Мәзiр:

Мемлекеттiк рәмiздер:

Бір жылда49799
Бір айда3899
Бір аптада1111
Кеше280
Тәулік159
Келіңдер, кітап оқиық!
03 Қаң, 05:26

1-сынып оқушыларының қысқы демалыс кезінде орындайтын тапсырмалары:

1.Тұрдақын Жексенбайдың «Әліппе әңгімелері» кітабын оқу.

83-87-беттегі «Бозторғай» әңгімесін оқып, мазмұнын айту;

2.88-95 беттегі «Лақ пен бұлақ» әңгімесін оқып, мазмұнын білу және мына төмендегі сұрақтарға жауаптарды жатқа білу керек:

-          Бастау деген не?

-          Жер астына су қайдан келеді?

-          Бұлт неден пайда болады?

-          Бу қайдан шығады?

-          Өзен-көл, теңіз-мұхит неге буланады?

-          Бұлттардан жауын-шашын қалай жауады?

-          Жауын-шашын суы қайда кетеді?

 

3. Мемлекеттік рәміздерді жаттап ал:

Қазақстан  Республикасының Мемлекеттік туы.

Қазақстан Республикасының Туының авторы– суретші Шәкен Ниязбек.

Тудың көгілдір түсі ашық аспан мен тыныштық белгісін көрсетеді.

Тудың ортасында бейнеленген күн – өмір сүрудің белгісі. Күн сәулесінің жылуы Жер бетіндегі  бүкіл тіршілік атаулыға ортақ.

Қазақ  халқы сонау ерте заманнан бері қыранды киелі, қасиетті құс деп есептеген. Тудан қыранның орын алуы «егемендік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын, ғұмыры ұзақ болсын» – деген ұғымды білдіреді.

Ою –өрнек  адамды залым күштерден сақтап, қорғайды деп есептеген.

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы

Елтаңбаның авторлары-  Жандарбек Мәлібеков пен Шота-Аман Уәлиханов.

Ежелгі бабаларымыз шаңырақты құрметтеген. Шаңырақ бейнесі Қазақстан біздің ортақ үйіміз деген мағынаны білдіреді. Күн сәулесі өмір мен жылулықтың көзі, барлық халықтардың достығын білдіреді.

Тұлпар – дала дүлділі, ер-азаматтың сәйгүлігі, желдей ескен жүйрік аты. Тәуелсіздікке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесі.

Бидай сабақтары тоқшылықты, молшылықты білдіреді.

Бес  бұрышты  жұлдыз – бейбітшілік, достық пен мәңгіліктің белгісі.

Елтаңбаның  төменгі  жағында  «Қазақстан»  деген  жазу  бар.

 

Әнұранның авторы - Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекен Нәжімеденов.

Әнін жазған- Шәмші Қалдаяқов

 

2-сынып

1.Ы.Алтынсарин  «Асан мен Үсен» оқу, мазмұндау

2. «Алтын сақа» ертегісін оқу, әңгімелеу

3. Жыл мезгілдеріне арналған А. Құнанбаевтың 4 өлеңін жатқа мәнерлеп оқу

 

3-сынып

1. М. Әуезов  «Көксерек» - толық оқу

2. Б. Соқпақбаев«Менің атым Қожа» толық оқу

3. «Алтын балта» - ертегісі

 

4-сынып

1. Абай №19 қара сөз түсініп оқу, жаттау

2. М. Әуезов«Көксерек» толық оқу

3. Б. Соқпақбаев «Балалық шаққа саяхат» повесінен «Менің әкем» әңгімесін оқу

 

5-сынып

1. Сапарғали Бегалин«Бала Шоқан» толық оқу

2. Ғ.Мүсірепов «Өлімді жеңген ана» әңгімесі

3. «Алпамыс батыр» жырын оқып, үзінді жаттау

 

6-сынып

1. М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» толық оқу.

2. Ш.Мұртаза «Қызыл жебе» І кітап.

3. Абайдың  37 қара сөзінен үзінді жаттау.

 

7-сынып

1. І.Жансүгіров  «Құлагер» поэмасын толық оқып, үзінді жаттау

2. Қалмақан Әбдіқадыров «Қажымұқан» толық біліп келу

3.С.Торайғыров «Қамар сұлу» толық оқу

 

8-сынып

1.Мұхтар Әуезов: «Абай жолы»  І-ІІ том

2. Мұхтар Әуезов «Еңлік-Кебек» оқып, талдап келу

3. Дулат Исабеков «Әпке» оқып, үзінді жаттау.

 

9-сынып

1.Абай: «Масғұт» поэмасы

2. Ғабит Мүсірепов «Ұлпан» романы

3. С.Торайғыров «Қамар сұлу»

 

10-сынып

1. Ж.Аймауытов «Ақбілек» романы

2. Абайдың қара сөздерін толық оқу

3. С.Жүнісов «Ақан сері» толық оқу

 

11-сынып

1. Ілияс Жансүгіров «Құлагер» поэмасы

2. Мұхтар Әуезов «Абай жолы» романы

3. Ғабит Мүсірепов «Қазақ солдаты» романы