Мәзiр:

Мемлекеттiк рәмiздер:

Бір жылда49876
Бір айда3915
Бір аптада1266
Кеше208
Тәулік212
«Алин Нұртай Әліұлы »
Автор: Абай атындағы №10 лицей - мектебі
12-04-2018 13:23
Алин  Нұртай  Әліұлы

Алин  Нұртай  Әліұлы Абай атындағы №10 қазақ орта мектебінің жаныда құрылған пансионатта оқыды. Педагогикалық училищеге  түсіп мұғалім болып шықты. Ұлы Отан соғысы жылдары  13 жасынан бастап еңбекке ерте араласты.  1946 жылы  «1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысы кезінде ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. 1978 жылы  «Социалистік жарыстың  жеңімпазы» медалімен, 1986 жылы тамыз айында  « Еңбек ардагері» медалімен, 1995 жылы  ҚР президентінің жарлығы бойынша «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 50 жылдығы» мерекелік медалімен,  көпжылдық ұстаздық  еңбегінде  ҚазССР  «Халық ағарту ісінің озық қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.

Жалмағамбетова Шакаргуль Жексеновна 1936 жылы Кемерово жерінде (Қара Кемер) дүниеге келді. Абай атындағы №10 қазақ орта мектебінде оқыды.  Краснокутск ауданына қарасты Шұға ауылында 1956 жылы мұғалімдік қызметін бастап, Екібастұз ауданы Ақкөл орта мектебінде жалғастырды. «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. Еңбектен қол үзбей жүріп, жеті баланы тәрбиелеп өсіріп, зейнеткерлікке шықты. 2013 жылы «Күміс алқа » иегері атанды

Алина Нұрсұлу Нұртайқызы - Абай атындағы №10лицей-мектебінің 1985  жылғы түлегі. Павлодар педагогикалық институтының физика-математика факультетін аяқтап, осы мектепте қызмет атқаруда.

Алин Нұртайдың  жиен-немерелері: Жұмаш Мадияр Сағадатұлы Абай атындағы №10 лицей- мектебінің 2013  жылғы түлегі, Павлодар С.Торайғыров атындағы мемлекеттік университетінің металлургия факультетін  оқып бітірді.

Жұмаш Айтбек Сағадатұлы- 2015  жылғы түлегі,  ҚР ұлттық қауіпсіздік комитаті  шекара қызметінің академиясында  окып жатыр.