Мәзiр:

Мемлекеттiк рәмiздер:

Бір жылда49709
Бір айда3809
Бір аптада1021
Кеше280
Тәулік69
«БІР ЕЛ - БІР КІТАП» акциясы - 2015 ж.
07 Қаз, 08:44

         Қазақ әдебиетін насихаттау, тарихи-мәдени және рухани мұрамызды сақтау, жастарды отаншылдыққа, өнегелілікке тәрбиелеу, сондай-ақ, оқырмандарды әдеби-көркем кітаптарды оқуға, кітапханаға тартуға бағытталған «Бір ел – бір кітап 2015» акциясына, академик Ғарифолла Есімнің төрағалығымен өткен ұйымдастыру комитетінің отырысында оқырмандардың    ең көп дауыс жинауына байланысты, 2015 жыл кітабы  болып көрнекті жазушы Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы  таңдалынып алынған болатын.

    Осыған орай,  дарынды балаларға араналған Абай атындағы лицей- мектебінде аты әлемге әйгілі жазушы  Ілияс Есенберлиннің барлық шығармаларын қалың оқырман арасында насихаттау мақсатында «Көкжиегі кең көшпенділер» атты әдеби кеш өткізілді. Аталған мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері және де Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің практикадан өтіп жүрген студенттерінің  ұйымдастыруымен өткен шараға 7-11 сыныптар аралығындағы оқушылары  қатысты.  Біріншші кезекте Ілияс Есенберлин яғни, қазақ халқының сан ғасырғы тарихын көркем тілмен бейнелеп, қазақ елінің әдебиеті  мен мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан үздік қаламгер жайында өмірінен толық мәлімет бере отырып, бейнекөрініс көрсетілді. Жүргізушілер жарты әлемге аты мәшһүр,бүгінгі және кешегі күннің үздік туындысы - «Көшпенділер» трилогиясын комплекстік талдау арқыл оқушыларға түсіндіріп өтті, тарихымызға байланысты сұрақтар қойлып, трилогияға талдау жасалынды.Оқушылар өткізілетін шараларға белсене қатыса отырып, өз білімділіктерін көрсетті. Ұстаздар қауымы шара соңында рухани нәр, тәлімдік  тәрбие беретін баға жетпес  мәдени мұрамызды, көркем әдеби шығармаларды бірге  оқып, ой бөлісуге шақырды.