Мәзiр:

Мемлекеттiк рәмiздер:

Бір жылда49799
Бір айда3899
Бір аптада1111
Кеше280
Тәулік159
«Әдебиет сабағында оқушылардың оқу белсенділігін арттырудағы диалогтік оқытудың тиімділігі» коучинг
03 Ақп, 05:43

Коучинг тақырыбы:

 «Әдебиет сабағында оқушылардың оқу белсенділігін арттырудағы диалогтік  оқытудың тиімділігі»

Жалпы мақсаты:

 Диалогтік оқытудың  білім беру мен білім алудағы тиімді педагогикалық  тәсіл екендігін анықтап,  мұғалімдерге сабақта  пайдалануда  әдістемелік  көмек көрсету.                                                                                

Оқу нәтижелері:

 

Мұғалімдер:                                                                                             - -- оқыту мен оқып-білудегі негізгі құрал-тіл, диалог  екендігін түсінеді;                                                                           

- диалогтік оқыту негіздерімен, ерекшеліктерімен   танысып,  өзіндік түсінік қалыптастырады;   

-оқушының оқу белсенділігін  арттыратын жанды диалог екендігіне көз жеткізеді;  

- әдебиет сабағында әңгіме түрлерін  сабақ мақсатына сай тиімді қолдануға болатындығын ұғынады;                                                         

- диалогтік оқытуды бағалап, өз тәжірибелеріне енгізуге бағытталады;       

- әріптестерімен тәжірибе алмаса алады.

Түйінді идеялар:

 Тіл-оқыту мен оқып-білудегі негізгі құрал. Таным мен білім-адамдардың өзара әрекетінің нәтижесі; қарым-қатынас, диалог-өміріміздің мәні.

Жаттығулар

 Жалпы ұжымға ой қозғау үшін  түрткі сұрақтар беріп, тіл қызметі туралы талқылау.

Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл

 Түрткі сұраққа алынған жауаптар негізінде жаңа тақырыпқа шығу, жұптасып, топтасып ой қозғау.

Түйінді идеялар:

Диалогтік оқыту- оқушыларды әлеуметтеніп білімденуге бағыттап, зерттеуге  ынталандырып, қабілеттерін дамытуға бағытталған тиімді тәсіл.Өмірде ең керекті білім- қоғамда қарым-қатынас құра білу, басқа адамдармен тіл табысу.

Жаттығулар

 Бейнекөріністердегі әңгіме түрлерін анықтау.

Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл

 Постер қорғау,  топ мүшелері көріністер көрсетіп, оны әңгіме түрлеріне қарай жіктеу.

Дереккөздер:

Диалогтік оқыту  туралы таныстырылымдар, Мұғалімге арналған нұсқаулық, «Бастық пен қызметкер», «Құдай мен бойжеткен», «Екі сәбидің сөйлесуі» бейнекөріністері.                                                                     

Костюм кию (TrHW2_D4_video1)

Балмұздақ жасау (TrHW2_D4_video2)

Планшет  (TrHW2_D4_video3)

Кеңседе (TrHW2_D4_video4)                     

Жаттығулар

Түйінді сұрақтарға жауап беру, шығармашылық жұмыс орындау.

Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл

Өзін-өзі реттеуге қатысты бейнекөріністерді ерекшеліктері бойынша түрлерге жіктеу.