Мәзiр:

Мемлекеттiк рәмiздер:

Бір жылда49709
Бір айда3809
Бір аптада1021
Кеше280
Тәулік69
«Наурыз, қош келдің!» кеші
02 Сәу, 02:46

 

Наурызға арналған сценарий

Тақырыбы:«Наурыз, қош келдің!»

Мақсаты:Қазақ халқының ұлы мерекесін тойлау, оқушылардың патриоттық сезімдерін ояту.

Күні:18 наурыз 2013 жыл

Өткізген 5 «Ә» сынып жетекшісі Байбекова Г.З

Орны: №8 балалар кітапханасы
 

Жоспар
1. Жүргізушінің кіріспе сөзі. Барлығы шығып «Наурыз мейрамына» арналған тақпақтарын оқиды.

2. Оқушылар «Керім-ау айдай» әнін айтады

3. Сұрақтартарға жауап берейік

1.     Қазақтың салт-дәстүрлерін атау

2.     Қазақтың ұлттық киімдері

3.     Қазақтың ұлттық тағамдары

4.     Мақал-мәтелдер жарысы

5.     Ұлттық ойындарды атап өту

4. Тәрбие дәстүрі туралы

5. «Маусымжан» әнін айтады.

Жүргізуші:-Сәлеметсіздер ме? Құрметті оқушылар және қонақтар. Бүгінгі күн Наурыз мейрамы.
Наурыз – ежелденкележатқанмейрам. Бұлкүні – аспанденелеріөздерініңеңбастапқынүктелерінекеліп, күн мен түнтеңеліп, жан-жануарлартөлдеп, адамзатбаласыныңаузыаққатиетін, жерүстінешаттық пен бейбітшілікорнағанкүн.
Ұлыстыңұлыкүніндеәрбіржүреккеүкілегенүмітотымаздап, бақытесігіашылғандайболып, «ауруларайығамын, аштартойынамын, лыпасыздаркиінемін» депкелешеккесенімменқараған. Себебі, күн мен түнтеңелгенде, жаңа ай толықсыптолғанда, тұрмыс пен табиғатжаңарғандажержүзіжайнап, көкқұткөзін (өсімдік) ашқан. Жербетінежақсылықұялағанда, ұзақ пен жылқышыторғай (Нәуірзек) ұшыпкелген, жылжергетүскен, Жер-анатоңкеудесіжібіп, тасемшегіиіген, Самарқанныңкөктасыеріген. Түнгідаланыадамдарғабақ-дәулетдарытатынҚызыр АТА аралаған.

Оразбай Мирас

Ұлыс күні

Мақсұт Неталиев

Су жылтырапбүршікашқанжасталдан,

Бубұрқырапқатыпқалғантастардан.

Күнкүркіреп, жасынойнапаспаннан,

Бар тіршілікНаурызданбасталған!

Ел де тыныш!

Жер де тыныш – бұлкүні,

Көреміз тек қуаныш пен күлкіні.

Табысқанжұрттаныстауыпжатады,

Жамалғандайжүректердіңжыртығы!


Сафтыйылып Сарыарқаның бораны,

Күн өрлейді күмбезінен жоғары.

Наурыздың жиырма екісі толғанда,

Тоғысады тоғыз жолдың торабы...


Жылғалардан су аққанда сырғанап,

Шаң-тозаңнан тазарады нұрлы алап.

Толтырады шаңырақтың шаттығын –

Наурызбай, Ұлысжандар – іңгәлап?!


Жалғасады жақсылықтар – «Иә, сәт!»

Қарлығаштар үй сыртына ұя сап –

Жүрсе,Бақытқонатынынхабарлап,

Бұлт көшеді ақ жаңбырын құя сап!

Жат боп бұрын бастары ешбір қосылмай,

Жүрген жандар таныс тапса – досындай.

Ол – осынау Наурыздың арқасы! –

«Ұлыс күннің» шапағаты осындай!

******

Шәкәрім Құдайберді ұлы

Ұлыстың ұлы күнінде,

Бай шығады балбырап.

Қасында жас жеткіншек,

Тұлымшағы салбырап.

Келіншек шығар керіліп,

Сәукелесісаудырап.

Қыз шығады қылмиып,

Екікөзіжаудырап.

Бозбала шығар бұрқырап,

Ақбөкендей сырқырап.

Құл құтылар құрықтан,

Күң құтыларсырықтан.

Кетікыдыс, шөміштің,

Түтіні шығар бұрқырап.

Қадыр Темірлан                                                                                         

Наурыз

Б.Тұсын қызы

Наурыз менің елімнің берекесі,

Жаңа жылы қазақтың мерекесі.

