Мәзiр:

Мемлекеттiк рәмiздер:

Бір жылда111180
Бір айда9806
Бір аптада1892
Кеше301
Тәулік44
«Сұлтанмахмұттың қоңыр күзі» атты дәстүрлі қалалық конкурсы
01 Қар, 15:57

 

28 қазан күні Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туған күніне орай  «Сұлтанмахмұттың қоңыр күзі» атты дәстүрлі қалалық конкурсы өтті.

Жарық дүниеге 27 жыл ғана қонақ болып, мәңгілік өмірін рухани мұраларымен жалғаған С. Торайғыров шығармашылығы өз кезеңінің шындық шежіресі ғана емес, бүгіннен болашаққа ұласқан қысқа ғұмырының ұзақ та мағыналы жолы, өнер сапарының өнегелі құбылысы деуге әбден болады. От болып жанып кеткен, құйрықты жұлдыздай ағып түскен тұлпар талант иесі. Сұлтанмахмұт есімі қазақтың жыр-дариясын құрайтын үлкен, асау, арналы өзенінің бірі болып қалмақ. Ол халық жүрегінен құрметті орын алады.

Жарыста 30-қа жуық үміткер бақ сынады. Олар ақынның «Қамар сұлу», «Кім жазықты?» романдарынан сахналық көрініс қойып, «Кедей», «Адасқан өмір», «Айтыс», «Таныстыру» поэмаларынан үзінді оқыды.

Мектебімізден 10 «А» сынып оқушысы Каббасова Данагүл қатысып ІІ орынға ие болды. Сыйлыққа планшет, Сұлтанмахмұттың кітаптары берілді.

Сонымен бірге барлық қатысушылар 29 қазан күні Баянауыл ауданы Торайғыр ауылдық округінде орналасқан С. Торайғыровтың кесенесіне, ауылына, мұражайына және мектебіне саяхатқа барды.