Мәзiр:

Мемлекеттiк рәмiздер:

Бір жылда66613
Бір айда5693
Бір аптада1652
Кеше349
Тәулік99
Блог : 1955 -1962 жылдар
«Облыстық 1-мұғалімдер съезі»
Автор: Абай атындағы №10 лицей - мектебі
26-04-2018 14:13
Облыстық 1-мұғалімдер съезі
4.07.1960ж Облыстық 1-мұғалімдер съезінің секциялық жұмыстарының қорытындысы туралы   Облыстық 1-мұғалімдер съезінің секциялық жұмыстарында сапалы баяндамалар дайындағаны үшін облыстық Білім беру бөлімінің және мектеп жұмыскерлерінің обком одағының алғысы мен грамоталары  тапсырылды: 1.Алимова А. – Павлодар қаласы №10 мектеп мұғалімі 2.Курманова Л.В. – орыс тілі мұғалімі 3.Аманбаева С. - қазақ тілі мұғалімі 4.Молдабекова Р.А. - қазақ тілі мұғалімі
«Жұмысшы жастардың кешкі мектебі »
Автор: Абай атындағы №10 лицей - мектебі
15-04-2018 11:34
Жұмысшы жастардың кешкі мектебі
29 маусым 1960 жылы Павлодар қалалық кеңесі депутаттарының атқару комитетінің шешімімен 1960-1961 оқу жылында қала бойынша 6 мектепте жұмысшы жастардың кешкі мектебі ашылды. Оның қатарына №10 орта мектеп те  кірді.
«Республикалық олимпиада»
Автор: Абай атындағы №10 лицей - мектебі
14-04-2018 16:06
Республикалық олимпиада
Абай атындағы №10 мектеп барлық уақытына білім сайыстары мен қоғамдық іс-шаралардың белсенді қатысушысы және ұйымдастырушысы болған. 1961 жылы өткен республикалық математикалық пән олимпиадасының әділқазылар алқасының төрағасы болып 10 мектептің мұғалімі Асылбеков тағайындалған.
«1961-62 оқу жылының есебі»
Автор: Абай атындағы №10 лицей - мектебі
14-04-2018 11:50
1961-62 оқу жылының есебі
Мұрағаттан табылған деректерге сүйенсек 1961-1962 оқу жылындағы жылдық есебінде мұғалімдердің еңбек жолы және оқушылардың білім мен тәрбиесі жайында мәліметтер толық берілген. Мұғалімдердің білім жетілдіру институты мен Қалалық білім беру бөліміндегі мәжілістерге жиі қатыcып, білімін көтеру бағытында біршама іс атқарған, соның нәтижесінде ашық сабақтар көрсете отырып өз шығармашылықтарымен бөліскен. Рауза Асқарқызы осы оқу жылында 5 рет конференция өткізген  және «Жас әдебиетші» үйірмесін ұйымдастырған екен.