Мәзiр:

Мемлекеттiк рәмiздер:

Бір жылда49373
Бір айда4670
Бір аптада802
Кеше203
Тәулік135
1 Мамыр – Қазақстан халқының Бірлігі күніне арналған «Барлық халықтарға ортақ мейрам» атты мерекелік кеш
17 Мамыр, 10:44

 

1 Мамыр – Қазақстан халқының Бірлігі күніне арналған «Барлық халықтарға ортақ мейрам» атты мерекенің сценарийі

 

Өтетін күні, уақыты :  29.04.13 ж., с. 11. 00-де

Өтетін орны:               № 8 б/к, оқу залы

Қатысушылар:           № 10 Абай атындағы мектеп лицейдің 5 «ә» сынып оқушылары 

Іс – шараның мақсаты :  Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдеп-ғұрпын сыйлауға үйрету.

/ Құрманғазының «Сарыарқа» күйі  баяу ойнап тұрады. Ортаға жүргізушілер шығады /

Меңгеруші:Қайырлы күн құрметті қонақтар, әріптестер !Қазақстан Республикасын мекендеген ұлттар мен ұлыстар достығы және бірлігіне арналған «Барлық халықтарға ортақ мейрам» тақырыбындағы іс шараға қош келдіңіздер! Барлықтарыңызды осы мейраммен құттықтаймын. Жыл басынан өткізілген шаралар  Облысымыздың 75 жыл мерейтойы аясында өтуде.

Добрый день уважаемые гости, наши читатели и коллеги! Мы рады видеть вас у нас в библиотеке. Сегодня вы приглашены на мероприятие, посвященное Дню единства народов Казахстана. Мы от всей души поздравляем всех с праздником.  Хочу отметить, что все мероприятия, проводимые с начала года проходят  в рамках празднования 75 –ти летия нашей области. Ведь в этом году наша область отмечает свой 75 летний юбилей.

/ слайд-презентация /

1 жүр:    Біздің тәуелсіз Қазақстанымыз – көп ұлтты ел. Біздің елімізде достығымыздың, татулығымыздың, бірлігіміздің арқасында 100-ден астам ұлт өкілдері тату – тәтті өмір сүруде. Еліміздегі өзге мемлекеттер қызыға қарайтын мамыражай тыныштық, өзара достық қарым-қатынас- ынтымақтастың жемісі. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Жарлығымен 1 Мамыр – Қазақстан халқының Бірлігі күні болып белгіленді. Бұл мерекені еліміздегі әрбір ұлт өкілдері өзінің ең қуанышты мейрамы деп біледі.

Қазақ жері – қонақжай төрдің жері

Қазақ елі – қас Сақтай ердің елі

Толқынды тарихтың қуғын көрген

Барша ұлтқа құт мекен болған еді

Зобалаңда көп шеккен қасіретті

Ұлт ұрпағы өнерлі, өсиетті.

Риза көңілмен елге деген

Арнайды барша халқы ақ тілекті

Вед: Первый день мая дарит нам замечательный праздник. Казахстанцы дружно выходят на улицы, чтобы вместе отметить День единства народа нашей страны. У нас не только возрождается культура народов, но и ведется постоянный диалог между нациями и религиями страны. Последовательная политика Президента страны Нурсултана Назарбаева обеспечивает межнациональное согласие и экономическое процветание. Этнокультурные центры сегодня объединяют десятки тысяч людей, заинтересованных в сохранении языка,  традиций ,культуры своего народа.

Сегодня в нашей области действуют  23 национально-культурных объединений и около 30 их филиалов. И это далеко не предел, если вспомнить о том, что среди жителей области есть представители 110 национальностей и народностей.

           Объединяет много наций Казахстан

            И Президент наш утверждает: «Нужно

            Чтоб был один язык народов разных стран,

            И это, несомненно, - язык Дружбы!»

           /  Костин Константин  «Казахстан – наш общий дом» әнімен /

2 жүр:Біздің Республикамызда тұратын ұлттардың 621 – ге жуық этно-мәдени орталықтары болса, келген қонақтарды сол  орталықтардың  өкілдері деп қабылдайық. Неміс, татар, кәріс, ұйғыр, өзбек, орыс, әзірбайжан, украин халықтарынының этномәдени орталықтарына  қошемет көрсетейік.

Бүгін бізде қонақта келесе этно-мәдени орталықтарының мүшелері:

(қонаққа келген этномәдени орталықтардың мүшелермен таныстыру)

Түрі, тілі, діні бөлек болғанымен, жүрегі «Қазақстан-туған жерім, Отаным- алтын бесігім, -деп 130 астам ұлт өкілдері жар салуда. Өйткені біздің ел – татулық, достықтың киелі бесігі

            Екпінімен еңбектің жарасқан ән

            Құлақ түріп даңқына алыс ғалам

            Достық туы желбіреп қырмандарда

            Даламызда сан тағдыр табысты адам

            Бостандықтың нұрымен арайланып

            Болашаққа алаңсыз қарыштаған

            Ұлы достық отауы – ҚАЗАҚСТАН!

1 жүр:

            Пусть дружба, о котором пел Абай

            Как солнце, освещает мирный край

            Сто нации, сто народов, сто племен

            Всем Вам, рахмет и низкий поклон!

