Мәзiр:

Мемлекеттiк рәмiздер:

Бір жылда49709
Бір айда3809
Бір аптада1021
Кеше280
Тәулік69
Әлеуметтік педагогтің қызметі
23 Қаз, 04:17

Әлеуметтік тәрбие – бұл адам- адам қатынастары желісінде жүргізілетін тәрбие, яғни тікелей адамаралық байланыстар және осы мақсатқа арнайы ұйымдастырылған қоғамдық мекемелер ( қайырымдылық қорлары, ұйымдар, бірлестіктер т. б тарапынан болатын істер. Қоғамдық тәрбие проблемаларын арнайы педагогика саласы зерттейді. Оның пәні- тұлға. Қалыптастырушы ықпал жасайтын қоршаған орта заңдылықтары. Дәлірек айтқанда, отбасы, ресми ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары. Әлеуметтік жұмыстар – адам мен адамның инабаттылық қатынастары қажеттігінен туындаған әлеуметтік іс-әрекет құбылысы. Қазіргі күнде әлеуметтік  тәжірибе жұмыстары келесі салаларға бөлінген

 Ортасы,балаларға жәрдем, денсаулық және салауатты өмір салты, білім көтеру, тәрбие түзету мәселелері.Әлеуметтік жұмыстың мамандық ретінде қалыптасуы және негізгі міндеті – бала мен жасөспірімдерге құзырлы көмек көрсету, әлеуметтік мәдени ортаны ізгілендіру, тұлғаның әлеуметтік қалыптасуына ықпал ету болып табылады.Бүгінгі мектеп психологтары мен әлеметтік педагогтардың алдында үлкен де, күрделі міндеттер тұр.Әлеуметтік педагог мектепте төмендегідей негізгі бағыттарда жұмыс жасауы қажет 1.Диагностикалық қызметі 2.Өз қызметі шеңберінде көмекті қажет ететін балаларды әлеуметтік қорғау. 3Кәмелетке толмағандардың, ата-аналардың құқықтық тәрбиесін ұйымдастыру.4.ерекше назардағы оқушылармен жұмыс. 5.Сынып жетекшілеі, медициналық қызметкерлер, ата-аналар комитетімен т.б. өзара қарым-қатынасты үйлестіру.       Өз қызметінде әлеуметтік педагог ҚР Конституциясын, бала құқығы туралы Конвенцияны,ҚР бала құқығын қорғау туралы заңын, Отбасы туралы заңын, ҚР басқа да нормативтік актілерін басшылыққа алуы қажет. 

Білім беру мекемелерінің әлеуметтік педагогтарының құжаттары мен әдістемелік әдебиеттерінің тізімі. Бала құқығы туралы Конвенция ҚР бала құқығын қорғау туралы Заңы Әлеуметтік педагогтың лауазымдық міндеттері. Әлеуметтік педагогтың жылдық және айлық жоспарлары оқушылар тізімі.

Мектепішілік бақылауда тұратын

Қорғаушылық органдарының бақылауында тұратын көп балалы бір ата-анасымен  аз қамтамасыз етілген отбасы балалары қолайсыз отбасы балалары мүгедек балалар тізімі. Патрионаттық отбасы тәрбиесіндегі балалардың жеке карточкалары. Ата-аналар үшін жадынама, әдістемелік нұсқаулар

 

Баланың әлеуметтік мәселелерін шешу және мұғалім мен оқушы арасындағы кикілжіңді реттеуге арналған әдістемелік нұсқаулар

Қала мен аудан бойынша оқушылар мен ата-аналарға арналған, олардың өзекті мәселелерін щешу жодарына көмектесетін анықтамалық ақпарат

Кіріс және шығыс құжаттары

Атқарылған жұмыстардың есебі

Әлеуметтік педагогтың негізгі міндеттері мен қызмет мазмұны

1.Әлеуметтік педагог өз қызметін үш бағытта жүргізеді

Балалар мен отбасының мүшелеріне жүргізілетін психодиагностикалық, психокоррекциялық қызмет әдістерін  негіздеп сараптайды және өңдейді.

Социумдағы әлеуметтік жағдайды зерттеп және оған болжам жасау арқылы отбасы мен балаларға әлеуметтік- педагогикалық нақты көмек формаларын және түрлерін ұсынады.

