау.

4. Өздігінен білім алып, тәрбиеленуіне деген қызығушылығын арттыру.

«Ұйымдастырушылық»

Мақсаты:тұлғаның заманауи адам қоғамында өмір сүруіне жеткілікті және қажетті, жан-жақты дамуына бағытталған.

Міндеттері:

1. Тұлғаның мүмкіншіліктерін ескеріп, оның ұжымға кірігуіне жағдайлар жасау.

2. Жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру.

3. Білім қазығын, еңбек, жанұя, денсаулыққа тәрбиелеу.

«Салауатты өмір салты»

Мақсаты: салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Спорттық және шынықтыру шараларын дамыту.

2. Қызығушылық танытқан ұйымдармен өзара байланыс және серіктестік жүйесін ұйымдастыру.

3. Білім, еңбек, жанұя, денсаулықты шыңдауға  тәрбиелеу.

«Қолдау»

Мақсаты:ортада өзін-өзі ұстау, табиғат пен адам арасындағы үндестікті дамыту.

Міндеттері:

  1. Оқушының жеке тұлға болуына қолдау көрсету;
  2. Социумда өмір сүруге дағдыландыру;
  3. Қоршаған ортаны қорғау, экологиялық-экономикалық тәрбие беруге дағдыландыру.

  «Жанұя»

Мақсаты:ата-ананың баласының табиғатың түсініп, оның дамуына бақылау жасап, болып жатқан өзгеріс заңдылықтарын түсінуіне көмектесу.

Міндеттері:

  1. Түсіндірушілік – балаларда болып жатқан өзгерістерді көруге және түсінуге үйрету.
  2. Кеңес берушілік – бала қоғамдық және білімдік дағдыларды қабылдау барысында оған әсер етудің тиімді әдістерін психология-педагогикалық бірігіп іздеу.
  3. Коммуникативтік – эмоциялық сезімдермен, бала мен ата-ананың өзара әрекеттесу мәдениетімен  жанұя өмірін байыту.

 «Оқушылар ұйымы»

Мақсаты:мектеп оқушыларының іскерлік және рухани мәдениетінің деңгейін жоғарылату және қоғамдық іс-әрекеттің әр түрлі салаларында жас азаматтардың жан-жақты дамуына жағдай жасау.

Міндеттері:

1. Оқушылардың тәрбиесі мен мәдени тәртібін тәрбиелеуге белсенді қатысу;

2. Оқу барысында, олимпиадалар мен сайыстар өткізу кезінде өзара көмекті ұйымдастыру;

3. Оқушылардың құқығын қорғау;

4. Басқа мектептің ұйымдарымен және мемлекеттік үкімет ұйымдарымен серіктестік құру.

 Бағдарлама іс-әрекеттің келесі бағыттарына негізделген:

- азаматтық – патриоттық

- көркем – эстетикалық

- спорттық-шынықтыру жұмыстарының жүйесін ұйымдастыру

- тәрбиелеу үрдісіне жанұяны қатыстыру

- өзін-өзі басқару жүйесін дамыту

Бағдарламаны жүзеге асыру үшін пәнаралық байланыстар, мектепішілік үйірмелер мен факультативтерді жүргізу, қосымша білім беру ұйымдарымен серіктестікті нақты белгінді

Бағдарламаны жүзеге асырып, жоғары нәтижелерге жету үшін келесі жолдармен, әдіс-тәсілдерді қолдану тиімді:

1. Оқытатын, дамытатын, тәрбиелейтін технологиялар.

2. Әлеуметтенудің тиімді жағдайларын қалыптастыруға бағытталған технологиялар.

Бала өздігінен қоғамдық нормалар мен құндылықтарды қабылдай алуы және ортаның жағдайларына бейімделе алуы, өздігін және жекелігін сақтап, дамыта алуы керек.

3. Жеке-бағдарланған технологиялар.

Баланың дамуына лайықты қауіпсіз ортаны қалыптастыру керек.

 1. «Ғибрат» тәрбиелеу жүйесін ендірудің дайындық кезеңі.

Мақсаты: Тәрбиелеу жүйесін ұйымдастыруға жағдайлар жасау.

1. Тәрбиелеу концепциясы, тәрбиені дамытуға бағытталған кешенді бағдарламаны даярлау.

