Мәзiр:

Мемлекеттiк рәмiздер:

Бір жылда49799
Бір айда3899
Бір аптада1111
Кеше280
Тәулік159
«Елдігімізге құрмет» ою-өрнектермен безендірілген дене қимылдары флешмобы
17 Қаз, 09:25

             «Елдігімізге құрмет» ою-өрнектермен безендірілген

                                 дене қимылдары флешмобы

І жүргізуші:Ассаламағалейкум, жиылған қауым!

ІІ жүргізуші:Ар ма, ағайын!

І жүргізуші: Біз бүгін елдігімізге, мемлекетіміз рәміздеріне құрмет көрсетуге жиналып отырмыз.

ІІ жүргізуші: Иә, ұлттық құндылықтарымызды, ұлттығымызды паш ететін  мектеп бастамасы  -   «Елдігімізге құрмет» ою-өрнектермен безендірілген дене қимылдары флешмобына  қош келдіңіздер!

І жүргізуші: Құрметті қонақтар, мектеп ұжымы, ата-аналар,  жақсы, игілікті істе бірлігіміз жарасып, ынтымағымыз арта берсін!

ІІ жүргізуші:  Бізге көрсеткен ықыластарыңызға  ризашылығымызды білдіре отырып, біз бастаймыз (бірге)

І жүргізуші:   Ата-бабамыздың қолөнер мұраларын білу– қазіргі заман жастарының ісі, халықтың ертедегі істері жарасымды жалғасын тапса, өнер дамыған үстіне дами береді.

ІІ жүргізуші:   Сондықтан мақсатымыз: Мемлекеттік рәміздерміз бен күнделікті өмірде көп қолданатын ою-өрнектердің мән-мағынасы мен жасалу ерекшелігін түсіну және  салауатты өмір салтын сақтау, денемізді де ұлт құндылықтарымен  сусындата білу.

І жүргізуші:  Сонау тас ғасырынан қалған таңбалы тастарда ою-өрнектер арқылы адам баласы тым ерте-ақ өз ойын суретпен жеткізуге талпынған көрінеді.

ІІ жүргізуші: Ал, біз сол ою-өрнекті дене қимылдарымен жасаймыз. Бірге жасауға дайынбыз ба?//////////////Ендеше, іске сәт. (Бір рет дене қимылдарымен көрсетеміз)

І жүргізуші:  Ою деген сөзбен өрнек деген сөздің мағынасы бір. Бұл сөздің ұғымында бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау немесе екі затты оя кесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағына жатады. Ал өрнек дегеніміз әр түрлі ою, бедер, бейненің күйдіріп, жалатып, бояп, батырып, қалыптап істеген көркемдік түрлердің, әшекейлердің ортақ атауы іспеттес. Сондықтан, ою-өрнек деп қосарланып айтылады.

ІІ жүргізуші:   Оюдың жақсы шығуы оюшының ой ұшқырлығында, шеберлігі мен оюдың ретін келтіріп үйлестіре білуінде. Ою-өрнектің қандай түрі болса да, ол – адам ойының жемісі. Ою-өрнек бір-бірімен қабысып, жымдасып, ескен арқандай бірігіп тұруы керек- біздің бүгінгі ұстанымымыз да осы -  бірге дене қимылдарымен  бірлігімізді, ынтымақтастығымызды көрсету

І жүргізуші:   Ою-өрнектер мәнін түсіндіре кетсек, қайтеді?

ІІ жүргізуші:   Дұрыс айтасың, ендеше өзің бастай ғой.

І жүргізуші:  Менің білетінім: Қошқар мүйіз– ою-өрнегі – байлық пен  

                            молшылықтың нышаны.    

                         «Қыңыр мүйіз» ненің болсын екі жағы бар, ақылға сал дегенді

                         «Сыңар мүйіз»  оң ойың, жақсылығың көп болсын деген 

                          ұғымдар                              

ІІ жүргізуші:   «Жауқазын»- бұл өрнектер «күнің ашық болсын» дегенді, ізгі       

                        «Бүркіт» - қырағылық пен бостандықты;

                        «Шаңырақ»- шаңырағың биік болсын, ынтымақ  болсын деген  ниетпен салынған.

І жүргізуші:  «Айшық» - «оңынан ай, солыңнан күн тусын» деген тілекті

                        «Кереге»  -  іргеміз бір, ынтымағымыз жарассын» деген

                        «Сырға»  - ел сәндігі мен кербездікті білдірген

ІІ жүргізуші:    Дұрыс айтасың, ал Сәукеле  - пәктік пен асқақтықты,     

                             адалдық пен ақ ниеттілікті 

                             Қармақ– олжалы бол дегенді білдірумен қатар  Қармақ 

                            өрнегінде екі-үш, кейде одан да көп тармақ ты болады, оны 

                            кейде «зәкір таңба» деп те атайды.  

                            Шимай – көбіне күнді бейнелеген, өмірің нұрлы  болсын       

                            дегеннен туған екен.

І жүргізуші:  «Самал», «Толқын» - еркіндік пен шынайылылықты, табиғат  әсемдігін бейнелейді,

ІІ жүргізуші:    Ал бүгін бұл оюлар көк туымыздың желбірегенін көрсетеді.

Бірге:  Көгімізде көк тумыз желбіресін, айбынды әнұранымыз шалықтасын,

             елтаңбамыз ел төрінде тұрақтасын.

І жүргізуші:  Ендеше, елге құрметімізді тағы бір көрсетейік.

ІІ жүргізуші:   Құрметті жиылған қауым, жиынымызды «Қара жорға» биімен  

                       аяқтайық.

Бірге:  Барлықтарыңызға алғысымыз шексіз.Көріскенше, күн жақсы дейміз.