Шаңырағы биіктеп күнге жақын,

Ұлаңғайыр керілсін керегесі.


Қымбат білген адамға сөз өнері,

Бұрқ-сарқ етіп қайнасын көжелері.

Жаңа жылда елімнің көркі өсіп,

Гүлге толсын көгеріп көшелері.


Шат күлкіге шомылып замандары,

Бақыт кешсін ғайыптан адамдары.

Әрбір жанның арманы орындалып,

Сәтті болсын биылғы қадамдары.


Ел-жұртымның тілеуін тілесейік,

Жаңа жылда қалайық бір есейіп.

Омарова Камила

Наурызым

Ибрагим Исаев


Ақбоз үйді үлпілдеткен,

Боз даланы бүлкілдеткен.

Қуанышты күлкің – көктем,

Әсем едің, шіркін, неткен,

Наурызым!


Құлпырады сәнді бақтар,

Жұлқынады арғымақтар.

Сылқылдайды бал бұлақтар,

Мерекемсің мәңгі мақтар,

Наурызым!


Жарқыраттың шығыс Күнін,

Бар адамдар туыс бүгін.

Тілеп елдің тыныштығын,

Жүректерде жүр ұшқының,

Наурызым!


Аңсап жүрсең осы күнді,

Ашып таста есігіңді.

Болайықшы кешірімді,

Ән тербетсін бесігіңді,

Наурызым!


Бұл әлем қалғығандай,

Ұшты көкке ән қырандай.

Наурыз көже дәмді балдай,

Сенің көшің сәнді қандай,

Наурызым!


Аталардың – Қара Нардың,

Ақ жаулықты Аналардың.

Бас иетін саған әр күн,

Ақ батасын ала барғын,

Наурызым!


Ғашықтардың түр-түсінде,

Сәбилердің күлкісінде.

Ел үшін де, жұрт үшін де,

Қара Жерге кір түсірме,

Наурызым!

******

Оңғар Рамазан

Науан Наурыз, армысың!

Сағынғали Сейітов

Наурыз келді, көктем келді ағайын,

Жадырайды, жаңғырады маңайым.

Назды, сазды науан Наурыз, армысың?

Сұлу мүсін саған біткен бар мүсін.


Қайнарындай қалың қуат, қайраттың,

Сен келдің де ғаламшарды жайнаттың.

Тіршілікке тіл бітіріп өзгеше,

Дүниенің бұлбұлдарын сайраттың.

Кульбаев Абылайхан

Наурыз

Аударған Дүйсенбек Қанатбаев


Жеткен кезде наурызымыз жапан біткен жаңғырар,

Тұман орнап, тау басын аспан үрпі салбырар.

Жансыздарға жан бітіп, әуен билеп маңды бар,

Жер көгеріп, шөп қаулап, мерейін бір қандырар.

Күнге тосып арқасын жан-жануар албырар,

Аунап-қунап барлығы жерге түгін қалдырар.

Келе сала наурызым жоқ нәрсені бар қылар!


Жапан шөлін қандырып, нұр тарайды қуысқа,

Тақырларда қақ тұрып, су толады ыдысқа.

Қозғалғанның бәрі де бірі шебер, бірі ұста,

Бұлбұл салса әніне, илеу салды құмырсқа.

Өз дауысын біреуі естіртуге тырысса,

Тумай жатып біреуі шығар сынды ұрысқа,

Келе сала наурызым өмір заңын жар қылар.

Каирбеков Айдар

Бар тіршілік осылай жатқан кезде жаңғырып,

Мен отырмын оңаша, көңіл жүдеп, әл құрып.

Ақиқатқа табынған өмір сүрер мәңгілік,

Махаббаттан ада жан – қалар түбі қаңғырып.

Көктем баста тұрғанда бәрі де бір әңгүдік,

Ертең көктем кеткен соң қаламыз ба санды ұрып,

Келе сала наурызым тәттіні де зәр қылар.


Мақтұмқұлы, мұқалма, бұл фәнидің мақамы,

Бәрі-бәрі баянсыз, сол жаныма батады.

Көншімейді көңілім, көкірегім қапалы,

Таусылғанмен төзімім, сөзім болғай опалы.

Қолды жайып, телміріп кімге берем батаны,

Аман болсын кейінгі, аман болсын Отаны,

Келген наурызым адам басын даң қылар.

 Сүлеймен Еркежан

Наурыз сыйы тыныштық

Әли Ысқақбай


Жадырап күннің жанары,

Бетті өпсе жылы самалы.