2. Мектептің жұмыс істейтін әлеуметтік ортасына талдау жасап, белгілеп алу.

3. Оқушылармен, ата-аналармен, мұғалімдермен жаңа деңгейге көшудің алдында қажетті психологиялық дайындық жүргізу.

4. Бағдарлама бойынша сынып сағаттарының тақырыптарын жоспарлап алу.

2. Тәрбиелеу жүйесінің өзгеруінің бастапқы кезеңі.

Мақсаты:оқушылар мен оқытушылардың ұжымын, ата-аналар қоғамын жүйе жағдайларына бейімдеу.

1.Тәрбиелеу жүйесінің жобалары мен бағдарламалары бойынша педагогикалық ұжым үшін тұрақты ғылыми-әдістемелік семинар ұйымдастыру.

2. Бағдарламалар бойынша тақырыптық сынып сағаттарына материалдарды даярлау.

3. Тәрбиелеу жүйесінің үйірмелерін, секцияларын, факультативтерін ұйымдастыру бойынша тақырыптарды жоспарлау.

4. Дайындық мүмкіншіліктеріне байланысты бастауыш, орта, жоғары буындарда дамытушылық іс-әрекеттің жаңа түрлерін ендіру.

5. Тәрбиелеу жүйесінің кадрлық, бағдарламалық, ұйымдастыру-басқарушылық, нәтижелік жұмыстары бойынша тексерістер жүргізу.

3. Тәрбиелеу жүйесінің өзгеруінің негізгі кезеңі.

Мақсаты:мектептің тәрбиелеу концепциясына сәйкес тәрбиелеу жүйесінің жан-жақты қызмет атқаруына жету.

1. Тәрбиелеу жүйесін мазмұнын жалпыазаматтық және ұлттық мәдениетпен тығыз байланыстылығына дейін жеткізу.

2. Оқыту мен тәрбиелеудің жас мөлшеріне байланысты логикалық шегіне, оқушылардың жанжақты бағдарланған іс-әрекетіне, түлектердің заманауи өмір талаптарына сәйкес бейімделуіне жету.

3. Барлық оқушыларды жүйелі еңбекке, спорттық сайыстарға, әлеуметтік маңызы бар жұмыстарға қатысуға баулу.

4. Әрбір оқу жылының аяғында оқушыны тәрбелеу көрсеткішін талдау.

5. Тәрбие жұмысының нәтижесін жалпылау және есептерде, ғылыми және педагогикалық баспаларда, мектепішілік конференцияларда корсету.

«Болашақ» тәрбиелеу жүйесінің жобасын жүзеге асыру жоғары нәтижелерге қол жеткізеді. Жұмыс нәтижесін сипаттайтын баға көрсеткіштері:

1.Бірыңғай құндылықты-бағдарланған кеңістікті қалыптастыру:

* Оқушы тұлғасының қалыптасуы мен дамуына бағытталған оқытушылар ұжымының бірыңғай мақсатты түсіну іс-әрекеті.

* Тұлғаның қалыптасуы мен дамуына бағытталған оқытушылар ұжымының бірыңғай мақсатты түсіну іс-әрекеті.

2. Көлденең құрылымдық байланыстарды ұйымдастыру.

Соңғы нәтиже жүйенің жеке фрагменттеріне ғана емес, бүкіл жүйеге байланысты болады. Оқушылар мен мұғалімдер және ата-аналар арасындағы өзара байланыс, өзара қарым-қатынас, түсінушіліктердің кең құрылымы қажет.

3. Мектепте қолайлы микроклимат орнату керек.

* Адамдарды сыйлау.

* Серіктестік.

* Жеке әдіс-тәсілдер

* Әрбір оқушының жетістікке жетуіне жағдай жасау

4. Мұғалімдер, оқушылар, ата-аналардың серіктестігі.

Жеке қарағаннан гөрі, адамдар бірігіп кез келген мәселелердің шешімін таба алады.

5. Мектептегі өзін-өзі басқарудың қалыптасуы.

* Мектепте өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру.

* Әр түрлі сынып оқушыларының арасындағы байланыстар.

* Оқушылардың келешекте өз мүмкіншіліктерін, дағдылары мен білімдерін жоғары деңгейде қолдана алуына жағдай жасайтын зердекөрсеткіштерін қалыптастыру және дамыту.