Мәзiр:

Бір жылда68686
Бір айда12582
Бір аптада1259
Кеше194
Тәулік38
ШЫНДЫҚ АЙТЫП ҮЙРЕНЕЙІК
01 Қар, 06:23

 Өткізген мұғалім:  Кусманова Бақыт Кумаровна  

                           

 ШЫНДЫҚ АЙТЫП ҮЙРЕНЕЙІК

 

Шыншылдық жақсылыққа жетелейді.

                                                                                              Халық даналығы

Мақсаты: «Шындық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу.

Міндеттері:

  1. шындық пен өтірікті ажырата білуге үйрету;
  2. өзара адал қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
  3. шыншыл, адал болуға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: оқулық, үнтаспа және шың, от, көпір, өзен, арқан суреттері салынған плакат. 

1.Ұйымдастыру.

2.Тәрбие сағаты.Мұғалім тәрбие сағатына қатысып отырған қонақтармен таныстырып, тәрбие сағатының мақсатымен таныстыру.

1.Мұғалімнің кіріспе сөзі.

      Жақсы баланың қандай қасиеттерін білесіңдер?

- Жарайсыңдар, балалар! Өте дұрыс айтасыңдар! Жақсы бала әдепті, сыпайы, қамқор, қайырымды, жауапкершілікті болады.

      Сондай жақсы қасиеттердің бірі- шыншыл болу, өтірік айтпау.

Өзіміздің күш-жігерімізді сынап, «Шындық шыңына» шығып көрейік.

Мұғалім алдын ала плакатқа салынған биік, құзар шыңның суретін тақтаға іледі.

    -«Шындық» шыңына шығудың жұмбақ жолдары бар. Біздің міндетіміз сол жұмбақ жолдарды шешіп, шыңға шығу. Ендеше «Шындық шыңына» сапарымызды бастайық.

Ойын-тапсырма

Ойын-тапсырмада «Шындық шыңына» жету жолында кедергілерден өту үшін әр түрлі тапсырмаларды орындайды.

1-кедергі. Ребус шешу. Ребуста өзен, тіс, өрік, көз, өрмекші, балық, айдың суреттері берілген. Шешімі: «Өтірік сөз өрге баспайды». Мұғалім мақалдың мағынасын түсіндіреді.

2-кедергі.Жабық тұрған сөзлерді бір сиқыршы сиқырлап тастаған. Сол сиқырдың күшін, достарымен сыйласа білетін балалар ғана жоя алады. Олай болса біз өзіміздітексеріп көрейік.

Әр бала өз досын не үшін сыйлайтыны туралы айтып өткен сайын «сиқыр күші жойыла береді».

«Достарым көп болсын десең,

Айтпа жалған ешқашан.

Шыншыл болғын әрқашан» деген сөз шығады.

3-кедергі. Мынадай жағдаяттар беру және шешімдерін айтып талдау.

1-жағдаят.Жандостың компьютерде көп ойнап қалуына байланысты математикадан есеп шығаруға уақыты қалмады. Мұнын себебін сұраған мұғалімге Жандос «Басым қатты ауырып, есепті шығара алмадым»,-деп айтты.

    - Жандостың орнында сендер болсаңдар не айтар едіңдер?

2-жағдаят.Анар таңертең бақтағы қызыл-жасыл гүлдерді ұзақ қызықтап жүріп қалады да, сабаққа кешігіп барады. Мұнын себебін сұраған мұғалімге Анар «Мен сағат неше болғанан байқамай қалыппын»,-деп айтты.

   - Анардың орнында сендер болсаңдар,не айтар едіңдер?

3-жағдаят.Қуатты анасы дәріханадан дәрі әкелуге жұмсады. Қуат аулаға шыға салвсымен достарын кездестіріп, олармен бірге ойнап кетті.Анасының тапсырмасы үйге кіргенде есіне түсті.Ол анасына: «Дәріхана жабық тұр екен»,-деп айтты.

    - Қуаттың орнында сендер болсаңдар, не деп жауап берер едіңдер?

4-кедергі.   

Мақалды жалғастырып оқыңдар.

а) Шын - бір сөз, өтірік - ... .

ә) Сыр айтқанға сенбе, Шын айтқанға... 

б) Өтірік өрге... .

в) Бір сөзі өтіріктің ... .

г) Шындық бәрінен де ... .

        -Міне, балалар, сендердің көмектеріңмен бәріміз бірге «Шындық шыңына» да шықтық.

Қорытындылау.

 «Шыншылдық жақсылыққа жетелейді» деп халық даналығы айтқан болатын.

    - Өтірік айтып ұятқа қалғанша, шындықты айтып қатенді мойындаған дұрыс. Мұндай әрекет - адамдықтың белгісі. Халықтың «Шыншылдық жақсылыққа жетелейді» деген даналығынан, шыншыл адамның ары таза, жүзі жарқын болып, қуанышқа бөленіп, бақытқа кенелетінін түсінуге болады. Тіпті шындықты айтудың өзі адамға жақсылық жасауды білдіреді.