Мәзiр:

Мемлекеттiк рәмiздер:

Бір жылда49876
Бір айда3915
Бір аптада1266
Кеше208
Тәулік212
"Әсем саз" домбыра үйірмесі
17 Қаз, 11:13

Ата-тегі:Талап Қайырбекұлы Апушев

Білімі:жоғары

Дипломы:Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының ұлт аспаптар бөлімі - мамыр 1993 жыл

Мамандығы:концерттік орындаушы, оқытушы, оркестр әртісі, домбырашы

Санаты:жоғары – 12.09.2009 жыл

Павлодар облыстық педагог – мамандар біліктілігін арттыру институтында 2007 жылғы 27 мамырда «Балалар мен жасөспірімдерді тұлғалық дамыту және әлеуметтендіру факторы ретінде қосымша білім беру» курсында өз білімін көтерді.

Абай атындағы дарынды балаларға арналған №10 лицейінде ән күй пәнінің ұстазы және домбыра үйірмесімен  эстрада студиясының  жетекшісі.

Домбыра үйірмесінің  мақсаты:

1.Оқушыларға күй үйретіп, оларды дұрыс ойнай білуге баулу.

Музыка әуенін өзінше талдап, тыңдай білуге үйрету.

2. Шығармашылық қабілеттерін дамыту, эстетикалық тәрбие беру, білімдерін толықтыру;

3.Интонациялық, орындаушылық ерекшеліктерін ажырата білу.

4. Көркемдік және техникалық қағидаларды сақтай отырып күйді орындау.

  1. Фразаларды жеке тартып үйрену.
  2.  Музыканы мағыналықтұрғыдан қабылдауға үйрету.

Сабақтың міндеттері:әдептілікке, адамгершіліке, тапқырлыққа,іздемпаздыққа,ұқыптылыққа,жауапкершілікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:шығарманы талдай білуге, жете түсінуге  дағдыландыру. Халық шығармаларына деген қызығушылықтарын арттыру. Сахна мәдениетін үйрету. Үйренген шығармаларын тыңдаушыға жеткізе білу.

        Үйірмеге 54 оқушы қатысады.

Репертуар:

Халық күйі «Келіншек»

Халық әні «Үкілім – ай»

Халық күйі «Тепең көк»

Құрманғазы «Балбрауын»

Райымбергенов «Секіртпе»

Дәулеткерей «Көрұғлы»

Құрманғазы «Адай»

Желдібаев «Ерке сылқым»

Тілендиев «Әлқисса»