Мәзiр:

Мемлекеттiк рәмiздер:

Бір жылда49876
Бір айда3915
Бір аптада1266
Кеше208
Тәулік212
««Латын әліпбиіне көшуге қолдау көрсету және дамытуға үлес қосу» мақсатында «Сырлы таңба» атты оқушылар арасында топ ұйымдастырылды»
Автор: Абай атындағы №10 лицей - мектебі
21-05-2018 15:25
«Латын әліпбиіне көшуге қолдау көрсету және дамытуға үлес қосу» мақсатында «Сырлы таңба» атты оқушылар арасында топ ұйымдастырылды

 2017-2018 оқу жылында  «Латын әліпбиіне көшуге  қолдау көрсету және дамытуға үлес қосу»  мақсатында «Сырлы таңба» атты оқушылар арасында топ ұйымдастырып, өз жұмысын бастады.

   Топты ұйымдастырудағы мақсат: оқушыларға латын әліпбиінің тарихынан ақпарат беру, қажеттілігін, құндылығын, маңыздылығын ұғындыру. Мәңгілік Ел мұратына ұмтылған Қазақстан халқының ұлттық кодының негізі саналатын рухани жаңғырудың негізі латын әліпбиіне көшу – еліміздің әлемдегі өркениетті мемлекеттердің қатарынан табылуының кепілі болатындығы   төңірегінде әртүрлі  шаралар  мен жұмыстар ұйымдастыру. Жұмыс тобы айына бір рет  6- 10-сынып аралығындағы оқушылармен тарих, тіл пәні мұғалімдерімен бірге бас қосады.  Алғашқы отырысы   «Латын әліпбиінің тарихы» тақырыбында 7-10-сынып оқушыларымен, тіл пәні мұғалімдеріннің қатысуымен дөңгелек үстел түрінде өтті.