Баланың жан-жақты психологиялық дамуына жағдай жасау, оқу мен тәрбиеге теріс көзқарасты жою, салауатты өмір салтына оңды көзқарас қалыптастыру, бала тұлғасы дамуының бұзылу себептерін анықтап, алдын-ала сақтандыру шараларын жүргізу, үгіт-насихат жұмыстары арқылы педагогтар мен балалардың психологиялық, құқықтық біліктілігінің жоғары болуымен анықталады.

2.Әлеуметтік педагогтың міндеттері

Баланың жас ерекшелігінің әрбір кезеңіне байланысты жеке дамуына кешенді ықпал ету

Өзара қарым-қатынаста,оқу барысында қиындыққа ұшыраған оқушыларға әлеуметтік-педагогикалық көмек беруді қамтамасыз ету

Оқушы отбасының тәрбие жағдайын зерттеу

Баланың жеке дамуындағы ауытқушылықтың алдын-алу және болдырмау

Мектеп пен тұрғылықты мекен жайында тұлғаны қорғау, тәрбиелеу және оқу-ағартудың кешенді жүргізеді

Оқушылардың жеке психо-медициналық және педагогикалық ерекшеліктерін зерттейді

Оқушының қызығушылығын, сұранысын, мінез ауытқышылығын ,шиеленісті жағдайларын анықтап, мезгілінде көмек көрсетеді

Тәрбиеленушілердің өмірін қорғауды, қауіпсіздендіруді қамтамасыз етеді, оқушының қиындығы мен проблемаларына, тәртібіндегі ауытқулары кезеңінде тез арада әлеуметтік көмек және қолдау көрсетеді

Тұлғаның дамуы мен тәрбие проблемаларын шешуде отбасылармен серіктестік, әріптестік қарым-қатынастар орнатып, ынтымақтастықпен жұмыс жүргізеді

Әлеуметтік-педагогикалық диагностика әдістемесін анықтайды

Патрионат бойынша тұрғын үй ,зейнетақыберу,жетім балалалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған баланың мүліктік және мүліктік емес құқы бойынша жұмыс жүргізеді.

Сабақтан тыс уақытта оқушының физикалық және дарындылық талабын дамытуға жағдайлар жасайды.

Медициналық-әлеуметтік тәуекелшілдер  тобына жататын балаларды анықтайды.

Мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар мен балалар арасында қарым-қатынас орнатады.

Әлеуметтік ортадағы гуманистік, рухани- адамгершілік қатынастардың қалыптасуына ықпал етеді.

Тұлғаның қоғам өміріне тиімді кірігуіне, Отанды сүю, қоршаған табиғи ортаны аялауына және азаматтық тәрбие беру шараларына ықпал етеді.

Психологпен, мұғалімдермен, ата-аналармен немесе оларды ауыстыратын адамдармен бірлесіп, тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді.

Білім беру ұйымдарының білім бағдарламаларын құрастыруға, бекітуге, оны жүзеге асыруға қатысады және өзінің құзіреттілігі бойынша олардың орындалуына жауап береді

Әлеуметтік педагогтың құқығы

Баланың педагогикалық медициналық құжаттарын қарауға

Сабақтарға қатысып отыруға

Баланың денсаулығы мен құқығын қорғау бойынша мектеп әкімшілігінің, медициналық, педагогикалық қызметкерлерінің және қоғамдық ұйымдардың алдында көкейтесті мәселелерді қоюға

Медициналық- әлеуметтік мәселелер бойынша білім мекемелерінің эксперттік шешімдеріне араласуына

Отбасы мүшелерінің мектеп пен отбасындағы кепілдігін анықтау мәселесін (даулы жағдай( қоюға

Қажетті кезде тиісті органдарға ата-ана құқығынан айыру мәселесін ұсынуға, балалар мүддесін сотта қорғауға құқылы

 

Әлеуметтік педагогтың әрекет ету кезеңдері

1-кезең-оқушылардың әлеуметтік өмірінің шынайы болмысын зерттеу

2-кезең-зерттеу материалдарының қорытынды құжаттарына сәйкес мақсат-міндеттерді анықтайды, проблемалық жағдайға тап болған субъектілердің әлеуметтік өмірінің мүмкіндіктерін есепке алады және жұмысты жоспарлайды

3-кезең-әрбір іспен әлеуметтік-педагогикалық қызмет кезеңдеріндегі зерттеу нәтижелері мен жоспардың іске асырылу барысында жеткен жетістіктерді конструкциялау жұмысын жүзеге асырады.

