Мәзiр:

Бір жылда68676
Бір айда12572
Бір аптада1249
Кеше194
Тәулік28
Үш таңбалы санға көбейту және бөлу
01 Қар, 05:19

Математика

 

Өткізген мұғалім: Кенжебаева Асель Ерболқызы

Тақырып: Үш таңбалы санға көбейту және бөлу.

Мақсаты:

      1.Үш таңбалы санға көбейту, бөлуді меңгерту, есептерді шығаруға, салыстыруға дағдыландыру.

      2.Логикалық ойлау қабілетін, ауызша есептеу қабілетін дамыту, өз бетінше шешім қабылдап, қорытынды шығару, ой-пікірін білдіруін дамыту.

      3. Сыйластыққа, ізгілікке тәрбиелеу.

 

Түрі: Пысықтау.

Әдісі: Сұрақ-жауап, топпен жұмыс, деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2. Сабақтың тақырыбымен және мақсаттарымен таныстыру.

3. Қызығушылығын ояту.

   Хат келді. Кімнен келгенің анықтау үшін топтар тапсырмаларды орындайды.Тапсырманы орындауға 5 минут уақыт беріледі. Әр топта өзінің тапсырмалары.

1. Тура теңдік болатындай етіп жоқ сандарды жаз.

Ÿ: 473 = Ÿ(қалд.38)

Ÿ: Ÿ= 9046 (қалд.4)

2.Тік төртбұрыш формалы бассейннің ұзындығы15м.Ауданы 120м²осы бассейннің периметрін тап

3. Жоқ сандарды жаз.

”: 418 = 86                                        9280 : 28 = 331 (қалд.Ÿ)

”: 506 = 503 (қалд.13)                      84 729 : 912 = 92 (қалд.Ÿ)

4. Өрнекті жаз және мәнін тап.

5168 - ді  172-ге арттыр.

39000 13-тен неше есе артық?

2963-ті 100 есе арттыр.

5. Шамаларды салыстыр.

6т 31кг * 631 кг                       

702ц * 7т 2ц                              8тәул * 200 сағ

280км4м*28040м                2дм²* 2000см²

310см * 31дм                             51ц67кг*51670кг

6. Арасы 89 км екі қаладан бір мезгілде бір-бірінен қарама –қарсы бағытта екі жүк машинасы шықты. Оның біреуі 55 км/сағ, ал екіншісі 65 км/сағ жылдамдықпен жүрді. 3 сағаттан кейін бұл машиналар бірінен-бірі қандай қашықтықта болады?

Дұрыс жауп үшін суреттің бөлігі беріледі.

Суреттің бөліктері тақтаға ілінеді. Оқушылар хат кенгурудан келгенің анықтады.

Хатта «Кенгуру» сайысының тапсырмалары

 

4. Деңгейлік тапсырмалар

 

Тапсырмалар:

І деңгей.  3 ұпай

Көбейтуді орында және оны көбейткіштердің біреуіне бөлу арқылы тексер

4267*405

4823*605

Қалдықпен бөлуді орында және тексер.

29756:56

1025:127

ІІ деңгей.  4 ұпай

Жоқ сандарды жаз.

”: 172 = 89                                       

”: 603 = 204 (қалд.52)                     

 

Егер әр адам күніне 10 л су пайдаланса, 100000л су 1000 адамға қанша күнге жетер еді?

ІІІ деңгей. 5 ұпай

А + В =11

А Х В.=28

 

6,  42 , 88

4,  28, ...

7,  ..., ....

АхЕ=26

26-Н=18

Н: Е=Р

Р:Е=Е

А-?  Е-?  Н-? Р-?

Шығармашылық тапсырма:

Берілген өрнек бойынша сөз есеп құрастыр.

5. Бағалау: деңгейлік тапсырмалар бойынша.

6. Қорытындылау:

Ойын «Досына бер»

Оқушылар допты бір-біріне беріп сұраққа жауап береді.