Мәзiр:

Мемлекеттiк рәмiздер:

Бір жылда49366
Бір айда4494
Бір аптада615
Кеше110
Тәулік43
««Ертегілер әлеміне логикалық саяхат» - жобасы»
Автор: Абай атындағы №10 лицей - мектебі
25-01-2016 11:17
«Ертегілер әлеміне логикалық саяхат» - жобасы

Жобаның авторы: Нургазина Балқаш Қадылбековна- ЭОЖ бойынша директордың орынбасары, информатика пәнінің мұғалімі.

Жобаның мазмұны: Жобаға «Алтын сақа» ертегісі негіз болды.Мультимедиалық жоба үш деңгейлі  математикалық-логикалық жаттығулармен және қазақ ертегілерінің кейіпкерлерімен қамтамасыз етілген. Ертегі желісі бойынша алтын сақасын жоғалтқан бала сақаны іздеу жолында қазақ ертегілерінің кейіпкерлерімен кездеседі. Сақа жасырылған сандықтың кілттерін табу үшін оңайынан күрделіге қарай жаттығуларды дұрыс орындап, Мыстан кемпірді жеңіп, сандықтың кілттеріне ие болады. Алтын сақасын алып үйіне қайтады. 

Мыстан кемпірді мейірімді етіп өзгерту үшін жоғары деңгейдегі тапсырмаларды орындайды.

Жобаның құндылығы:

1)    тек ойын ғана емес, танымдық құрал ретінде пайдаланылады;

2)    ұлттық сипатқа ие, баланы адамгершілікке баулиды;

3)    жұмыс ортасы жайлы және ыңғайлы интерфейспен  қамтамасыз етілген, пайдаланылған түстер үйлесімді, мәтіннің  қаріптері анық;

4)    әрбір тапсырманың нәтижесінде баланың есеп шығару қабілеті артады;

5)    компьютермен диалог, қайтарма байланыс (интерактивті қасиет) орнатылған;

6)    ақпарат аудио және мәтін түрінде берілген;

7)    қазақ ертегілерінің мәтіндік нұсқасы программаның ішінде орналасқан, қалаған уақытта ертегі оқу мүмкіндігі бар.