Әлеуметтік педагогтың, психологтың, дәрігердің бірлескен қызметі төмендегідей:

1.Отбасына әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету

2.Балаларға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету

3.Отбасы мен балаларға дәрігерлік, психологиялық, педагогикалық кеңес беру

4.Балаларды күйзелтетін даулы мәселелерді шешуге көмектесу

5.Мінезінде ауытқушылығы бар балаларға диагностика және коррекция жасау

6.Профилактикалық шаралар ұйымдастыру

Әлеуметтік педагог пен психологтың бірлесіп шешетін проблемаларына мына мәселелерді жатқызуға болады

Оқушылардың мектепке келмеуі

Оқушы тәрбиесіндегі, мінезіндегі ауытқушылық

Баланың құрбыларымен қарым-қатынасындағы қиыншылықтар

-Мұғалім мен оқушы арасындағы дау-дамай, кикілжіңді шешуге көмек бер

-Білім алудағы қиыншылықтарды жеңуде оқушыларға көмек

-Оқушының болашақ кәсібін таңдауына көмек беру

-1-сынып оқушысын мектептік өмірге бейімдеу

-Ата-аналарға отбасындағы тәрбиені ұйымдастыруға көмектесу

-Баланың тұлғалық қалыптасуы мен дамуына көмектесу

-Ата-ана мен бала арасындағы кикілжіңді шешу

-Ата-ана мен бала арасындағы жағымды тұлғааралық қарым-қатынасты қалыптастыруға көмек беру

Әлеуметтік педагогтың отбасымен бірлесе әрекет етуін ұйымдастыруы.......

-өз балалары мен сынып оқушыларын тәрбиелеуде отбасының этнопедагогикалық мүмкіндіктерін анықтау мақсатында отбасын зерттеу

-бала тәрбиесіне байланысты отбасының адамгершілік мүмкіндіктеріне қарай отбасыларын топтарға бөлу

-әлеуметтік педагпен ата-ана бірлескен әрекетінің бағдарламасын құру

-бірлескен тәрбие қызметіндегі ағымдағы және ақырғы нәтижелерді талдау

-оқушының отбасын зерттеу әлеуметтік педагогқа баланың өмір сүру сипатын,оның көпқұрылымдығын, дәстүрін, рухани құндылықтарын, тәрбиелеу мүмкінділігін ата-ана мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты түсінуге көмектеседі.

Әлеуметтік педагог отбасымен жұмыс жүргізу барысында психологиялық-педагогикалық диагностика түрлерін пайдалана алады- бақылау, байқау, пікірлесу, тесттеу, анкета жүргізу,іскерлік ойындар өткізу,балалар шығармашылығын пайдалану.

Әлеуметтік педагог отбасымен жұмыс жүргізу барысында төмендегі ережелерді ұстануы тиіс-

1.бала мен оның ата-анасы өздерін зерттеу объектісі ретінде сезінбеуі тиіс

2.зерттеу мақсатты, жоспарлы, үздіксіз және жүйелі түрде жүргізілуі тиіс

3.зерттеу әдістері тәрбиелеу әдістерімен байланыста болуы тиіс

4.психологиялық-педагогикалық әдістер әралуан, кешенді түрде пайдалануы тиіс

 Отбасын зерттеудің психологиялық-педагогикалық диагностика түрлері

 Ата-аналармен жұмысты ең алдымен әртүрлі әдістерді қолдана отырып, отбасын мұқият зерттеуден бастау керек- бақылау,баланың үйіне бару,мінездеме жүйесі,сұхбаттасу,сауалнама,баланың шығармашылық жұмысы, т.б.Бұл әдістер бір-бірін толықтырып отырады.

Қазіргі таңда өмірбаянды талдау әдісі кеңінен қолданылуда.Отбасы туралы мағлұматты әлеуметтік педагог сауалнама арқылы алуына болады.

Сыныптағы оқушының

әлеуметтену картасы-

Оқушыныңаты-жөні –әлеумет-отбасы-қиын кезде-КЕДЕРГІ-Дос-Ересек-Таңдау

Сынып жетекшесі 1пункта көрсетілген ақпараттарды алу үшін төмендегі көрсетілген сұрақтарға оқушылардан жауап алады-

Сен үшін өміріңдегі басты нәрселер не деп ойлайсың,төмендегі сөздерден маңыздылығына қарай нөмірлеп белгілеп шық-

1.сабақ

2ауладағы ойын мен қарым-қатынас жасайтын достар

3.сенің отбасың

4.мектеп

5.үйірмелер мен секциялар.

