Мәзiр:

Мемлекеттiк рәмiздер:

Бір жылда49876
Бір айда3915
Бір аптада1266
Кеше208
Тәулік212
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ «ЖАС ҰЛАН» БІРЫҢҒАЙ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ҰЙЫМЫ
17 Қаз, 10:08

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ «ЖАС ҰЛАН» БІРЫҢҒАЙ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ҰЙЫМЫ

Негізгі мақсаты:

         «Жас Ұлан» ұйымының негізгі мақсаты оқушылардың қоғамдық әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.


Міндеттері:

  • мектеп оқушыларының әлеуметтік тәжірибелерін байыту және дамыту, әлеуметтік-танымдық бастамаларды жүзеге асыру;
  • мектептің тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру.



Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы мүшелерінің
АНТЫ

 

Мен, ____________________, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:

 

  • Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;
  • Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;
  • Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;
  • Ата-анамды қадірлеуге;
  • Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;
  • Білімге табандылықпен  ұмтылуға;
  • Салауатты өмір салтын ұстануға;
  • Табиғатты аялауға;
  •  «Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін.

 

Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге жәнеОтанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде

 

АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН!

 
 Ел Президенті патриоттық туралы

«Туған Отанымызды мақтаныш етумен бірге, оның мақтан тұтар ұландары болуға ұмтылу – сіздердің перзенттік парызыңыз.»

                                Н.Ә Назарбаев

 «Біздің басты құндылығымыз –Тәуелсіз Отанымыз.»

                                        Н.Ә Назарбаев 

«Туған елің дәулетті , туған жерің сәулетті  болса, сендер де әулетті, әлеуетті боласыңдар.»

                                    Н.Ә Назарбаев

 «Өз Отаның - бұл дүниедегі жәннәтің мен шуағың. Сондықтан білімдерің мен қайрат-жігерлеріңді өз елдеріңнің мүддесіне жұмсаңдар.»

                                   Н.Ә Назарбаев

 «Мен сендерге еліміздің тұғырлы ұрпағы, тамаша кәсіп иесі, адал патриоты болады деп үміт артамын. Сендерді мақтан ететіндей болайық, жас достар!»

                         Н.Ә.Назарбаев

 «Біздің ел – Қазақстан,

Болашағы – Жас Ұлан!

Отаным – менің жүрегім»