Мәзiр:

Мемлекеттiк рәмiздер:

Бір жылда90940
Бір айда8122
Бір аптада1616
Кеше164
Тәулік154
Олимпиада-білім шыңы
16 Қаз, 12:11

 

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада

 

 Республикада дарынды балаларды анықтау, іріктеу және ғылыми білімге қызығушылығын арттыру мақсатында жыл сайын жалпы білім беретін 15 пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасы өткізіледі.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылдың 13 наурызынан №99 бекіткен «Жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп оқушыларының республикалық олимпиадасын өткізу» ережесі туралы бұйрығына сәйкес, олимпиада 4 кезеңде өтеді:

1)бірінші кезең – мектептік;

2) екінші кезең – аудандық (қалалық);
3) үшінші кезең – облыстық (Астана және Алматы қалалары, сондай-ақ республикалық мектептер дәрежесі облыстық олимпиадаға теңеледі);

4)төртінші кезең–республикалық.

Республикалық олимпиада жүлдегерлері қазылар алқасының шешімі бойынша I, II, III дәрежелі грамоталармен және тағыда басқа сыйлықтармен марапатталады.

Олимпиадада орын алған оқушылардың ұстаздары, ғылыми-жетекшілері, сонымен қатар, республикалық олимпиаданы өткізуде белсенділік көрсеткен жалпы білім беру мекемелерінің қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы беріледі.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес, Білім және ғылым министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломымен марапатталған республикалық олимпиадасының жеңімпаздары республиканың жоғары оқу орындарына грант алу конкурсына қатысқан сатте, көптеген жеңілдіктерге ие бола алады.

 

Қ.И. Сәтбаев атындағы халықаралық олимпиаданың ережесі

 1. Жалпы ереже

Атаулы Ереже Қ.И.Сәтбаев атындағы олимпиаданы өткізудің мақсаты мен міндеттерін және олимпиаданы өткізудің тәртібін, ұйымдастыру-әдістемелік қамтамасыздандырылуын, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді іріктеуді белгілейді.

Қ.И.Сәтбаев атындағы халықаралық олимпиада математика, физика, химия, биология пәндері бойынша, пәнаралық кешенді олимпиада болып табылады.

Олимпиада ғылымды ұйымдастырушы, өз заманының ұлы ойшылы әрі белгілі жаратылыстанушы аса көрнекті ғалым Қ.И.Сәтбаевтың құрметіне өткізіледі.

Қаныш Сәтбаев – біздің атақты жерлесіміз, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Теңдік ауылының тумасы, ғылымның әр саласынан хабары болған  энциклопедиялық білімінің ғалымы. Бұл жайлы ұлы жазушы Мұхтар Әуезов: «Қаныштың бір ерекшелігі оның химик те, биолог та, физик те,  дәрігер де, тіпті тарихшы және филологтармен олардың ғылыми тілдерінде сөйлесе білуінде болатын » деп атап айтқан.

Қазіргі кезеңде ҚР Ұлтық Ғылым Академиясында  жаратылыстану ғылымы саласындағы ірі жетістіктер үшін ғалым атындағы мемлекеттік сыйлық ақы тағайындалған, Халықаралық Қ.И.Сәтбаев қоры құрылған, ЮНЕСКО 1999 жылды – Қаныш Сәтбаев жылы деп  жариялады.

Қ.И.Сәтбаев атындағы халықаралық олимпиада зияткерлік әрекет саласында білімін ғылым жолымен жалғастыруға негіздеген дарынды оқушыларды айқындау мен қолдауды жорамалдайды.

 Олимпиаданың міндеттері:

-оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен ғылыми-зерттеушілік әрекеттерге қызығушылығын айқындау мен дамыту;

-оқушылардың негізгі ғылым саласына деген шығармашылық қызығушылықтарын дамыту;

-ұлттық білім дәрежесін көтеру;

-жастар арасында ғылыми білімді насихаттау.

 2. Олимпиаданың өткізу тәртібі мен қатысушылары

Олимпиадаға жалпы орта білім бағдарламасын меңгерген таяу шетел аймақтарының, республика аймақтарының, Павлодар облысы білім мекемелерінің 7 және 8 сынып оқушылары қатыса алады.          Олимпиаданың өткізілу мерзімі білім басқармасы бұйрығымен белгіленеді. Олимпиада екі күн өтеді. Бірінші күні – физика-математикалық бағытта, екінші күні – химия-биологиялық бағытта өтеді.

 

Халықаралық пәндік олимпиадалар

Мектеп оқушылары 20-дан астам халықаралық пәндік олимпиадаларда қатысады.

Олар:
-математика (халықаралық математикалық олимпиада, Балқан математикалық олимпиадасы, Батыс-Қытай математикалық олимпиадасы, «Математика және бағдарламалау» халықаралық математикалық конкурсы, математика пәнінен «Туймаада» халықаралық олимпиадасы, Азия-Тынықмұхит қашықтық олимпиадасы, «Жібек жолы» қашықтық математикалық олимпиадасы);

физика(физика пәнінен халықаралық олимпиада, физикадан Азиялық олимпиада, физика пәнінен «Туймаада» халықаралық олимпиадасы, «Компьютерлік физика» халықаралық турнирі);

информатика(информатика пәнінен халықаралық олимпиада, информатика пәнінен «Туймаада» халықаралық олимпиадасы);

химия(химия пәнінен халықаралық олимпиада, химия пәнінен Менделеев олимпиадасы, химия пәнінен «Туймаада» халықаралық олимпиадасы);
биология (биология пәнінен халықаралық олимпиада).


Халықаралық ғылыми олимпиадалар


Қазақстан 2000 жылдан бері Дүниежүзі техника және ғылым көрмесінің мүшесі болып табылады. Содан бері Қазақстанның жас зерттеушілері 30-дан астам ғылыми-жұмыстарын Көрмеде таныстырды.


Сонымен қатар, Қазақстан оқушылар командалары жартылыстану-математика, гуманитарлық, лингвистикалық және т.б. бағыттарда бірнеше халықаралық ғылыми олимпиадаларда қатысады.