Мәзiр:

Мемлекеттiк рәмiздер:

Бір жылда49799
Бір айда3899
Бір аптада1111
Кеше280
Тәулік159
«Үздік Жас Ұлан», «Үздік Жас Қыран» көшпелі Кубогі
19 Жел, 09:30

     Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай ұйымдастырылған отырған «Ұланымыз ұлы елдің!» атты мектепішілік ұзақ мерзімді жоспар қорытындысы бойынша 7 «Ә» сыныбы «Үздік Жас Ұлан» және 3 «Б» сыныбы «Үздік Жас Қыран» көшпелі Кубогіне ие болды. Әр сынып өздерінің ерекше дайындықтары мен ұйымдасқан үлгілі сынып екендіктерін дәлелдеді.  

     Сайысқа қатысқан барлық сыныптар I, II, III дәрежелі дипломдар және Алғыс хаттармен марапатталды.

     Салтанатты жиынымызға Павлодар облысы Май ауданының құрметті азаматы Малайсары Тархан қоғамдық қорының атқарушы директоры  Байгурманов Ермат Нургалиевич, мектебіміздіңұстазы, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының қатысушысы Агалиева Айгул Болатқызы және мектебіміздің мақтанышы, «Алтын белгіге» үміткер, «Оқушылар маслихатының» төрағасы Төлеуханова Жұлдызай қатысты.

    Ел абыройын ұран етіп ұстанатын айбынды да ардақты ұландарымызды мақтаныш етеміз!