Мәзiр:

Мемлекеттiк рәмiздер:

Бір жылда49876
Бір айда3915
Бір аптада1266
Кеше208
Тәулік212
Кітапхана туралы
19 Қаз, 08:42

 Мектеп кітапханасы – оқушылар мен ата-аналарға, мектеп ұжымына арналған мәдени және рухани орталық болып табылады. Мектеп кітапхана қорында оқулықтар, классикалық көркем әдебиеттер, мерзімді басылымдар жинақталған.

Мектеп кітапханасы – мектептің құрамды бір бөлігі. Ол оқушылардың дүниетанымын жан-жақты дамытуға көмектеседі, бағыттайды, оқу-тәрбие жұмысына белсене араласуына ықпал жасайды. Балалардың кітапқа деген сүйіспеншілігін оятып, олардың оқуға деген талғамын қанағаттандырып отырады. Кітап оқуға құштарлығы бар оқушылардың жаңа ұжымын құрайды. Жан-жақты тәрбие жұмысын мектеп педогогикалық ұжымымен біріге отырып оқырмандардың қоғамдық белсенділігін, шығармашылық дербестігін қалыптастырады. Кітапхана балалардың қоғамдық істеріне көмектесіп отырады.

Кітапхана жұмыстарының негізгі бағыттары:

 

 1.Саяси-идеологиялық  бағыттағы жұмыстар.

2.Кітапхана міндеті мен ережесін сақтау.

3.Балалардың  ынтасы мен  оқу ерекшеліктерін зерттеу жұмыстары.

4.Балаларды адамгершілікке, әдептілікке, елжандылыққа тәрбиелеу жұмыстары.

5.Эстетикалық, этикалық тәрбие негізінде сұлулық, нәзіктік жайлы және өлкетануға байланысты насихаттау.

 6.«Мәдени мұра» бағдарламасына орай арнайы жұмыстар жүргізу.

7.Әдет-ғұрып, салт-дәстүрді, тілімізді насихаттауға бағытталған жұмыстар.

8.Еліміздегі атаулы мерекелер мен шараларға байланысты жұмыстар.

9.Дене тәрбиесі мен денсаулық тәрбиесі.

10.Оқулыққа байланысты жүргізілетін жұмыстар.

11.Оқырмандарды кітапханаға тарту жұмыстары.

Кітапханадағы кітаптар саны (мектеп оқулықтарын, көркем әдебиетті, кітапшаларды, журналдарды қосқанда)  (мың экз.) – 56268

Оның ішінде мектеп оқулықтары  - 35677.

Қордың өсуі – 8358.

Жаңа буын оқулықтар саны – 26513.

Оқырмандар саны - 927.

Қазақ тіліндегі кітаптар саны – 18863

Оқырмандардағы кітаптар саны – 20454

Мектеп кітапханасы  ғимараттың 1 қабатында орналасқан.

Кітапхана ауданы (шаршы метр) – 100 ш.м

Оқу залындағы отыратын орын саны – 22

Мектеп кітапханасы ХХІ ғасыр сұраныстарына жауап береді. Бүгінгі таңда мұнда қоғамдағы кітапхананың мәртебесін көтеріп, қазіргі заманға лайықты жаңа жобалар туындап, жүзеге асырылады.