Мәзiр:

Мемлекеттiк рәмiздер:

Бір жылда49799
Бір айда3899
Бір аптада1111
Кеше280
Тәулік159
«Мектепішілік ынталандыру жүйесі»
Автор: Абай атындағы №10 лицей - мектебі
26-01-2016 05:39
Мектепішілік ынталандыру жүйесі

Жобаның авторы:Канапьянова Капия Кабиденовна – Инновациялық жұмыстар бойынша директордың орынбасары, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Әр жетістік үлкен еңбек пен ізденістің нәтижесі, сондықтан да оқушылар жетістіктері мен педагог шеберлігін бағалау және ынталандыру жүйесі қалыптасқан.

«Адамның адамшылығы ... жақсы ұстаздан болады» - деп данышпан Абай айтқандай, мектеп дамуына, шәкірт жетістігіне еңбегі сіңген ұстаздарға төменде аталған мектепішілік құрметті атақтар беріледі:

1) «Ұлағатты ұстаз» - мектепішілік ең жоғары атақ, ерекше еңбегі сіңген, айрықша жетістігі үшін беріледі.

2) «Ізденімпаз ұстаз»–ізденіспен жұмыс істейтін жас ұстаздарға беріледі.

3) «Жаңашыл ұстаз» – оқушыға және мектеп дамуына қосқан үлесі үшін беріледі.

4) «Еңбегі сіңген ұстаз» – осы мектепте табан аудармай жасаған қажырлы еңбегі үшін беріледі.

Барлық атақ алған ұстаздар «Құрмет кітабына» енгізіліп, мектеп тарихында қалады.

Дарынды оқушыларды ынталандыру үшін берілетін номинациялар:

 1.«Абай ізбасары»

2.«Талапты ұл-қыз- тарихи жұлдыз»

3.«Талаптың мініп тұлпарын...»

4.«Ақылмен қанат қаққандар»

5.«Талап- қанат, білім-сұңқар. Көріп-біліп жеңген тұлпар»