/музықалық номер /

2 жүр:Ұлы достықтың  тарихына көз жүгіртсек, сонау қазақ үшін сын сағаттарда патша жарлығымен кіндік кескен жерінен, Отанынан айрылып, қазақтың басына түскен қуғын-сүргін олардың да басына түсіп, бірі айдалып, бірі пана іздеп келгендер – орыс, украин, татар, башқұрт, ұйғыр, поляк, неміс, т.б ұлт өкілдері Қазақстанның түпкір- түпкірінен орын алды.  Қазақ  халқымен бір үзім нанды бөліп жеп, бір кесе айранды бөліп ішті, міне, сол кезде ортақ мақсат, ортақ кәсіп, патша өкіметінің зорлы-зомблығы оларды бір – біріне  жақындастыра түсті. А. С. Пушкин т.б. қайраткерлер мен жазушылар келіп, қазақ халқы туралы құнды мағлұматтар жазуға, зерттеуге, қалалар салуға, мәдениетті көтеруге үлес қосты.

1 жүр:Осыған орай Қазақстан Респбуликасының Президенті 1995 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясын құрды. Ассамблеясының құрамына 33 ұлттын өкілдері саналатын 320 адам енді. Бүгінгі таңда елімізде сабақтар түгелдей өзбек, тәжік және украин тілдерінде жүргізілетін  88 мектеп бар, 108 мектепте 22 этностың ұлттық тілдерді таңдау пәні ретінде оқытылады.

/ Сахналық көрініс   /

1 оқушы:

            Уа, кош келдің, Ынтымақ күн, бірлік күн

            Берекесі замананың, тірліктің

            Ұлттар менен ұлыстарды ұйытқан

            Ұлы елімнің келбетінен нұрды ұқтым

2 оқушы:

            Кіндік емес,

            Бұл ынтымақ – ғұмырлық

            Көтереміз ауыры мен жүгін нық

            Ұлы достық қасиетін ұғындық

            Отан үшін жұдырықтай жұмылдық!

3 оқушы:

            Береке ғой,

            Өмірімді сән етер

            Одан асып қай қасиет мәні өтер?

            Шаңырағын шайқалтпайтын тұрмыстың

            Уа, ұлы күн, сен өзің ғой дәнекер.

 4 оқушы:

            Төрлете бер,

            Көктем – келбет, ұлы күн

            Бойға дарыт ынтымақтың жылуын

            Достық деген ұялаған жүрекке

            Қассиетті-ау, қассиеті бұл ұғым!

5 оқушы:

            Қарыштап қадамымыз бұдан алға

            Еліме ырыс пенен дарысын құт

            Болсыншы бейбітшілік жаныңа тән

            Атыңнан айналайын, алып Отан

            Әлемде, Қазақ елім, өзің барда

            Мен – дағы мәңгілік боп жалын атам!

/ оқушылар тобы «Жаса, Қазақстан» әнімен  /

1 жүр:Бүгінгі таңда аталған мереке халқымыздың бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық үлгісін әлемге танытушы айрықша дәстүрге айналды. Әрбір қазақстандық азамат үшін ұрпақтар сабақтастығы арқылы тарихи қалыптасқан татулық, сенім мен тең құқықтылық ең маңызды қассиеттер екенін дәріптейді.

2 жүр: Бейбітшілік пен келісім – Елбасының саясаттағы негізгі ұстанымы. Қазақстан бірлігі арқасында біз  көптеген қиындықтардан өтіп, тәуелсізімізді нығайтық, бірлігіміздін арқасында барлық қиындықтарды жеңіп шығамыз.

            Кең пейіл мамыр келсе – көңіл кенен

            Шаттанам, қуанамын, көңілденем

            Көк-жасыл әлем сынды кіршігі жоқ

            Тамаша –ау, тату тәтті өмір деген!

2 жүр:Бүгінгі достық фестиваліне қатысатын ұлт өкілдерін сахнаға шақырамыз:

            Жайлауында жүрген жігіт бағып қой

            Дос келді деп, жасап жатыр анық той

            Тұңғыш рет көріп тұрсын сен оны

            Нағыз қазақ осы, міне, танып қой!

/сахнаға қазақ ұлты шығады. Ұлт тағамын әкеледі, шашу шашады/

1 жүр:

            Ұланымыз орыстын

            Ұлы  мекен қоныстың

            Ұранымыз туыстық

            Ұлттар бізге тым ыстық

/ сахнада  орыс ұлты өнерін көрсетеді /

2 жүр:

            Өзбекстан мақталы

            Еліміздің мақтаны

            Еңбек сүйгіш халқымыз

            Ел бірлігін сақтайды

/сахнаға өзбек халқының өкілдері шығып би билейді/

1 жүр:

            Татар таудың ұрпағы

            Қызыл арай нұр таңы

            Адалдық пен бірлік

            Айтылады жұрт әні

/ сахнаға татар ұлты шығады. Татар әндері орындалады. /

1 жүр:

            Шаңырағы шыңдармен тайталасып

            Тастағанда түндігін айқара ашып

            Сығайлайды күнменен ай таласып

            Еркіндіктің бесігі бақытты отау

            Күнге өрлеген қанатты Қазақстан!

Барлық ұлт өкілдері қосылып:

            Мы дружно семьёю живем в Казахстане

            Татары, уйгуры и русские с нами

            Так пусть же крепнет вовеки веков

            Дружба народов всех возрастов!

2 жүр:Құрметті қонақтар, біз кешімізді Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясы 15 сессиясында сөйлеген сөзімен қорытындыламақпын. «Береке басы – бірлік», дейді қазақ. Ал, береке-бірлігі жарасқан елдің туы биік, болашағы жарқын болатынын тарихтың өзі дәлелдеп отыр. Кешіміздің соңғы нүктесін қазақ халқының екінші әнұранына айналған «Атамекен» әнімен қоямыз. Қабыл алыңыздар! 

 / «Атамекен» әні айтылған кезде, қазақ үй шаңырағын көтерген, ұлттық киімдер киген ұлдар шығады, барлық ұлт өкілдері шаңырақтың астына жиналады, сонымен  аяқтайды./