Мәзiр:

Мемлекеттiк рәмiздер:

Бір жылда90940
Бір айда8122
Бір аптада1616
Кеше164
Тәулік154
«Топ жарған»
24 Қаз, 08:55

«Топ жарған»  интеллектуалдық ойыны

(3-сыныптар)

Мақсаты: Оқушылардың танымдық қабілеттерін, шығармашылықтарын, ой-қиялдарын арттыру, білімдерін жаңа ақпартпен толықтыру. Әр пәнге байланысты берілген тапсырмаларды орындату арқылы білімдерін тексеру.

1 - жүргізуші:
Кіріспе сөз:
- ...., білімді болу дегеніміз не?
2 - жүргізуші:
- .... , білімді болу - бәрінен бұрын адам болу деген сөз. Өмірдегі барлық жақсылық білімнен шығады.
1 – жүргізуші:
- Білім – сенің серігің, өмірлік жолдасың. Адам өзінің барлық керегін, ой - арманын, талап тілегін тек білім арқылы ғана қанағаттандыра алады.
2 - жүргізуші:
Уа ,жарандар, жарандар!
Мына бізге қараңдар!
Мінекей залда тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны біз де қоштаймыз,
Кешіккенді тоспаймыз.
«Білім басы бастауышта қаланар,
Білімменен әлемге жол салынар» демекші, «Топ жарған» атты сайысымызды  бастаймыз.
1 - жүргізуші :Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Еліміздің ертеңі білімді азаматтың қолында екені өздеріңізге белгілі. Бүгінгі білімді шәкірт ертеңгі ел тұтқасын ұстайтын азамат. Сол азамат бойында тапқырлықты, алғырлықты қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталады.

1-оқушы:
Кітап керек білім таңдап аларға,
Білім керек іске жақсы қарарға.
Кітап - шырақ қара түнді ашатын,
Білім - жарық нұрын саған шашатын.

2-оқушы:

Кітапты оқымайды сыйламаған,
Білімге жанын танып қинамаған.
Өсірген кімнің болсын ой - өрісін,
Сол кітап бас ақылшы күнде маған.

3-оқушы:
Анашымдай сыр шерткен,
Ақыл - білім үйреткен.
Ана тілін оқыдық,
Ерекше зор құрметпен.
Ана тілін сүйеміз,
Құрметпен бас иеміз.

4-оқушы:

Қазақ тілі пәнінен,
Білім алды балалар.
Сөйлемді, сөз таптарын,
Етістіктің шақтарын,
Жалғаулар мен жұрнақтар.
Ережесін жаттадым.

5-оқушы:

Ойланып есеп шығартып,
Төрт таңбаны білдірген.
Ғылымдардың патшасы,
Математика данасы.

1 - жүргізуші:
Көңілді біздің балалар
Ойнайды да күледі.
Оқуды да ұмытпай
Білімге көңіл бөледі.

2 - жүргізуші:

Көңілді біздің балалар,
Дос қадірін біледі.
Досқа адал сондықтан
Көмекке әркез келеді.

1 - жүргізуші:

Ақыл, сана, білім мен
(бәрі) Өнерге біз сенеміз!
2 - жүргізуші:

Арым таза, ақ көңіл
(бәрі) Адалдыққа сенеміз!
1 - жүргізуші:

Абыройлы ақ ниет,
(бәрі) Адамдыққа сенеміз!

Ән

.1 кезең

Ширату (1 мин)

І топ

1. Ұшарын жел біледі, қонарын сай біледі ( Каңбақ)

2.Ти десем тимейді, Тиме десем тиеді (ерін)

3.Көк ала костюм киеді, күннің көзін сүйеді ( қарбыз)

4.Әртістердің театрда орын көрсететін орын

5.Жалғыз өркешті түйе

6.Жолбарыс тегіне ұқсайтын үй жануары

7. «Шөл кемесі» атанған жануар

8.Орман дәрігері

9.Орманның айлакері

10.Үйде балық ұстауға болатын су айдыны

ІІ топ

1. Әкеңің әкесі - ?

2. Әкеңің анасы - ?

3. Жасы үлкен құрметті адам-?

4. Көрген – білгені мол, көп жасаған ер адам-?

5. Қартайған әйел адам-?

6. Қартайған ер адам -?

7. Күннің шығуы-?

8. Мектептегі 45 минут?

9. Шарты мен сұрағы бар кішкене әңгіме?

10. Көздің көру қасиетін жақсартатын зат?

ІІІ топ

1. Күз айларын ата.

2. Шаршының неше бұрышы бар?

3. Дөңгелектің бұрыштарын ата.

4. Жаз мезгілінің айларын ата?

5. Бір жылда неше ай бар?

6.Наурыз мерекесі қашан тойланады?

7. Ауаның қозғалысы?

8. Жердің серігі?

9. Қойдың төлі?

10. Қосылғыштардың мәні?

ІVтоп

1. Қазір жылдың нешінші айы?

2. Оның алдындағы айдың атын айт?

3. Соңынан қандай ай келеді?

4. Екі баланың біреуі солға, біреуі оңға қарап тұр. Олар бір-бірін көре ме?

5. Мемлекеттің бас қаласы?

6. Сәрсенбіден кейін  үшінші күн?

7. Заттың қимылын білдіретін сөз табы?

8. 6 мысық пен 3 тауықтың аяғы нешеу?

9. Жаңбыр жауғанда қарға қандай ағашқа қонады?

10. 1 килограмм мен 20 грамның қайсысы ауыр?

