Меню:

За год58263
За месяц7398
За неделю1560
Вчера258
Сутки103
Блог : Школьные проекты
«"10 кітап" жобасы»
Автор: Абай атындағы №10 лицей - мектебі
30-01-2020 11:08
Ұйымдастырушылар: Дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебінің бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі. Іс-шара мақсаты – бастауыш сынып оқушылары арасында кітап оқуға деген қызығушылықты дамыту, тек оқып қана қоймай, ондағы кейіпкерлер бейнесін сомдау арқылы автор көзқарасын дәріптеу, өз бойларынан өткізу. Алдын-ала 10 кітапты балалардың барлығы оқиды, әбден түсіну мақсатында сол шығармалар кейіпкерлері балалардың өздері сомдауымен, оқушыларға «қонақ» боп келеді. Шараның басты ерекшелігі - кейіпкер мен көркем әдебиет арқылы...
««КІТАПFEST»»
Автор: Абай атындағы №10 лицей - мектебі
29-01-2020 09:49
«КІТАПFEST»
Ұйымдастырушылар: Дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі Іс-шара мақсаты –  көркем әдебиеттерді оқушылар арасында тарату, әлемді тану жолдарының бір тетігі болып танылатын шығармаларды өзгелердің оқуына ықпал ету. Кітап оқу қашанда пайдалы іс деп саналатыны бәрімізге мәлім. Сондықтан осы мәселені тереңінен ашатын – кітап оқудың пайдасы жайлы жаднама ұсынамыз.  Кітап оқу ойды дамытады. Кітап оқу ой өрісімізді кеңейтеді. Себебі шығарманы оқу кезінде біз басты идеяны, сюжетті...
««Латын әліпбиіне көшуге қолдау көрсету және дамытуға үлес қосу» мақсатында «Сырлы таңба» атты оқушылар арасында топ ұйымдастырылды»
Автор: Абай атындағы №10 лицей - мектебі
21-05-2018 15:25
«Латын әліпбиіне көшуге қолдау көрсету және дамытуға үлес қосу» мақсатында «Сырлы таңба» атты оқушылар арасында топ ұйымдастырылды
 2017-2018 оқу жылында  «Латын әліпбиіне көшуге  қолдау көрсету және дамытуға үлес қосу»  мақсатында «Сырлы таңба» атты оқушылар арасында топ ұйымдастырып, өз жұмысын бастады.    Топты ұйымдастырудағы мақсат: оқушыларға латын әліпбиінің тарихынан ақпарат беру, қажеттілігін, құндылығын, маңыздылығын ұғындыру. Мәңгілік Ел мұратына ұмтылған Қазақстан халқының ұлттық кодының негізі саналатын рухани жаңғырудың негізі латын әліпбиіне көшу – еліміздің әлемдегі өркениетті мемлекеттердің қатарынан табылуының кепілі болатындығы  ...
«Мектепішілік ынталандыру жүйесі»
Автор: Абай атындағы №10 лицей - мектебі
26-01-2016 05:39
Мектепішілік ынталандыру жүйесі
Жобаның авторы:Канапьянова Капия Кабиденовна – Инновациялық жұмыстар бойынша директордың орынбасары, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әр жетістік үлкен еңбек пен ізденістің нәтижесі, сондықтан да оқушылар жетістіктері мен педагог шеберлігін бағалау және ынталандыру жүйесі қалыптасқан. «Адамның адамшылығы ... жақсы ұстаздан болады» - деп данышпан Абай айтқандай, мектеп дамуына, шәкірт жетістігіне еңбегі сіңген ұстаздарға төменде аталған мектепішілік құрметті атақтар беріледі: 1) «Ұлағатты ұстаз» - мектепішілік ең жоғары атақ, ерекше еңбегі сіңген,...
««Ертегілер әлеміне логикалық саяхат» - мультимедиалық жобасы»
Автор: Абай атындағы №10 лицей - мектебі
25-01-2016 11:17
«Ертегілер әлеміне логикалық саяхат» - мультимедиалық жобасы
Жобаның мазмұны: Жобаға «Алтын сақа» ертегісі негіз болды.Мультимедиалық жоба үш деңгейлі  математикалық, логикалық жаттығулармен және қазақ ертегілерінің кейіпкерлерімен қамтамасыз етілген. Ертегі желісі бойынша алтын сақасын жоғалтқан бала сақаны іздеу жолында қазақ ертегілерінің кейіпкерлерімен кездеседі. Сақа жасырылған сандықтың кілттерін табу үшін оңайынан күрделіге қарай жаттығуларды дұрыс орындап, Мыстан кемпірді жеңіп, сандықтың кілттеріне ие болады. Алтын сақасын алып үйіне қайтады. Тапсырмалар реті төмендегідей беріледі: Аталған жоба мектептің оқу-тәрбие ...