Мәзiр:

Мемлекеттiк рәмiздер:

Бір жылда56724
Бір айда4021
Бір аптада572
Кеше57
Тәулік1
Шығарма жазудың бір үлгісі
22 Қаз, 16:05

 

Шығарма жазудың бір үлгісі

«Мен жазды қалай өткіздім» - деген тақырыпты барлық сыныптарға беретініміз белгілі. Шығарманың мазмұны жас ерекшелігіне байланысты тексерілетіні шарт.

Үйге берілген шығарманы тексеру барысында жақсы жазылған жұмыспен бірге нашар жазылған шығарманы тексере тұрып, қайдан және қалай кеткен қате екенін түзетуге көңіл қоямыз.

Мүмкін шығармамыз былай басталуы керек шығар:

1.Жаз;

2.Ой;

3.Өтіп бара жатыр;

4.Қоңырау да соғылды.

Ескертемін! Күрделі ойға ұрынбауымыз керек және негізгі бөлімде берілетін ой шығарманың басында айтылмауы қажет.

Бұл жұмыстан соң келесі берілетін сөйлемдердің біреуін немесе  екеуін пайдалануға болады.

1.Сол күндерді есіңе алған кезде, еріксіз қазақ ақынының тамаша мына жолдары еске түседі...

2.Қуана еске алып, тамаша сәттерді көз алдыңнан өткізгенде мына бір ән еріксіз есіңе түседі...

3.Өзгеше өткен сол бір күндерді еске алған  кезде...

Шығарманың соңында, жазғы  жақсы күндердің соңы күзге ұласатыны сөзсіз, бірақ ешқандай өкінішсіз екенін айта кеткен дұрыс. Достарыңды, мұғалімдеріңді, мектебің туралы айтуды ұмытпа.

Жақсы шығармада  негізгі бөлімнің өзі екі бөлімнен тұрғаны жақсы.

 «Биыл мен жазды ерекше өткіздім !» - деп негізгі бөлімді бастауға  болады.

Қөпшілік балалардың жіберетін қателігі әр күнде  не болғанын тізіп жазып шығатындығы,  сондықтан ондай қателікке ұрынбайық.

Жазда не жасасаңыз да барлығын жақсылықпен ұштастырып, болашақта барлығы дұрыс болатынына сене отырып жазыңыз. Төменде берілген бір абзацпен аяқтауыңызға болады.

...сондықтан биылғы оқу жылы мен үшін өзгеше күндермен басталды.

...яғни менің болашағым үшін пайдасы болатыны сөзсіз.

...күш-жігер жинағаныма қуаныштымын.

...бұл жаздың мен үшін пайдасы аса зор болды.

... өзгеше өткен жазымның берекелі күзге ұласқакы қандай тамаша!

Оқылған мәтін бойынша шығарма жазыңыз.

Оқушының жас ерекшелігіне байланысты мәтінді мұғалім таңдап береді.

Автордың айтайын деген ( сіз үшін негізгі деп табылған) негізгі ойын баяндап жазыңыз. Тым артық мәтінге сүйену болмасын.

Автордың көзқарасымен сіз келісетін немесе келіспейтініңізді ашып айтыңыз. Өз жауабыңызды дәлелдеңіз. Дәлелдеуде өз біліміңізге яғни оқығандарыңыз бойынша, өмірден түйгеніңіз бойынша жазғаныңыз құнды болып есептеледі.(негізгі екі аргументіңіз бағаланады)

Шығарма 150-160 сөзден аспасын.

Оқылған мәтін шығарманың негізгі тірегі болуы шарт. Мәтінге сүйенбесеңіз шығармаңыз дұрыс бағаланбайды.

Мәтінді сөзбе – сөз пайдаланып, мазмұнын жазып шықсаңыз, ешқандай түсінік берілмесе шығармаңыз өте төмен бағаланатын болады.

Шығарманы өте әдемі, ұқыпты, анық жазыңыз.

                         Шерхан Мұртаза « Жүз жылдық жара»

                                      (әңгімесінен үзінді мәтін)

     Бақтияр бағында жазда бүлдірген елжіреп пісіп, пісігі өтіп кеткенде езіліп, қызғылтым жылға болып ағар еді....

      Бақтияр бағының шипалы шөптерінің шапағатын Мыңбұлақ халқы Кенжекүл кемпірден көрер еді. Кенжекүл кемпір орманнан шәйшөп, дермене күшәла, шашыратқы, адыраспан, киікоты,текесақал, қылша, көкемарал теріп, ылғи да:

                                Әккәй-ай, гәккәй-ай,

                                Когда, солдат, домой-ай,-

  деп жүргенде ешкім елемейді де, бала-шағасына тұмау, көкжөтел тиіп, дімкәстанса-ақ болды, Кенжекүл естеріне түсіп, тәуіп кемпірдің жартыкеш үйіне қарай жүгіретін....

     Қайран Бақтияр бауы... Қысы- жазы құс базар сонда. Әсіресе жаз баласы құстың салған ұясы көп пе, әлде ағаштардың жапырағы көп пе – айырып болмас ну еді. Ертеректе қаршыға, ителгі, тұрымтай ұялайды екен. Әсіресе үкі көп болады екен. Ал үкі жүрген жер киелі деседі...

    Сол соғыс Мыңбұлақ бөркінің төбесіндегі бір шоқ үкіні де үйітіп  жібереді.

Жалғыз шынар әскері түгел тып-типыл қырылған генералдай состиып, есеңгіреп тұрған. Ойрандалған орманның орны ойқы-шойқы, аш қасқыр жеп кеткен есектің қабырғасындай ырсиып-ырсиып жайрап жатты.

     Бауырларынан айырылған Байшынар енді боранды, желді күндері күңіренеді. Бұрын жан-жағында жағалай жамағайыны барда Байшынардың шуылы көпшілікпен араласып, аса дара білінбейтін Енді оның үні керең құлаққа да шалынатын болыпты. Бүкіл орман шуласа, тұтас ғасырлар әуеніндей, бір қимас қисса жырланып жатқандай құлаққа жағымды естілетін.

...Балта тиген  сансыз бұтақшалар болар-болмас сілкініп дір-дір етеді ...

        «Ұра берсе құдай да өледі» демекші, бір жерге қайырымсыз қара күшті төпей берген соң, Байшынардың бүйірінен кәдімгідей үңгір пайда болды...

 Қабасақал басына бір керемет ой келгендей түрегелді де:

-         Мен қазір...- деді.

 Шанадағы шөптің астында жатқан дорбадан бір шиша жермай алып...

...жермайды балта шапқан қуысқа түгел төкті де, отты қойып жіберіп, өзі тұра қашты.

...Баяғы Байшынар тірі, қасқайып тұр.

         Мәтіндегі негізгі проблема:

1.Табиғат пен адам арасындағы байланыс.

2.Табиғатқа адам қолымен жасалатын қастық.

 

Автор:қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі, оқу ісі меңгеруішісі Ш.Т.Жумадилова.