Мәзiр:

Мемлекеттiк рәмiздер:

Бір жылда49373
Бір айда4670
Бір аптада802
Кеше203
Тәулік135
«Айналайын атыңнан егеменді ел!» интеллектуалдық сайысы
10 Жел, 08:58

Интеллектуалдық сайыс жоспары

Сынып: 9 «А»

Тақырыбы: «Айналайын атыңнан егеменді ел!»

Мақсаты:Оқушының ғылыми ойын, логикалық, теориялық ойлауын дамыту.
Көрнекілігі: Қанатты сөздер, тапсырмалар, интерактивті тақтада слайд көрсетіледі.
Әдістер: сұрақ-жауап,сөз тіркесіне байланысты мақал-мәтелдер құрастыру, өз ойларын айту, видео тапсырма, жұмбақтар шешу және жауабын үш тілде жазу.

Өткізген мұғалім: сынып жетекшісі Г.З.Байбекова

 

Сайыстың барысы:

І. Ұйымдастыру.

Ойын - толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу мініп жатқанда аптығыста.
Ойын - толқын, жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.

Сайысқа қатысатын оқушылармен танысайық:

1-топ..Мейрхан, Сабина, Даулет, Ғалымжан, Дияр

2-топ..Милана, Бота, Алмас, Мадина, Айдар

3-топ..Сұлтан Зарина, Н.Абылайхан, Адия, Рамазан

4-топ..Анель, Лағыл, Алишер, Жасмина, Б.Абылайхан

5-топ..Темірлан, Жалғас, Рахат, Мұнтаза, Диана

Жұмыс жоспары:

*       Тарихи таным туралы.

*       Бағыт бойынша сұрақтарға жауап беру.

*       Үш тілді сөздер. Жұмбақ шешу.

*       Сөз тіркестерінің мағынасын ашу.

*       Кино үзіндісін көру

*       «Ойлан тап!» топ басшыларының сайысы

І бөлім
«Тарихи таным»
Ой қозғау әдісі бойынша оқушыларға алты тапсырма беріледі. Бұл сайыста оқушылардың озат ойы сыналады. (слайдта берілген түстерді таңдау арқылы әр топқа тапсырмалар ашылып отырады)
Тапсырмалыр
1. «Қорқыт Қобыз»
2. «Бәйтерек – Астана тұғыры»
3. «Мекке Мәдинеде Мұхаммед, Түркістанда Қожа Ахмет туралы»
4. «Тәуелсіздігімізге-25 жыл»
5. «Павлодар облысының тарихы туралы»
6. «Мұстафа Шоқай туралы»
                                                                                         Берілетін ұпай 10, 20, 30

ІІ бөлім
Ойшылдар отауы
Оқушылардың таным қабілеттерін байқау мақсатында, бұл бөлімде пән салаларынан сұрақтар беріледі. (әр топ бағытын таңдайды, содан кейін сәйкес сұрақтар оқылады)
1. Ең ауыр металл (осмий)
2. Әл – Фараби негізгі еңбектерін ғылымның қай саласы бойынша жазды? (философия)
3. Жігіттің қанша жұрты болады? (Үш жұрты болады: нағашы жұрты, қайын жұрты, өз жұрты)
4. Қазақ өнерінің «Қара шаңырағы» (М. Әуезов атындағы драма театр)
5. Электролиз заңын кім ашқан? (Фарадей)
6. Қазақтың тұңғыш кәсіби суретшісі (Ә. Қастеев)

7. Абай Құнанбаевтің қай қара сөзі білімге жетелейді?

8. Ең үлкен гүл (раффлезия)

9. Көкжиектің неше тұсы бар?
                                                                                Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай

 

ІІІ бөлім «Үш тілде сөйлейсіз бе?»(1 минут ішінде үлестірме қағазға жауаптарын үш тілде жазып шығады да, әділ-қазылар алқасына беріледі)

1.     Қолы менен қаламы жоқ,
Бірақ сурет салады көп. (аяз – мороз- frost)

2.     Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег- snow)

3.     Бірін-бірі қоштаған,
Бір үйден көрдім,
Қырық екі дос-жаран. (әріп – буква- letter)

4.     Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш – линейка- ruler)

5.     Қалқиып екі құлағы,
Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян – заяц- rabbit)

6.     Жолбарыстан аумайды,
Тышқандарды аулайды.(мысық – кошка-  cat )

7.     Жеп көріп ем өзім мен,
Жас шығарды көзімнен. (пияз – лук-  onion)

8.     Бұлаңдаған құйрығы,
Бір алдарлық қулығы. (түлкі – лиса-  fox)

9.     Әттең, даусым, тілім жоқ,
Құшағымда білім көп. (кітап – книга- book)

10.         Қабат-қабат қаттама,

     Ақылың болса аттама.(кітап-книга-book)

                                                                                    Әр дұрыс жауапқа 3 ұпай

ІІ. Кезең «Жүйрік болсаң шауып көр»(3 минут ішінде қағазға жазып, ауызша жауабы тыңдалады және мағынасы ашылады)

І топқа

1.