Сай-сайға ақса жылғалар,

Бұл Наурыз хабары.


Ашылып аспан шүмегі,

Жауынмен құм да түледі.

Көкмайса жұмсақ құлпырған,

Бұл Наурыз кілемі.


Бусанып тарғыл атырап,

Нәрленіп торғын топырақ.

Жауқазын өссе күнеске,

Бұл Наурыз – жапырақ.


Көз тігіп Күнге барлығы,

Бүршігін жарса әр гүлі.

Халыққа бақыт тілеген,

Бұл Наурыздың жарлығы.


Бөктіріп көктем жаңбыры,

Тіріліп шөптің тамыры.

Бүрленсе жусан бұрқырап,

Бұл Наурыздың таң нұры.


Қауымға қалың дүр болған,

Шаттыққа бөлер жыр болған.

Шапағат төккен мейірлі,

Бұл Наурыз ғой нұр болған.


Себелеп жаңбыр жауып тұр,

Емшегін бұлттың сауып тұр.

Жақсылық нәрін мол сепкен,

Бұл Наурыз сауық-жыр.


Тілегін айтып ұнаған,

Арылса туыс күнәдан.

Көңілде күдік қалдырмас,

Бұл Наурыз – шын адам.


Тұқымын сеуіп ырыс-құт,

Дем алса диқан тыныс қып.

Тірлік пен байлық бастауы,

Наурыз сыйы тыныштық.


Тәуелсіз елдің адамы,

Бейбіт күн берік қамалы.

Құт болсын дейік ағайын,

Жаңа күн Наурыз қадамы.

Зекен Ғалымжан

Жасыл нұрға бөленіп төңірегім

Марфуға Бектемирова


Қырға көшіп келеді елім менің,

Малын жайып, салатын төріне егін.

Наурыз туып, жан бітті дүниеге,

Жасыл нұрға малынып төңірегім.


Түйе өткен жұп-жұмсақ жерді басам,

Бақыт құсым кеудеме қондың қашан?

Сүйіп тұрып Наурыздың атқан таңын,

Қуаныштан көңілім болды масаң.


Ән айтамын ақырын тұнық таңда,

Қазақ қызы ән-жырын ұмытқан ба?

Көңіл шіркін қарлығаш ұшып шыққан,

Жатқандай бір қапаста, құлыптауда.


Елең қылмай, сап-салқын түн ызғарын,

Тыңдап тұрмын құстардың сыбызғы әнін.

Ерте көктем жұтқызар жұпар ауа,

Таңдайыма әкелді қымыз дәмін.


Кеш оралған көктемнің ерке құсы,

Осы екен ғой көктемнің еркелісі.

Осы екен ғой атамның аманаты,

Осы екен ғой әжемнің ертегісі.


Шолпы тақты алтын күн қайыңға әсем,

Ән айтады бұлақтар, уайым бәсең.

Тек асығып барасың, алтын айым,

Не айтасың ақын қыз жайында сен?

*****

Молшылық, мейір маңайым 

Мейірбек Ақынбеков 

Келдің бе наурыз – жыл басы,

Бар құтын жиып өлкенің.

Халқың сенің сырласың,

Өзіңнен өрбір көркем үн.


Туған жер жұпар тұр аңқып,

Гүл шашып жатыр бар аймақ.

Атады елді қуантып,

Көктемнің таңы арайлап.



«Селт еткізер», «Ұйқыашар» -

Ұнатқан түгел қыз, жігіт.

Өргізіп малды, сырды ашар,

Ауылдан шетте үздігіп.


Келісіп қызық ойынға,

Келеді ән-жыр айтысқа.

Өрмелеп баған бойына,

Жарысқа, арқан тартысқа.


Жастарды көріп жасарып,

Береді қарттар ақ бата.

Тілекпен игі жасанып,

Былай да берік салтқа ата:


«Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын,

Қайда барсаң жол болсын.

Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын,

Ұлыс береке берсін,

Бәле-жала жерге енсін.

Әумин!»


Қуанып сол сәт батаға,

Бастайды ел наурыз шаттығын.

Риза боп үлкен атаға,

Сөйлер ел баспай аптығын.


«Ұлыс күні қазан толса,

Ол жылы ақ мол болар.

Ұлы кісіден бата алса,

Сонда олжалы жол болар».


Сәлем қып келін күнге Ұлы,

Бұлаққа ақ пен май құяр.

- Ашыл, - деп, - байлық түндігі,

Өзің, - дер, - Наурыз жайды ұғар!


Басталар елдің дәстүрі,

Өзге іс түгіл тежелер.