2.Отбасы мүшелерін атап шық.

Отбасы мүшелерінің ішінде сенімен жақсы, сенімді қарым-қатынастағы адамның қасына+белгісін қойыпшық.Отбасы мүшелерінің ішінде жиі егесіп,жанжалдасып қалатын адамның қасына – белгісін қойып шық.Сені қатты ренжітіп, ұратын отбасы мүшесінің қасына * белгісін қойып шық.

3.Қиналған шақтарыңда,проблема болған кезде кімнен ақыл сұрап, көмек сұрайсыҢ Ол кім

4.Саған көбіне кедергі келтіретін не деп ойлайсың

5.Нағыз досың кім

6.Ересек адамдардың ішінен сен өз проблемаңа байланысты кімнен көмек күтесің, кім сені тыңдап, түсініп, көмектеседі

7.Сыныптағы сен құрметпен қарайтын үш досыңды атап шық.(ер бала немесе қыз бала болса да мейлі

8.Төмендегі биылғы жылы өтетін пәндердің тізімін көріп шық және олардың әрқайсысының қасына келесі баға жүйесі бойынша пәнге қатысты сандарды қойып шық

.қызықты,бірақ қиын-1

.қызықты-2

.қызықты емес,себебі түсінбеймін-3

.түсінемін,бірақ жалығып кетемін-4

.ол сабаққа бармайтын едім,егер де маған ұрыспаса-5

Басқа әдістер сияқты, бұл әлеуметтену картасы тек балалармен сенімді қарым-қатынас орнатқан,оқу-тәрбие жұмысы гуманизмге бағытталған,қызықты мектепте ғана оң нәтижесін береді.

7- сұрақтың жауабын сынып жетекшісі қысқа,кодталған түрде береді. Ал 8-сауалнаманың жауабын төмендегідей жеке 2кестеде көрсеткен дұрыс

 

 

 

 

...............................................................................................................................................

 

 

 

 

Кестедегі 8 бөлім бойынша мағлұматтар нені көрсетеді Осы бөлімдердің мазмұнына тоқталып шығайық.

1.Әлеумет бөлімі бойынша бала социумға қалай кірігіп отыр және бүгінгі күнге оған ең басты нәрсе не екені көрініп отыр.Әлеуметтік педагог үшін құнды мәселе отбасы баланың құндылық бағдарының ішінен қандай орын алатындығын білу.Бала бос уақытын қай жерде және кіммен бірге өткізетінін білу де маңызды болып табылады.

2.Отбасы бөлімі бойынша отбасы мүшелерінің ішінде кімге бала талпынады, кіммен сенімді қатынаста,ал кіммен нашар қатынаста, онымен түсінісе алмайтынын көруге болады.Сынып жетекшісі бала мәселесі бойынша кіммен сенімді қарым-қатынас орната алатынын осы кестеден көре алады.Отбасы мүшелерінің өзара қатынасы көрініп,отбасы балаға жақсы әсер ете алады ма әлде әсер ете алмайды ма деген сұраққа жауап алуға болады.

Осы кестеге сүйене отырып,ата-аналар комитетін сайлап,бала үшін беделді ата-аналар арасынан мектептің сыныптан тыс жұмыстарына көмекшілерді табуға болады.

3.Қиын кезде бөлімі бойынша, бала өзінің проблемасын шешуде кімнен көмек сұрай алады және бала үшін кім беделді екені көрінеді.

Егер де бала ешкімге сенбесе,ол өзінің проблемаларымен жеке қалатындығын байқауға болады.Баланың жас ерекшелігін,дұрыс емес шешімді қабылдап қоятындығын ескерсек,бала үшін бұл жағдайдың соңы орын толмас өкінішке әкеліп соғатындығы белгілі.Бұл бөлім сынып жетекшісі мен әлеуметтік педагогқа осы балаға қатысты қандай жұмыс жүргізуге болатындығы туралы ойлануға мүмкіндік береді.

4.Кедергі бөлімі бойынша, біз балаға ең алдымен өмірін не қиындатады,не жабырқататындығын көруге болады.Өзінің көзқарасы бойынша,өзі нені өзгерте алмайтынын байқаймыз.

