Мәзiр:

Мемлекеттiк рәмiздер:

Бір жылда56724
Бір айда4021
Бір аптада572
Кеше57
Тәулік1
Қимыл қозғалыстағы жануарлар
28 Мамыр, 08:34

Бейнелеу-2сынып
Сабақтың тақырыбы: Қимыл қозғалыстағы жануарлар
Сабақтың білімділігі: Жануарлардың дене мүшелерінің қозғалыстағы қалпынсала білуге үйрету.
Дамытушылық: Қарапайымнан күрделі заттарға дейін салу дағдыларын қалыптастыруға әрекет ету.
Тәрбиелілігі: жануарларды қастерлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Керекті музыка: Қазақ күйлері «Боз інгеннің бүлкілі»
Көрнекілік: Түйеніңбейнелену кезеңдері.
Керекті құралдар: гуашь, қылқалам, палитра, альбом.
Пән аралық байланыс:Тарих, әдебиет

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
3. Жаңа сабақ
4. Бейнелеу жұмысы
5. Сабақты қорытындылау

1. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, зейінін аудару.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
3. Жаңа сабаққа кіріспе сұрақ:

Анималисттік жанр дегеніміз не?

Жануарларды бейнелейтін суретшіні қалай атайды?

Қазақстан суретшілері А. ж-да елеулі шығармалар берген. Мыс., Ә.Қастеев “Бие сауу” (1936), Ә.Ысмайылов “Дала жайрандары” (1972), С. Айтбаев “Жайлаудағы түйелер” (1976) картиналарын осы жанрға жатқызуға болады.

Ал енді жануарлар жайлы жұмбақ шешейік.

 

Туа сала мұрт өсірген мырза,

Пеш түбінде жатқанына ырза (…)

Еркін самғап ұшсын деп,

Мәпелейміз баптаймыз.

Бейбітшілік құсы, - деп

Қайсы құсты мақтаймыз (…)

Кезікті бір жануар

Үстінде екі тауы бар (…)

Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар (…)

Асты тас, үсті тас

Ортасында жанды бас (…)

 

Жануарлардың үні жазылған үн таспа қосылады. Жануарларды дауысы арқылы ажыратады.

«Боз інгеннің бүлкілі» күйі тыңдалады.
Сұрақ: Қандай дыбысты естідіңдер? Күйдің шығу тарихымен таныстыру.
Ел жайлауға көшерде Сүгірде жүк артар малдан боз інген ғана болған. Ел болып «көшейік» дегенде, «Әй менің көшпей жүрген жерім емес қой, көше беріңдер» деген соң, бір - біріне қарамай, олар көшіп кетеді. Ал, көшер кезде «кедей болсаң көшіп бақ» демекші, жалғыз боз інгенге жүктері сыймайтын болады. Жарты жүгін інгенге артып, әйелі мен қыздарын жіберіп, өзі ботасын алып қалады. Содан бес күн өтті ме, он күн өтті ме, әйтеуір, тамағы таусылып, талмаусырап жатқанда, алыстан боз інгеннің ботасын іздеп келе жатқан дауысы естілген. Сонда Сүгір: «Апырай - ә, адам баласына қалай еміренсе, мына жануар да төліне сондай екен», — деп іштей толғанысқа түсіп, осы сәт есінен кетпей, бір отырғанда, «Боз інгеннің бүлкілі» деген күйін дүниеге әкеледі.

Түйе туралы кім не біледі? Пайдасы?Шұбат?Шуда?

Түйені қалай бейнелейміз?
1 слайд. « Түйені бейнелеу тәсілі» Композиция құрастыру.
Түйені бейнелеу жолдары көрсетіледі. Композицияны құрастыру әр оқушының өз қиялынан шығуы тиіс.
Мысалы: түйенің тек басы, мойынын белгілеп, айналасын дала пейзажымен толықтыруға болады.
Далалық пейзажда жылы түс басым болуы керек
5. Бұл жұмысқа екі баға қойылады:
1. Композициялық шешім
2. Түстер үйлесімділігі
Оқушылардың ұтымды шыққан композициясын бағалау және кемшіліктерге тоқталу.
Үйге тапсырма: үй жануарларын салу.