Басталар тамақ тасқыны,

Бұрқырап наурыз көжелер.


Басталар сыр боп мына елге,

Бабалар салған мереке.

Жайғасып қалы кілемге,

Елменен енер береке.


Байқадым бұл күн – дүбірлі,

Молшылық, мейір маңайым.

Басты ұран тойда бүгінгі –

Береке, бірлік, ағайын!

 Айгожина Дина

Наурыз

Несібелі Иманқызы

Қош келдің, Наурызым төрлет бері,

Қыр төсін жауқазындай өрнектеді.

Тіршілік тамырына нәр жүгіріп,

Жадырады адамдардың келбеттері.


Наурыз, жыл он екі ай елдің жүгін,

Арқалап арамызға келдің бүгін.

Дамытып бейбіт елдің еркіндігін,

Жайлауын жарастырдың елдігімнің.


Какенова Диана
Наурыз түріп тастап жер түндігін,

Айығып ақ күмістей серпілді күн.

Сұлудай сылаңдаған мөлдір сулар,

Жылғамен ағып жатыр еркін бүгін.



Халқымыз қастерлеген ежелден-ақ,

Келе бер аттың басын тежемей-ақ.

Наурыз көжемізден қанып ішкін,

Ұлыстың ұлы күні тұрма қарап.


Шуағы жер әлімді жандандырып,

Өріске барады өріп алуан түлік.

Дән сеуіп молшылықты жасаймын деп,

Барады диқан жігіт таңнан тұрып.


Бақыттың тігілген соң көк байрағы,

Шарықтап көңіл құсым көкте ойнады.

Нақышын Наурыздың арқау етіп,

Жырларын ақындар да төкті ойдағы.

Кайырханова Камила

Музафар Әлімбаев


Сен ортақ дастарқансың бәрімізге,

Татырған сары уыздың нәрін бізге.

Наурыз, сен көктемдегі үмітіміз,

Жарылқар берекеміз сары күзде.


Наурыз – ол емес әсте дырду-думан,

Киік емес қиқулап бір күн туған.

Ол – қыздың кісілікпен көшеленіп,

Рухани есеюі ұлдың туған.

Наурыз – ол ұсақтықтан арылуың,

Халықтың бірлігінің мығымдығы.

Күдіктің безбеніне тартылмайтын,

Қазақи Ата дәстүр Ұлылығы.

 Нуртазина Аружан

Кел, Наурызым!

Орынбек Жолдыбай

Кел, наурызым, шық төріме думандат,

Жұрт қарасын бейнетіңе қайран қап.

Табиғаттың тұмса шағы тамсантып,

Халқым да бір жадырасын сайрандап.



Кел, наурызым, самалыңмен еркелет,

Қырға шығар, жамағатты жетелет.

Бала біткен болып жүр ғой мәз-мәйрам,

Наурыз келген, көктем келген екен деп.



Кел, наурызым, берекелі жыл басым,

Мәңгілікке замананың құрдасы.

Жылда мені қуанышқа бөлейсің,

Ғасырлардың және менің сырласым.



Кел, наурызым, бұла күшім, балғыным,

Сен келгенде қашар менен қайғы-мұң.

Құдіретің бар жаңғыратын ғаламда,

Сондықтан да асқақ сенің айбының.


Кел, наурызым, көргенің көп көнесің,

Жия алмаған кездер болды ел есін.

Бұқпантайлап қарсы алатын өзіңді,

Кездер болды, ұмытпайсың, білесің.


Кел, наурызым, ортаймайтын ырысың,

Тәуелсіздік және өзің тынысым.

Жалғастырып ұрпақтарды ұрпаққа,

Аралай бер сәнге бөлеп ел ішін.

Кабимулла Алишер

Төкші нұрды

Нұрперзент Домбай


 


Келдің бе, Әз Наурызым – Жаңа күнім!

Оятып бәйшешекті – дала күн.

Көп болса қандай жақсы болар еді,

Жүректі жадыратар жаңалығың.


Тлебалдыева Лағыл
ӘзНаурызкелгенболсаңтөкшінұрды,

Естіртпе сен әзіршеәндімұңды.

Бағзыданәдетімізбойғасіңген,

КүтетінзорүміттенЖаңажылды.



Сен бізгеқұтболыпкел, бақболыпкел,

Адалғаақиқатқажақболыпкел.

Жамандық, қасіреттенауылыалыс,

Жылболшыбетегінешаттықерер.



Сәулеңді, шуағыңдыаямашы,

Сәбидейжас-кәрімдіаялашы.

Құттықонақсекілдіемін-еркін,

Даламды, тау-тасымдыаралашы.



