Мәзiр:

Мемлекеттiк рәмiздер:

Бір жылда66088
Бір айда5611
Бір аптада968
Кеше49
Тәулік25
Блог : 1930-1939 жылдар
«Алғашқы мектеп»
Автор: Абай атындағы №10 лицей - мектебі
17-04-2018 12:26
Алғашқы мектеп
Ең алғашқы 1930 жылы қаламызда «Казкоммунна» деген атпен кедей жұмыскерлердің балаларына арналған мектеп болған. 1937 жылы 3-қаңтарда қалалық кеңестің №1 хаттамасында жаңа мектеп құрылысы туралы айтылған. Ұлты қазақ балаларын оқумен қамту, білім алуына жағдай жасау үшін Толстой және 25 октябрь көшелерінің қиылысында мектеп салуға жер бөлу туралы шешім қабылданған. Сол кездегі Павлодар ауданы оқу бөлімінің меңгерушісі Ногоспаев Павлодар қалалық советіне 21 шілде 1937 жылы №379 тіркелген хатында «Павлодар қаласында қазақ онжылдығын ашу үшін дайындық жұмысын ұйымдастыру үшін...
«1936-37 жылдар. Мұғалімдер ұжымы. »
Автор: Абай атындағы №10 лицей - мектебі
15-04-2018 11:49
1936-37 жылдар. Мұғалімдер ұжымы.
Жоғары қатарда оңнан солға қарай: бірінші тұрған қарт ұстаз Ленин орденді Нұрғожин Абдіуақит.   Отырғандар: (№4) Алимова Галина Ғалымжанқызы (бастауыш класс мұғалімі); Ильясов Қабыш (1 қатар шетте)
«1938-1939 оқу жылындағы мектеп директоры»
Автор: Абай атындағы №10 лицей - мектебі
15-04-2018 11:11
1938-1939 оқу жылындағы мектеп директоры
«Үлгілі қазақ мектебі» деп аты берілген таза қазақ балаларына арналған бұл мектептің алғашқы директоры болып 1938-1939 оқу жылында Темір Насырұлы Шығаев бекітіледі.  Бұл жылдары Алматыдағы КазПИ-ді бітірген жас мұғалімдер: Төлеутай Ақшолақов кейіннен атақты ғалым, «Қазақ әдебиеті» оқулығының авторы болған, Мадин Имаш – кейін үлкен ғалым, КазПИ-дің проректоры қызметін атқарған, осындай мықты қазақ азаматтарының, сол кездегі оқыған көзі ашық жастардың еңбек етуі ел арасында мектеп беделін бірден көтереді. 
«1938-1939 оқу жылындағы мектеп қызметкерлері»
Автор: Абай атындағы №10 лицей - мектебі
15-04-2018 10:45
1938-1939 оқу жылындағы мектеп қызметкерлері
Мұрағаттан табылған деректерге сүйенсек 1937-1938 оқу жылының  1 қазанында мектептер бойынша тапсырылған есепке «СШ Казахская» (құжатта осылай) деп, яғни «Қазақ орта мектебі орны, «Горсовет» деп  көрсетілген, пән мұғалімдерінің  саны -15, бастауыш сынып мұғалімдері -  6, қосымша қызметкерлер - 11.
«1939 жылғы мектеп оқушылары»
Автор: Абай атындағы №10 лицей - мектебі
15-04-2018 10:15
1939 жылғы мектеп оқушылары
Білім іздеген жастар ауыл-аймақтан ағылып келіп, мектеп жанындағы пансионатқа орналасады. 
«Мектептің екінші ғимараты»
Автор: Абай атындағы №10 лицей - мектебі
14-04-2018 14:15
Мектептің екінші ғимараты
1937 жылы 23 маусымда 2-ші шақырған Павлодар ауданы атқару комитетінің пленумында Павлодар қаласында жаңа оқу жылында оқыту тілі қазақша 10 жылдық мектеп ашу туралы қаулы қабылданады. Аудандық кеңеске мектепке сай орын және жатақханамен қамтамасыз ету міндеттеледі. Мектептің екінші  мекен-жайы 1938-1976 жылдары Толстой көшесі, 22 үйде орналасты.