Мәзiр:

Мемлекеттiк рәмiздер:

Бір жылда49366
Бір айда4494
Бір аптада615
Кеше110
Тәулік43
«Биболов Қапсаттар »
Автор: Абай атындағы №10 лицей - мектебі
25-05-2018 23:36
Биболов Қапсаттар

Абай мектебінде ұрпақ жалғастығы жақсы орын алған. Солардың бірі – Биболовтар отбасы, осы оқу орнында ұстаздық қызмет атқарған,  жас ұрпақтары білім алған.

Биболов Қапсаттар1916  жылы Байдалы ауылында дүниеге келген.

Абай атындағы Алматы педагогикалық институтының химия-биология факультетін тамамдаған. 1942 жылы өз еркімен майданға аттанып, бір жыл даярлық курсынан соң екінші Украин, екінші Прибалтика, Ленинград майдандарында соғысқан. Ұлы Отан соғысында екі медальмен марапатталған. 1946 жылы майданнан елге оралып, мұғалімдік қызметін жалғастырған. 1948 жылдан Абай мектебінде химия, биология пәндерінен сабақ берген. Жолдасы Биболова Сәбира кітапханашы қызметін атқарған.

Қапсаттар атаның Абай мектебіндегі ұрпақтар  жалғастығы:

Биболов Қапсаттар – химия-биология пәні мұғалімі.

Биболова Сәбира – кітапханашы.

Биболов Шахизада Қапсаттарұлы – ғылыми кеңесші, физика пәнінен олимпиадаға дайындаушы.

Сәулебекова Марал (келіні) -  химия пәні мұғалімі.

Қасымжанова Роза (келіні) – физика пәні мұғалімі

Немерелері:

Салтанат,  Әсем – қызыл аттестатпен бітірді. Әсел – алтын белгі иегері. Батырхан,  Ғалымхан – мектепті жақсы бітірді.