5Дос бөлімі бойынша,біз оның досы кім екенін көреміз- құрдасы ересектердің бірі ме,өзінен кіші бала ма, қыз бала ма,ұл бала ма,ауладағы ортаның ішіндегі бала ма,сыныптасы ма,бірге үйірмеге қатысушы бала ма,Өкінішке орай кейбір баланың немесе жасөспірімнің нағыз досы болмайды,ол өзін жалғыз,бақытсыз сезінетін кездер де жиі кездеседі.

6.Ересек бөлімі бойынша, бала өз проблемасы бойынша кімге бара алады,кім оны түсініп,тыңдап,көмектесе алатынын көруге болады.

Әлеуметтік педагог үшін бұл бөлімнің де маңызы өте зор.Себебі,баланың тәртібінде ауытқу болған кезде,т.б кезде сынып жетекшісі,әлеуметтік педагог осы кісінің көмегіне сенуіне болады.

7.Таңдау бөлімінде сыныпта жүргізілген социометриялық сауалнаманың нәтижесі жазылады.Біз таңдаймыз,Бізді таңдайды бөлімі сыныптағы балалар оған қалай қарайды,сыныпта оған жақсы ма,сыныптағы микроклимат қандай,лидер кім,лидердің бұл балаға қатынасы қандай,бала құрдастарының арасында оқшауланып қалған жоқ па деген сұрақтарға жауап береді.

 

8.Сабақ үлгерімі бөлімінде баланың сабақтағы –мінез-құлқы, оның жұмысы,мұғалімдермен байланысы,оқу пәндеріне қатынасы,оның икемділігі мен тілегін көруге болады.Бір жағынан мұғалім сыныпта қаншалықты қызықты және беделді екендігін көруге болады.Бұл кесте сынып жетекшісі,әлеуметтік педагог үшін бала проблемасын анықтауға және шешуге үлкен мүмкіндік береді.

Әлеуметтік педагогқа сынып жетекшісі көмек сұрап келгенде олар сыныптың әлеуметтену картасын міндетті түрде ала келуі тиіс.Себебі,осы картадағы мәліметтерге сүйене отырып әлеуметтік педагог сынып жетекшісімен,психологпен кестеде көрсетілген бала үшін беделді адамдармен сұхбат жүргізеді.Осы жұмыстардан кейін әлеуметтік педагог баланың өзімен кездеседі.

 

 

 

 

Оқушының әлеуметтік портреті

1.Оқушы туралы жалпы мәлімет

-аты-жөні

-жасы,сыныбы

-отбасы туралы мәлімет

-денсаулығы туралы мәлімет

-үйірмелерге,секцияларға қатысуы

-тапсырманы орындауы

2.Жеке психологиялық ерекшеліктері

-темпераментінің басымдылығы

-өзін-өзі бағалауы

-тұлғаның бағытты таңдауы

3.Тұлғаның әлеуметтенуіне,дамуына,әлеуметтік факторлардың ықпалы-отбасы,мектеп,достары,тұрғылықты мекені(қала,ауыл

4.Тұлғаның бағытталу картасы(қарым-қатынаста,мәдени бос уақытында неге басымдық береді

5.Әлеуметтік-педагогикалық жағдайды қалыптастыру және іске асыру бойынша педагогтың жұмысы(оқушының жеке қызығушылығы мен мүмкіндігін ескере отырып жаттығу,тапсырма түрінде беріледі

Бұл құжат қарапайым болып көрінгенмен,оның мазмұны оқушының тұлғалық,негізгі әлеуметтік-психологиялық мінездемесін зерттеуге,оқушының әлеуметтік тәрбиесінің деңгейін көтеруге бағытталған нақты тәрбиелік іс-шараларды атқаруға мүмкіндік береді.

Қиын баланың тұлғалық ерекшелігін зерттеу

1.Бала туралы жалпы мәлімет

2.Денсаулық жағдайы,дене дамуының ерекшелігі,дене дамуының жасына сәйкес келуі(бойы,салмағы,көзіндегі,құлағындағы ақаулық,т.б

3.Тұлғаның бағытталуы(эгоистік,қоғамдық,іскерлік көзқарасы және сенімі,қызығушылығы,ақылы мен тәртібінің сәйкес келуі,қажеттілігі,ұмтылысы,арманы,идеалы,құндылығы

4.Өзін-өзі бағалауы(төмен,жоғары,адекватты,өзіне-өзі талап қоюшылығы,мұғалім мен достарының сынына жауабы,өзін-өзі тәрбиелеуі

5.Темпераменттің қай белгілері бала бойында көбірек көрінеді-сангвинник,холерик,флегматик,меланхолик

6.Эмоционалдық-еріктік саласының ерекшелігі.

