Мәзiр:

Мемлекеттiк рәмiздер:

Бір жылда49876
Бір айда3915
Бір аптада1266
Кеше208
Тәулік212
Физикадан сайыс
10 Мамыр, 10:34

 

Павлодар қаласының «Дарынды балаларға арналған №10 лицей-мектебі»

 

 

 

 

 

"Физика - білім мен ғылым кілті"

атты 5-ші сыныптарға арналған сайыс

 

 

 

 

 

 

 

 

Каримова Н.Б., физика пәні мұғалімі

 

 

 

 

Сайыс шарты: 

1. Әр сыныптан 2 топ, ал екі топта 4 баладан болуы керек.

2. Әр топтың аты, ұраны, эмблемасы болуы қажет. Ескерту: топтың аты, ұраны әрі эмблемасы физика пәніне байланысты болуы қажет.

3. Үй тапсырмасын  тиянақты орындап келуі қажет.

 

Енді сайысымызды бастайық:

-Сәлеметсіңдер ме құрметті физика пәнін сүйетін жас оқырмандар!

-"Физика - білім мен ғылым кілті" атты сайысымызға  қош келдіңіздер!

- Жарысқа 4 топ қатысады:

1топ:_________________

2топ: _________________

3топ: _________________

4топ:

- Сайысымзға көше келсек:

-Жарыс 4 кезеңнен тұрады.

-Толықтай таныстыра кетсек: 1 кезең - "жүйрік болсаң, қуып жет" деп аталады. Мұнда әрбір топтан тақтаға 1 баладан шығады. Яғни, төрт балаға  бірдей сұрақ қойылады, бірақ тез әрі дұрыс жауап берген балаға 5 ұпай беріледі. Демек, ол өз командасына 5 ұпай алып келеді. Бірақ, жауап бере алмаған сәтте қарсылыластарына мүмкіндік беріледі.

-2 кезең: - "Сегіз қылры бір сырлы" деп аталады. Бұл сайыста әр топқа бір есеп беріледі. Дұрыс шешкен топқа 10 ұпай беріледі. Есеп шешуге 7 минут уақыт беріледі. Яғни, сендер бұл есепті сегіз түрлі етіп сипаттып берулерің қажет.

-3 кезең - "Мен-жас физикпін" деп аталады. Бұл кезеңде әр топқа жеке-жеке бір эксперимент беріледі. Яғни, алдында өткен тапқырыптарды еске түсіре отырып, түрлі эксперимент жасайсыңдар. Бұл сайыста жеңген топқа 15 ұпай беріледі.

- 4 кезең - "Үй тапсырмасын тиянақты орындаймыз" деп аталады. Яғни, Әр топ дайындап келген үй жұмыстарын (есептерін, сұрақтарын) қарсыластарына береді. Әр топ ескертілгендей 3 тапсырма дайындаған болатын. Бұл 3 тапсырманы да дұрыс орындаған топқа 10 ұпай беріледі.

-Енді қорытындылай келсек: Марапаттау!!!

 

 

 

Жүйрік болсаң қуып жет!

1. Физикалық құбылыстар дегеніміз не?

2. Материя дегеніміз не?

3. Мына берілген материяларды дене және зат деп бөліңдер: шыны, тұз, ағаш, кітап, ұшақ, су тамшысы

4. Астрономия грек тілінен қалай аударылады?

5. Табиғатты зерттеудің негізгі ғылыми әдістері қандай?

6.  62 минутты секундақа айналдырғанда неше секунд болады?

7. Заттың үш агрегаттық күйін ата.

8. Газдарға тән қасиетті атаңдар.

9. Жылдамдықты табу формуласын ата.

10. Зат және дене дегеніміз не?

  

 

Сегіз қырлы бір сырлы!

1-есеп.  Ұзындығы 1,2 м, ал ені 8см және 50мм тікбұрышты білеушенің көлемін тап.

2-есеп. Ауаның температурасы түнде  -6градус, ал күндіз +4градус. Ауаның температурасы қанша градусқа өзгерген:

3-есеп. Ара қашықтығы 120 км болатын должы мотациклші 3 сағатта жүріп өтеді. Оның жылдамдығы қандайҮ

4-есеп. Ұзыныдығы 5 см, ені 3 мм, қалыңдығы 6 мм болатын білеушенің көлемін тап.

 

 

Мен-жас физикпін!

 1-топ: Мензурка, ағаш білеуше, су берілген. Яғни мұнда бөлік құнын таба отырып, көлемді тап.

2-топ:  Дәптер, сызғыш берілсін. Мұнда бөлік құны мены мен абсолют қателікті тап

3-топ: Мензурка, темір білеуше, су берілсін. Мұнда бөлек құнын таба отырып, көлемді тап.

4-топ: Кітап, сызғыш берілсін. Мұнда бөлік құны мен абсолят қателікті тап.