Ит

Жер

жауабы: ит өлген жер

мағ: Алыс, ұзақ қашық

Мысық

Қасқыр

Түлкі

 

2.

Аспан

Қаптырды

жауабы: жер қаптырды

мағ: алдап соқты «қап» дегізді.

Өзен

Жер

Тау

3.

Қарақұрт

Қаптады

жауабы: қарақұрттай қаптады

мағ: быжынай түсіп, топтала ұмтылды.

Шаян

Өрмекші

Қоңыз

ІІ топқа

4.

Саусақ

Сұқты

жауабы: қол сұқты мағ: талан – таражға салды, ұрлады.

Аяқ

Қол

Табан

5.

Шоқ

Қойды

жауабы: отқа қойды

мағ: көлік малын жемге, шөпке жіберді

От

Жалын

Қоламта

6.

Есек

аяң

жауабы: өгіз аяң

мағ: шабан жүріс, баяу қарқынды іс.

Сиыр

Түйе

Өгіз

ІІІ топқа

7.

Арық

Қой

жауабы: семіздікті қой көтереді

Семіз

Толық

Жуан

8.

Сөз

Мін

жауабы: сын түзелмей, мін түзелмейді.

Дыбыс

Дауыс

Сын

9.

Жуас

Жуан

жауабы: жуастан жуан шығады

Осал

Ез

Қорқақ

                                                                     ІҮ топқа

10.

Жын

Алтын

жауабы: алтын көрсе періште жолдан таяды

Шайтан

Періште

Құбыжық

11.

Әже

Қыз

жауабы: анаға қарап қыз өсер,

атаға қарап ұл өсер

Ана

Жеңге

Сіңлі

12.

Үй

Ыстық  

жауабы: Отан-оттан да ыстық

Шаңырақ

Отау

Отан

 

 

 

 

Ү топ

13.

Той

Қызық

жауабы: тойдың болғанынан боладысы қызық.

Думан

Жиналыс

Жиын

14.

Қой

Шөп

жауабы: қой аузынан шөп алмас

Жылқы

Сиыр

Түйе

15.

Сырға

Алтын  

жауабы: құлағына алтын сырға

Сақина

Алқа

Білезік

 Дұрыс жауапқа – 10 ұпай. Толық емес жауап – 5 ұпай

 

Ү кезең «Кино көрейік!»

Тақтадан тәуелсіздікке байланысты видео көрсетіледі. Үзінді көргеннен кейін өз шығармашылығын көрсетіп әр топ тәуелсіздікке, еліне, жеріне арналған 4 жол тақпақ, өлең шығару керек.

(10 ұпай беріледі)

VІ кезең «Ойлан, тап!»
(Әр топтың жетекшілері шығып тақтадан берілген «Қазақстандықтар» сөзіне бірнеше сөздер құрайды. 1 мин беріледі)
(қазақ, ас, тақ, тас, тандыр, қазы, тары, арық, ар, ата, қаз, ара, нар, атан, тана, асық, ық, ыс, Қазақстан, тарақ, сандық, сан, қатар, қақ, ат, қасық, ана, зат, атыз, сатқын т.б.)                                                      Әр сөзге 5 ұпайдан беріледі.

Жеңімпаздарды марапаттау. Қорытынды

                                           Білімнің мініп алып тұлпарына,

                                       Қиналмай шықты білім шыңдарына .

                                           Бастаған сайысымыз аяқталды

                                            Сөз кезегі әділқазы алқасына.

Бүгінгі сайысымызды қорытындылап, жеңімпаз топты анықтау үшін қазылар алқасына сөз беріледі.

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Осымен бүгінгі сайсымыз аяқталды.

Жарыс болған соң жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді.

Жарыста жеңілсек те өмірде жеңіске жете берулеріңе тілектеспін.

 

Келесі кездескенше сау болыңыздар!