Педагогикалық әсер етуге эмоционалдық реакциясы.Сезімнің дамуы-моральдік, интеллектуалдық,оның тереңдігі және табандылығы,эмоционалдық қозу дәрежесі,эмоционалдық күйзелуінің сыртқы көрінісі,ерік күшінің ерекшілігі, мақсат қоя білуі.

7.Мүмкіншілігі(жалпы және арнайы

8.Мінезі-оқуға,еңбекке, мінезінде қандай оң және теріс жақтары бар-белсенді,тәртіпті,жауапкершілігі мол,жеңілтек,қырсықтық,жалғандық,ересек адамдар мен өзінен кішілерге қатынасы,сыйлаушылығы,мейірімділік,дөрекілік,эгоизм,қатыгездік. Жағымсыз қылықтары бар ма-шылым шегу,жалған айту,спирттік ішімдік пайдалану,нашақорлық.

9.Тәрбиеленушінің тұлғааралық қарым-қатынасының мінездемесі

Отбасында (отбасы тәрбиесінің жағдайы,құрылымы бойынша отбасына мінездеме,материалдық қамтамасыз етілуі.Тәрбиелік мүмкіндігі,отбасындағы ересек адамдар арасындағы қарым-қатынас ерекшелігі,бала мен ересек арасында,отбасындағы бала позициясы

Сынып ұжымында(сынып ұжымына мінездеме,оқушының әлеуметтік мәртебесі,оның ұжымдағы орны-лидер,беделді,қабылданған,оқшауланған,тәрбиеленушінің сынып ұжымына қатынасы-симпатия,антипатия,өзінің ұстанымына көзқарасы

10.Әртүрлі іс-әректке араласуы-

Білім алуына қатынасы(үлгерімі,білім деңгейі,белгілі бір пәнге қызығушылығы,есте сақтау,ойлау ерекшеліктері

Еңбекке деген қатынасы(еңбек дағдыларының болуы,іскерлігі,еңбектің бір түріне қызығуы,қоғамға пайдалы еңбекке араласуы,үйдегі еңбек міндетін орындауы.белгілі бір іс-әрекетке қызығуы(секция,үйірме)

Кәсіптік бағдарлама алуы

11.Мінез-құлқында ауытқушылық болуының себептері-

Денсаулық жағдайының нормадан ауытқуы(денсаулығының,дене,жүйке жүйесінің бұзылуы,дене дамуының сәйкессіздігі,бойының дұрыс өспеуі,невроз,есте сақтауындағы,ойлауындағы кемшіліктер.

Тәрбиеленушінің тұлғааралық қарым-қатынасының бұзылуы(сынып ұжымында беделді емес,қабылданбаған,оқшауланған,бақылаусыз қалған,отбасынан аластатылған.

Мұғалімдердің қателігі(педагогикалық билікті асыра пайдалануы,баланың тұлғалық қасиетін ескермей жазалау,ұсынған талабының қайшылығы,оқушының ерекшелігі туралы білмеуі,баланың ата-анасы мен мұғалім арасындағы және бала мен мұғалім арасындағы дау-дамай және т.б

Отбасындағы тәрбие қателіктері асыра еркелету,асыра жазалау,балалық шақтағы жалғыздық,қарапайым психологиялық-педагогикалық білімінің болмауы,бала тәрбиесін мектепке аудару,дене еңбегінен баланы аластату, отбасындағы кикілжің т.б.

Әлеуметтік сеьептер(қоғамдағы,кіші ортадағы қайшылықтар.

Баланың жүйкесіне әсер ететін жағдайлар.

Тұлғаны қайта бағыттаудың мақсаты,әдісі,түрі оның жеке психологиялық,жас және жыныстық ерекшелігін,мінез-құлқы мен дамуындағы ерекшеліктерін ескере отырып анықталады.Әлеуметтік педагог әрбір тәрбиеленуші үшін оның қызығушылығын,мүмкіндігін ескере отырып жұмыс жүргізеді. Оның ересек адамдармен, достарымен қарым-қатынасын болжамдау арқылы жасөспірімді басқару қызметін анықтайды.