Мәзiр:

Мемлекеттiк рәмiздер:

Бір жылда50175
Бір айда1498
Бір аптада291
Кеше20
Тәулік33
Сәкен Сейфуллин «Ақсақ киік» өлеңі
03 Ақп, 05:58

SMART мақсат:

Мұғалім үшін:  Бір сағат аясында  С.Сейфуллиннің шығармашылығына    шолу жасау,  «Ақсақ киік» өлеңінің  мазмұнын меңгерту үшін құрылысын талдату, түсініксіз сөздермен жұмыс жасау.   Жаратылыстану пәнін байланыстыру арқылы табиғат туралы білім беріп, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік тудыру.

Күтілетін нәтижесі: С.Сейфуллин шығармашылығына шолу жасалады, «Ақсақ киік» өлеңінің  мазмұны меңгеріледі, құрылысы талданады. Оқушылардың сөздік қорларына жаңа сөздер қосылады, табиғатқа деген сүйіспеншіліктері артады.

SMART мақсат:

Оқушы үшін: Бір сағат аясында С.Сейфуллин туралы тың деректермен танысу. «Ақсақ киік» өлеңінің  мазмұнын қарасөзбен жеткізе алу, өлең құрылысын білу, түсініксіз сөздерді «Түсіндірме сөздік» арқылы танып білу, шығармашылық жұмыстарды нәтижелі жасау.

Күтілетін нәтижесі: С.Сейфуллин өмір-шығармашылығынан жаңа деректер біледі, «Ақсақ киік» өлеңінің  мазмұнын қарасөзбен жазады, өлеңнің құрылысын талдайды, сөздік қорына жаңа сөздерді қосады. Ұсынылған шығармашылық жұмыстарды атқарады.