Мәзiр:

Бір жылда68687
Бір айда12583
Бір аптада1260
Кеше194
Тәулік39
«Көңілді тапқыштар сайысы»
01 Қар, 06:48

«Көңілді тапқыштар сайысы»

2-сынып

Математика

Өткізген: Сергазина А.А.

 

-Уа, халайық, халайық

Бәріне жар салайық

Бүгінгі кеш төрінде

Математика елінде

Математика тілінде

Есеп шешіп жарысып

Жұмбақ жасырып, аңдысып

Өнерді ортаға саламыз! 

- Шабыт шалқып тасысын

Есеппенен ән салып

Көңілді кеш жасайық

Жұмбақ шерді шашайық

Ат салысып аянбай

Бар өнерге басайық!

 

ТАНЫСУ, ӘР ТОП ӨКІЛДЕРІ ӨЗ ҰРАНДАРЫН АЙТЫП, КӨПШІЛІКПЕН ТАНЫСАДЫ.

- Асып әсте саспайық

Батыл қадам бастайық

Есепке жүйрік болып ап

Жарыстан сен қалыспа!

- Кеш қызығын, ей достар!

Осылайшы шабытпен

Кәне енді бастайық

Ортаға шық, кім дайын?! 

 

1-САЙЫС:  СҰРАҚ ЖАУАП 

1. Павлодар облысындағы өзен

2. Бір жылда неше ай бар?

3. 7 дм неше см бар?

4. Санға нөлді қосқанда не болады?

5. 2 кг мақта мен 2 кг темірдің қайсысы ауыр?

6. Қай құс ұя жасамайды?

7. Екі шеті тұйықталған түзу сызық қалай аталады?

 

1. Есту мүшесін ата

2. Қазақстандағы тау

3. Ең үлкен екі таңбалы сан

4. Зат есім сұрақтары

5. Есеп неден тұрады?

6. Абай Құнанбаевтің өлеңі

7. 6 дм неше см бар?

 

1. Аптада неше күн бар?

2. Жыл құстарын ата

3. Көру мүшесі

4. Әңгімілеу мәтініне қандай сұрақ қойылады?

5. Ең кіші екі таңбалы сан

6. Төрт қабырғасының да ұзындықтары бірдей фигура қалай аталады?

7. Нешеден нешені азайтқанда  28  шығады?

 

1. Көкжиектің тұстарын ата

2. Мәтіннің түрлері

3. Ең үлкен бір таңбалы сан

4. Жылдың неше мезгілі бар?

5. 56 шығу үшін нешеден нешені азайту керек?

6. Көмір қайдан шығады?

7. Қосмекенді жануарды ата 

- Мұнда қызық табылар

Жаңылтпаш, жұмбақ бәрі бар

Айтыс тартыс табылар

Сөзжұмбақ та сан жұмбақ

Кім жылдам шешіп танылар? 

КЕЗЕКТІ ТАМАША ӘНГЕ БЕРЕМІЗ

 

2-САЙЫС:    СӨЗЖҰМБАҚТЫ ҚАЙ ТОП ЖЫЛДАМ ШЕШЕР ЕКЕН?

 

 

м

 

 

 

 

а

 

 

 

 

 

 

т

 

 

 

 

 

е

 

 

 

 

 

 

 

 

м

 

 

 

а

 

 

 

 

 

 

 

 

т

 

 

 

 

и

 

 

 

 

 

 

 

 

к

 

 

 

 

 

 

 

 

 

а

 

 

 

900+100           10-4         56-36        80-10      10+10        20+20+20       37-30      100-80        81+9

 

3-САЙЫС: МАҚАЛ МӘТЕЛДЕР АЙТУ

Топтар кезектесіп саны бар мақалдар айтып жарысады

4-САЙЫС: МАТЕМАТИКАЛЫҚ САНАМАҚ

Өздері ойдан құрастырған әр түрлі математикалық санамақтарын назарға ұсынады

5-САЙЫС: МАТЕМАТИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕР

Аулада  он бес үйрек

Қорада  он үш үйрек

Бір үйрек тығылды

Бір үйрек жығылды

Қалғаны нешеуі?

 Мұз айдында жеті бала

Асыр сап жүр сырғарап

  Сырғанамай алты бала

Жағалауда тұр қарап

Енді осы баланың

Санын айтсаң жарадың

Көлден ұшты он жеті қаз

  Қайтып қонды сегіз қаз

Қонбады оның нешеуі

Кәне, кім тез шешеді?

      Шығармақ боп кеше есеп

   Жиналыпты он бес есек

  Үшеуі ұйықтап отырды

Ынталысы неше есек?

   Маратта бар он бес гүл

  Мұратта бар он бес гүл

Қосса осы екеуі

Болар екен неше гүл?

      Көлден ұшты он жеті қаз

     Қайтып қонды он екі қаз

 Қонбады оның нешеуі

Кім оны тез шешеді?

Табақта он үш алма

Қолымда жеті алма

    Қоссаң егер барлығын

Болар еді неше алма?

Ағашта жиырма алма

    Қандай тәтті жесе алма!

  Бесеуін де жеп қойсам

Қалады неше алма?

КӨРЕРМЕНДЕРМЕН ОЙЫН

ӘДІЛ ҚАЗЫЛАРҒА СӨЗ БЕРУ

ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ АНЫҚТАУ