Мәзiр:

Мемлекеттiк рәмiздер:

Бір жылда50936
Бір айда3631
Бір аптада902
Кеше111
Тәулік25
«Зияткерлік казино» ойынын
18 Мамыр, 07:57

«Зияткерлік казино» ойынын өткізу сценарийі

    Мақсаты:  көзқарастарының кеңдігін тексеру, танымдық қызығушылықтарын тәрбиелеу, зияткерлік қабілеттерін, белсенділіктерін және әуестіктерін дамыту, арттыру, ұжымды жұмылдыру, өз ойларын жеткізе алуға және жолдастарын тыңдай білуге үйрету. Ойын оқушылардың жалпы білімдеріне негізделеді. Ойын барысында оқушылар химиядан білімдерін тексере отырып, қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, қосымша ақпарат алуға мүмкіндік туады.

      Жүргізуші қатысушылардың командаларын ойын шарттарымен таныстырады.

«Зияткерлік казино» ойының ережелері

      Ханымдар мен мырзалар! Қайырлы күн, менің құрметті де ақылды оқушыларым! Сіздердерді интеллектуальды казинода қуана қарсы аламыз. Біз ойынымызды бастаймыз. Казинода кім ақылды, әділ және батыл өзінің ақылымен «ақша» таба алады. Бірақ біздің «ақша» ерекше, олар «бір ақыл» банкноттары. Естеріңде болсын! Атқандай бір ақыл жақсы, ал екі ақыл одан да жақсы... әр командаға бастапқы капитал 100 ақылдан таратылады. Ойынның барысында сіздер өздеріңнің ақылдарыңды асыруларыңа, арттыруларыңа болады, сондай-ақ барлық таланттарыңды жоғалтып, банкрот болып қалуларыңыз да мүмкін. Қазір нарық жағдайындағыдай. Ойын барысында сіздерді химияның әр саласынан 20 сұрақ күтіп тұр. Мен химияның сұрақ қойылатын бөлімін атаймын, ал сіздер өз 10-100 ақылдармен бағалайсыздар. Егер жауаптарыңыз дұрыс болса, соншама ақылға ұпайларыңыз артады. Ал егер қателессеңіздер сонша ұпай командаларыңыздан алынып тасталады. Сондықтан командамен ақылдаса отырып шешесіздер де жауаптарыңыз нақтылайсыздар. Сіздер көріп отырғандай ойынның шарты күрделі емес: мен сұрақ қоямын да және жауаптарының 3 нұсқасын беремін.Сіздер дұрыс жауапты таңдап А, В немесе С әріптерінің бірін көтерулеріңіз қажет.

Әр команданың жанында сіздердің жинаған ақылдарыңызды санайтын крупье тұрады.