Мәзiр:

Мемлекеттiк рәмiздер:

Бір жылда111180
Бір айда9806
Бір аптада1892
Кеше301
Тәулік44
«Қазақстан біздің сүйікті Отанымыз» интеллектуалдық ойыны
28 Қар, 14:44

Тақырыбы: «Қазақстан біздің сүйікті Отанымыз» интеллектуалдық ойыны.

Мақсаты:
1. Қазақстан Республикасы туралы оқушылардың алған білімін жинақтап, одан әрі танымдылығын арттыру.

2. Оқушылардың ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту, өз ойын мәдениетті түрде жеткізе білу,

3. Туған халқына Отанына, оның тарихи тағдырына деген құрмет сезімін қалыптастыру. Патриоттық тәрбие беру.

Қатысушы: 3- сынып оқушылары.
Жүргізуші: Армысыздар, қадірменді ұстаздар, оқушылар! Армысыздар жақсы ниетпен келген ұлағатты қонақтар. Бүгінгі Мұнайлы ұлттық арнасында тамашалап отырған «Қазақстан біздің сүйікті Отанымыз» атты интеллектуалды ойынына қош келдіңіздер

Бүгінгі ойынға қатысып отырған 3- сынып оқушылары  өздерінің білімдері мен алғырлықтарын көрсетеді деп сенеміз.

Ән  «Туған елім »
Сайысымызды бастамас бұрын әділқазы алқаларымен таныстырып өтейін.
---------------------------------------
Ойынымызға өз бақтарын сынай келген 4 тобымызды таныстыра кететін болсақ
Ойын 5    айналымнан тұрады
1 - айналым:«Викториналық сұрақтар»
2 - айналым: «Полиглот»
3 - айналым: «Қай сөзді жоғалттым?»
4 - айналым: «Тарихи деректер»

5 айналым «Бәйтерек»
Әр айналым тапсырмасы сол бөлімге келгенде нақты түсіндіріліп отырады Ескерте кететін жағдай әр топ өз сұрақ тарына өздері жауап беруі керек. Басқа топтың жауаптары қабылданбайды. Егер сол топта тапсырма орындалып жатқанда, басқа топ жауап берсе, сол топтың ұпайы кемітіледі.
1 - айналымда барлық топ мүшелеріне  сұрақтар  қойылып шығады. Әр дұрыс жауапқа  1 ұпай беріледі. 1 миуттан аспау керек.

                        Сұрақтар

І топ:

1.Конституция нешінші жылы жарияланды?(30 тамыз 1995 жыл)

2.Ақмола Астана деп қай жылы аталды? (6 мамыр1998 жыл)

3.Тұңғыш Президенттің күні (1желтоқсан)

4.Тұңғыш Қазақстан ғарышкеры(Т.Аубакиров)

5. Қазақстан аумағы бойынша дүние жүзінде нешінші орын алады? (9)

6. .Қазақстанда неше облыс бар? (14)

 

ІІ топ:

1. Қазақ тілінде неше әріп бар? (42)

2. Біздің мемлекетіміздің негізгі Заңы.(Конституция )

3.Республикамызға көрші елдер.(Ресей, Қытай,Өзбекстант.б)

4. Еліміздің туының авторы? Шәкен Ниязбеков

5.Астана Қазақстандың нешінші астанасы?

6. Ұлттық тағам түрлерін атаңыз?

ІІІ топ:

1.Мемлекетіміздің елтаңбасының авторлары.

2.Қазақстанда неше облыс бар?

3.Қ.Р. тұңғыш Президенті кім?

4.Рәміздерімізді ата.

5.Туымызда не бейнеленген?

6.Қазақтың билерін ата? Әйтеке, Қазыбек, Төле би

ІҮ топ:

1.Абай Құнанбаев кім? Оның өлеңдерін ата. Қазақтың ұлы ақыны. «Ғылым таппай мақтанба», « Қыс», «Жаз»,«Күз».                                                                                                                                         

 2. Қ. Р - ның рәміздерін ата? Ту, Елтаңба, Гимн.

3. Қ. Р әнұран авторлары     Н. Назарбаев, Ж. Нәжімәдинов

4. Қазақтың ұлттық ақшасы? теңге

5. Наурыз мерекесі қашан тойланады? 22 наурызда тойланады

6. Қазақтың тұңғыш ғарышкері? Т. Әубәкіров

2-айналым «Полиглот» Берілген мақал –мәтелдерде түсіп қалған сөзді тауып оны үш тілде айту керек.

1.Отан- қуат, Отбысы-шуақ.

2.Отансыз адам,Ормансыз бұлбұл.

3. Туған жер- алтынбесік.

4. Туған жердің күні де ыстық,түні де ыстық.

5.Туған жердің  тасы да таныс.

6. Өз елім өлең төсегім.

7. Көп ел сарқылмаскөл.

8. Жеріне лайық елі туады, Еліне лайықері туады.

Ойыншыларымыз дайындалған кезде көрермендер жұмбақтар шешсін

Тілі бар, үні жоқ,

 Өзін адам түсінген.

Жүрегі бар да, қаны жоқ,

Сөйлеп тұрған ішінен  (кітап)

Аяқтарым қалтылдап,

Қос тай міндім жалтылдақ..

Шапса, жұбын жазбайды,

Бір-бірінен озбайды -

(коньки)

Шықпайды үйден,

Тоны - жібектен.

 Күндіз ұйықтайды,

Түнде дамыл таппайды.

Аңға барады, Сол аңды үйден табады

(мысық)

Басында екі таяғы бар,

 Төрт аяғы бар,

Сегіз тұяғы бар,

 Иегінде сақалы бар

(ешкі)

Жеміс-жидек жегенім

Балды жақсы көремін

(аю)

Орманда туып, жетілемін,

 Талдан талға секіремін.

 Айуан боп өскеніммен,

Тамақ жеймін қос қолыммен.

Әттең үйде тумағанмын,

 Әйтпесе ғой құдды адаммын.

(маймыл)

Үстім жолақ

 Тісім-орақ

Күшім мол-ақ,

 Барып тұрған қайсармын.

 Өзің айтшы,қайсы аңмын

(жолбарыс)

Торда 12 құс отыр. Оның 11-нен басқасы ұшып кетті? Торда қанша құс қалды?

(12, тордан құстар ұша алмайды)

Қолы жоқ сурет салады, Тісі жоқ тістеп алады. (аяз)

Таңмен көзін ашады, Әлемге нұрын шашады (күн)

3- айналым «Қай сөзді жоғалттым?» әр топ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ сөзінде берілген әріптерді қолдана отырып , сөздер  құрастыру керек. Ең көп сөз құрастырған топ жеңеді.

4-айналым «Тарихи деректер» берілген деректерді сәйкестендіру керек

 

1. 1986ж

А. Тұңғыш президент

2.  1998ж

Б. Елтаңбаның авторлары

3. 1993ж

С. Ғарышкер

4. Н.Назарбаев

Д. Қай жылы Желтоқсан оқиғалары болды?

5. Ш Уалиханов Ж. Малибеков

Е. Теңге қай жылы шықты?

6.  Т.Аубакиров

Ж.  Қай жылы Астана қаласы Қазақстанның астанасы боп жарияланды?

7 . 9

З.  Тәуелсіздік монументының биіктігі

8 . 28

И. Аумағы  бойынша Қазақстан қандай орында?

 

 5-айналым «Бәйтерек»  Әр топ берілген құралдардан Бәйтерек  құрастырады

Ән шашу қабылдаңыз

Қорытынды сөз әділқазылар алқасына беріледі.

Қорытынды