Мәзiр:

Мемлекеттiк рәмiздер:

Бір жылда49876
Бір айда3915
Бір аптада1266
Кеше208
Тәулік212
Менің атам, әжем
27 Мамыр, 10:21

Дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебі

 

Менің атам мен әжем

                                                        Баязит Қанат 5 «А»

 

Менің атам мен әжем бар.Атамның аты Баязит, ал әжемнің аты Қалима.Мен олардың немересі болғандықтан, атаға да әжеге де,  «сіз» деп айтамын.

Менің атам мен әжем бұрын Жылы-бұлақ ауылында тұрған. Сол жерде олар көп жылдар бойы еңбек сіңірді. Содан кеиін олар танысып, өз шаңырағын кұрды. Әжем дүниеге 8 бала әкелді. Әжем «Күміс алқа» медальымен марапатталды. Менің әкем сегіз баланың ең кішісі. Сондықтан ол атаммен, әжеммен бір үйде тұрады. Мен тумай тұрғанда олар Павлодар қаласына көшіп келіпті. Мен туғаннан бері атам мен әжемнің қолында өстім. Атамның жасы 75, ал әжемнің жасы 74-те. Олар қазір зейнеткер адамдар. Атам мен әжем қарт адамдар болғаннан соң  мен - олардың қолғанатымын. Атам және әжем өздерінің жастарына қарамастан, екеуі де үй шаруашылығымен айналасады. Менің атам мен әжем қазақ тілін жақсы біледі. Кейбір кезде маған сабақ оқуға көмектеседі. Атам ағаштан әр түрлі заттар жасауды жақсы көреді, ал әжем тамақ жасауды қатты ұнатады. Олар мені еркелетіп әр түрлі аттармен атайды. Ал мен осы аттарға күліп атам мен әжемді құшақтаймын. Бірақ бір күні атам мен әжем ауырып қалды да, мен оларды жылы көрпемен  жауып, шәй әкеліп, дәрі - дәрмек  іштірдім. Олар маған «көп жаса» деп айтып, одан соң мен бөлмеме кеттім. Енді келесі күні олардың аурулары басылып мен қуандым. Енді мен атам мен әжеме «Ешқашан ауырмасын, беттерінен күлкі түспесін» деп тілеймін. Сондықтан мен оларды қатты жақсы көремін.

 

 

Менің атам

«5А» сынып оқушысы Айбек Арайлым

 

Менің атамның аты-жөні - Әлхан Амантай. Ол 57 жаста. Мінезі қаталдау, бірақ еркелеткен кезде бәрін ұмытып, тез татуласып, тіл табысасың.

Мейірімді, ақылды, балажан, әзілқой. Кейде қаталдық танытқаны болмаса немерелері мен жиендерін жақсы көреді. Біздің кішкентай кезімізде, кешке ертегі айтып беретін. Бос уақытында өлең тақпақ жазады. Демалыс күндері бізді қыдыртады. Бассейнге апарады. Елордасы Астананың көркем жерлерін бірге тамашаладық. Атаммен өткізеген әр күніміздің өзі бақыт.

«Ата – бәйтерек, бала - жапырақ» деген сөз тегін емес. Атам үйдің - төбесі, төресі, қамқоршысы. Отбасыны асыраушы. Атам алты бала баққан. Қазір солардың жемісін көріп, қуанып жатыр. Енді атам он үш немерелері мен жиендерін бағып қағуда. Жақсы тәрбие тәлім береді, асырайды. Солардың ең үлкені, ең ақылдысы, бауырларына қамқор болатын менмін. Мен атамның қолында 2 жасымнан бері өсіп келемін. Соның арқасында жылы үйде тұрып, дәмді тағамдар ішіп, керемет мектепте оқып, өсіп-өніп, азамат боп ер жеттік. Ендігі біздің парызымыз атамызға қолқанат болып, қолғабыс жасау.

Атамның қолынан келмейтін іс жоқ. Шынымды айтсам атамның тамағы маман аспаздардың тамағынан кем түспейді. Әрі еңбекқор, жинақылықты жаны сүйеді.  Атамның әр сөзі маған ақ батадай. Әрі қысқа, әрі нұсқа сөйлейді. Білімі бізден асып толып жатыр. Тілеуімді тілеген, еркелігімді көтерген, мен ауырсам – жаны ауырған, көрмей қалса сағынған атамның көңілі кең, жүрегі мейірімді, кеудесі қазына, сөзі қасиетті. Бар тәттіні аузыма тосып, бар жақсыны үстіме кигізіп, еркелетіп өсірген, қызық ертегісі мен ақыл-өсиетін құлағыма құюдан жалықпаған атамды жанымнан артық жақсы көремін. Әрқашан ортамызда осылай ұрпақтарыңның қызығына кенеліп жүре бер! Жасыңыз ұзақ болсын, ауырмаңыз! Әулетіміздің киесі, барлығымыздың ақылшымыз, шаңырағымыздың берекесін кіргізіп отырған арқа сүйер таяныш, қамқор жан өзіңізсіз. Беліңіз қайысқанша еңбек етіп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, мейіріміңізді төге жүріп күтіп-баптап өсірген ұл-қыздарыңыз өркен жайып, бүгінде бір-бір шаңырақты құрап, өсіп-өнді – қара орманға айналды. Сол үшін ұрпақтарыңыз сізге мәңгі қарыздар. Сіздің жақсылығыңыз алладан қайтсын, аташым. Не көрсе  де бізбен көрген, қуанышы мен қайғы-мұңымен бөліскен атамның орны мен үшін бөлек. Мақтансам да тек атаммен мақтанамын. Жетістікке қол жеткізсем де атамның ақ батасын алып, оның арқасында екенін айтып, алғысымды білдіремін. Жолымыз болмаған жағдайда атамның айтатын сөзі- «Ештеңе етпейді, түймедейді түйедей еткенің жарамайды, бұл бастамасы ғана, әлі жетістік пен бақыттың бәрі алда» мәңгі есте қаларлық. Осы сөздерді есіме алсам бойыма күш-қуат бітіп, еңсем көтеріліп, сенімім арта түседі. Атамның қоңыр дауысын есімнен шығармаймын. Алыс сапарға кетсе үй іші жым-жырт болып қалады. Ішіміз пысып, атамызды үй боп сағынамыз. Үйге бір жан жетіспегендей. Кей кезде артық кетіп шектен шығып атамды тыңдамаған кездерім болса оны алыс сапарға кеткенде бірақ түсінемін. Мен атамды жақсы көремін.