Мәзiр:

Мемлекеттiк рәмiздер:

Бір жылда49799
Бір айда3899
Бір аптада1111
Кеше280
Тәулік159
«Қалалық білім бөлімінің есебі»
Автор: Абай атындағы №10 лицей - мектебі
26-04-2018 12:00
Қалалық білім бөлімінің есебі

1963-64 оқу жылының І жарты жылдығындағы қалалық білім бөлімінің есебінен үзінділер:

«Әмбебап сынып жетекшілері ретінде өзін көрсеткен жолдастар: Молдабекова, Ибраева, Жунусова - №10 мектеп.»

«№10 қазақ мектебінде де көптеген іс-шаралар өткізіледі, сұхбаттасу «Абай және музыка», «Талғаммен киінуді үйрену», баяндама «Қазақ сазгерлерінің шығармалары», кездесу «Қазақстан суретшілері»,  диспут «Адамның сүйкімділігі неде» - деген шаралар оқушылардың есінде көпке дейін қалды.»

   «Қоғамдық ортада мәдениеттілікті сақтау», «Отбасындағы эстетикалық тәрбие», «Қазақ қыздарының тәрбиесіндегі ананың рөлі» тақырыптарында ата-аналар лекторийлері жүргізіліп  баяндамалар  оқылды.

Қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі  Молдабекованың жұмысы озық тәжірибе болып табылады.