2 кезең

“Пиктограмма”(Мақалды сурет арқылы тап) (3мин) 4 мақал

1.Кітап –білім бұлағы,

Білім-өмір шырағы.

2. Оқу инемен құдық қазғандай.

3.Адам көркі шүберек,

Ағаш көркі жапырақ.

4.Көз қорқақ,

Қол батыр.

3 кезең  

 « Бізді қоршаған әлем»   (кубик рубик)

1.Оңтүстікте өсетін ағаш (пальма)

2.Қыстап қалатын кішкентай құс ( торғай)

3.Құстың үйі (ұя)

4.Құстың мұрнын қалай атайды? ( тұмсық)

5.Өзеннен өтетін жер ( көпір)

6.Көкөністер өсетін жер ( бақша)

7.Қай жәндіктен бал аламыз (ара)

8.Баспалдақ 15 басқыштан тұрады.Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу керек? (8)

 9.Қар аралас жел (боран)

10.Көбінесе ай 30 не 31 санмен аяқталады. Ал қай айда 28 деген сан бар?

11.Көліктің үйі (гараж)

12.Саған жақын тұратын адам (көрші)

13.Жер асты темір жолы (метро)

14.Аяз атаның немересінің аты ( Ақшақар)

15.Аяз атаны басқаша қалай атайды ( Санта Клаус)

16.Көру мүшесі (көз)

4 кезең

«Анықтама бере аласың ба?»

1.«Үтік бұл- ...»

2.«Бау-бақша дегеніміз-...»

3. «Жүргізуші бұл-»

4. «Оқу озаты бұл-»

5. «Кезекші бұл-»

6. «Қарындаш  бұл-»

7. «Қар бұл-»

8. «Дәстүр бұл-»

5 кезең

«Сандар әлемі»

№1 Есепті шығар.

а) 1 қорапта 4 кг өрік бар. Осындай 5 қорапта неше килограмм өрік бар?

ә) 36 килограмм кептірілген жеміс қораптардың әрқайсысына 4 килограмнан теңдей бөлініп салынды. Неше қорап қажет болды?

б) 27 мұзкәмпит 3 балаға теңдей бөлініп берілді. Балалардың әрқайсысы қанша мұзкәмпиттен алды?

в) 20 ашықхат 5 хатқалтаға теңдей бөлініп салынды. Әр хатқалтада неше ашықхат бар?

№2 Теңдеді шеш.

78 – х = 27 : 3

y ∙ 2 = 91 – 83

х+16 = 9 ∙ 6

65+х=48:8

№3

Амалдарды орында.

36 : 9 + 4 ∙ 6                              7 ∙ 5 + 32 : 8                     8 + 45 : 9 + 7 ∙ 3

(24 + 6) : 5 + 2                          67 + 29 – 5 ∙ 7                  7 ∙ (38 – 34) + 29

45 : (18 : 2) + 27                      (60 – 3 ∙ 4) – 39               90 – ( 25 + 15) : 8

(37 – 17) : (12 – 8)                  100 – (20 : 5 + 16)            22 + 5 ∙ 8 + 27 : 3

6 кезең

«Сөздер әлемі»

 

І топ

Антоним : Жарық

                   Ірі

Синоним: Сұлу

                   Батыр

Омоним:  Жаз

                    қой

 

ІІІ топ

Антоним :Жақын

                   Ыстық

Синоним:Ақылды

                   Лезде

Омоним:  Түс

 

ІІ топ

Антоним :Биік

                   Үлкен

Синоним:  Ана

                   Жұмыс

Омоним:  Жас

                    Ара

 

IV топ

Антоним : Кең

                   Сұйық

Синоним:Мөлдір

                   Биік

Омоним:  Бұрыш

 

              

7 кезең

«Танграмм  құрастыру» (берілген қима қағаздардағы фигуралардан бір зат  жасау)

 

 Көрермендермен ойын «Ұйқасын тап»

1.Суға қармақ салып,

Ұстап алдық(балық).

2.Өзі жиі дүлдүл,

Мұның аты(бұлбұл).

3.Кеше ойнап секіріп,

Медет алды (екілік).

4.Көктем шығып жайлауға

Көшті біздің шаңырақ,

Жамырасып қойнауда

Қойым жатыр(маңырап).

1.Алады деп асылымды,

Жер астына жасырынды.(кен)

2.Жазда тыныш тұрады,

Қыста маздап шырағы,

Ішкені мен жегені,

Желкесінен шығады.(пеш)

3.Секілді жырдың ұйқасы,

Жұпары жанның шипасы.(әтір)

4.Бұлбұл деп әркім мақтаған,

Аузыңды ғана сақтаған.(тіл)

5.Ызыңдап желмен қабаға,

Аумаған қобыз сарыны.(қамыс)

6.Шаттық сыйлап балаға,

Тербеледі ауада.(әткеншек)

Логикалық есептер

1.      Екі адам шахматты 2 сағат ойнады.Бір адам неше сағат ойнайды?

2.      Қос ат жегілген арба 40 шақырым жүрді.Бір ат неше шақырым жүрді

3.      4 жұмыртқа 4 минут піссе ,бір жұмыртқа неше минут піседі

4.      2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма?

Әділ қазылар алқасына сөз, марапаттау.

2 - жүргізуші:

Талпынамыз, тойлаймыз,
Талапты біз жоймаймыз.
Ұлы мақсат шыңына,
Шықпай әсте қоймаймыз.- деп,
«Топ жарған» тақырыбында өткен интеллектуалдық сайысымызды аяқтаймыз.

Келесі кездескенше!