Кел, Наурыз! Құшағымдыашыптұрмын,

Қуанып сен келгенсоңтасыптұрмын.

Жылуды, жылылықтысағындым ба,

Әйтеуір, ғашық қылдың, ғашық қылдың...

Жарылкапова Әнел

Наурыз

БейімбетМайлин


Біреуімекеуболды - мал қосылды,

Қорағабұзау, лақ, қозытолды.

Ызғарлысуыққыстыңкәрікеміп,

Аспаннанкүнкүлімдеп, шырайоңды.

Ұзамайқардакетер, жаз да болар,

Сай-сала гүрілдесіпсуғатолар.

Бөленіпжержібекке, мыңқұлпырып,

Шалғынғакөкорайлыауылқонар.

Жазиісібүгінкелді, жанжайланды,

Кешегікөргенбейнетарттақалды.

Өміргежаңажолдарашатұғын,

Жаңажыл – бүгінгікүн, жаздыңалды.

 Жүргізуші:Салт-дәстүрлерінің ішіндегі бала тәрбиесіне байланысты тәрбие дәстүріне тоқталсақ.Тәрбие дәстүрі.Салт-әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне,ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып,өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізі.Қазақтың бірнеше салттарын атап өтсек.

1.Шілдехана(салт).жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын-сауық, той.

2.Кіндік кесер(салт). Нәресте туған сәтте оның кіндігін әйелдер(кіндік шешесі) дайын тұрады.Кіндік кесу-мәртебелі, абыройлы іс.

3.Бесікке салу(салт). Жаңа туған баланы бесікке салу. Бесік қасиетті,киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі.

4. Қырқынан шығару(салт). Баланың туғанына қырық күн толған соң оны ыдысқа қырық қасық су құйып шомылдырады.ол сәбидің жан-жүйесінің қалыптасып дені сау болып өсуіне деген ақ тілектен шыққан.

5.Тұсау кесер(салт).Сәби қаз тұрғаннанкейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып.

Ғұрып.Қазақтың өмір салты, өрен салты т.б. қолдану мен дәріптеуді ғұрып дейміз.

Қазақ халқында қалыптасқан бірнеше ғұрыптар:

1)Ат қою(ғұрып). Қазақ халқы жаңа туған сәбиге жақсы есімдер мен әйгілі адамдардың атын қойған.Сонымен бірге бала есімін беделді кісілерге қойғызып батасын алған.

2)Айдар(ғұрып). Балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп қояды.

Бұл ғұрып ер балаға жасалады. Сәбилерге шаш орнына кекіл, тұлым да қойылады.

3)Кекіл (ғұрып). Жас балалардың шашын ұстарамен алып тастайды да маңдайына бір шөкім шаш қалдырып, оның жиегін тегістеп қиып қояды. Оны «кекіл»дейді.

 Дәстүр-халықтың атадан балаға көшіп,жалғасын және дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, әдет-ғұрып,мінез-құлық,тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекеттер көрінісі.

Қазақтың бірнеше дәстүрлерін атап өтсек.

1)Тыштырма(дәстүр)Сәбиді бесікке салар кезде бесіктің түбегі тұратын тесіктен құрт,ірімшік, тәттілер өткізіп «тыштыма,тыштыма»деп ырым жасайды және оны «тыштырма» деп атайды.Тыштырманы әйелдер ырым етіп бөлісіп, бала-шағаларына үлестіріп береді.

2) Базарлық(дәстүр) -алыс сапарға шыққан адамдардың жақындарына (жерлес,көрші-көлем,жас балалар, сыйлас адамдарына) әкелген сыйлығы.

3) Байғазы(дәстүр)-балалардың, жастардың жаңа киім үшін берілетін ақшалай,заттай сый.

4)Тілашар(дәстүр).Баласы 7 жасқа толған соң балаға жаңа киім кигізіп,оқу жабдықтарын дайындап,шағын той өткізеді.Мұны «тілашар»тойы деп атайды.

5) Жеті ата (дәстүр). Халқымыз кейінгі ұрпаққа жеті атасын білдіруді міндеттеген.Олай болса жеті ата:Бала,Әке, Ата, Арғы ата, Баба, Түп ата, Тек ата.

6) Асату (дәстүр).ет желініп болған соң төрде отырған ақсақал табақта қалған етті жас балалар мен жігіттерге асатады.

Наурыз мейрамы құтты болсын молшылық, береке болсын, ұлыс оң болсын ақ көп болсын. Барлық қонақтарды Наурыз мерекесімен құттықтап, салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз!

Сау болыңыздар!