Мәзiр:

Мемлекеттiк рәмiздер:

Бір жылда160745
Бір айда15949
Бір аптада3027
Кеше393
Тәулік33

Мемлекеттік қызмет көрсету

Қазақстан Республикасы

Павлодар қаласы, Дарынды балаларға арналған

Абай атындағы №10 лицей мектебі

 

      БҰЙРЫҚ №4-02/136-1

      2014 жыл  «5» Қыркүйек

Мемлекеттік қызмет көрсету туралы толықтыру енгізу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы" N 1119 қаулысы, Павлодар облысы әкімдігінің 2012 жылғы 13 желтоқсандағы № 349/12 қаулысы Павлодар облысы білім беру басқармасының 2013жылғы 4 ақпандағы  «Білім беру саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы»  №1-05/49 хаты  негізінде

БҰЙЫРАМЫН:

   І . «Дарынды балаларға арналған Абай атындағы № 10 лицей-мектебі» ММ мемлекеттік қызмет  көрсетудің іске асырылуы мен сапасына жауапты тұлғалар тағайындалсын.

1.      Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру «Білім туралы» ҚР  2007  жылғы 27 шілдедегі Заңы және ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы  № 1080 қаулысымен бекітілген орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, «Білім беру қызметінде білім беру ұйымдарының пайдаланатын қатаң есептегі құжаттарды жүргізу формасын бекіту» туралы, БжҒ министрінің 2007 жылғы 23 қазанда № 502 бұйрығы, ҚРБжҒ министрінің 2007 жылғы 21 қарашадағы № 565 бұйрығымен бекітілген «Білім туралы құжаттарды рәсімдеу жөнінде нұсқаулық» негізінде жүзеге асырылсын.

Жауапты: Ш.А. Дюсенова – директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары.

2.      Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау ҚР  БжҒМ 26.11.2004 жылғы № 974 бұйрығына сәйкес атқарылсын.

Жауапты: Ш.А. Дюсенова – директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары.

3.      "Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыру ҚР Үкіметінің  2014 жылы 19.02.  №115 қаулысына сәйкес жүргізілсін.Жауапты: О.К. Джубатова – әлеуметтік педагог.

4.      Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттарды қабылдау ҚР Үкіметінің 25 қаңтар 2008 жылғы № 64 қаулысына сәйкес жүргізілсін.

Жауапты: О.К. Джубатова – әлеуметтік педагог.

5.      Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға  қабылдау ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 127 қаулысы негізінде мектепішілік ережеге сәйкес жүргізілсін. 

 Жауаптылар: Ш.Т.Жумадилова– директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары және Г.С.Нурахметова – мектеп психологы.

6.      «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернатнысанында оқуға рұқсат беру» ҚР Үкіметі 2014 жылы  23.05.  № 538 қаулысы негізінде жүргізілсін.

Жауапты: Ш.А. Дюсенова – директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

   ІІ.  Мемлекеттік көрсетілетін  қызмет стандартында белгіленген мемлекеттік  қызмет көрсету мерзімі қатаң түрде сақталынсын (1 тәулік ішінде).

  ІІІ.   Тармақтардың орындалуын бақылау: 1.  3),4) – директордың тәрбие ісі  жөніндегі орынбасары  ережеге сәйкес жүргізілсін Н.Н.Алинаға; 2.   1), 2), 5), 6)  – өзіме жүктелсін.

                               

Мектеп директоры:                                Х.Ж.Абилова

 

 

«Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Жалпы ережелер
1. «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республкасы Білім және ғылым министрлігі әзірлеген.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасының негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік 30 күннен аспайды;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі негізгі орта білім туралы куәліктің телнұсқасын, жалпы орта білім туралы аттестат телнұсқасын беру болып табылады.
7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге өтініш білдірген кезде:
1) құжатты жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушының білім беру ұйымы басшысының атына оның жоғалу жай-күйі баяндалған өтініші;
2) құжаттың нөмірі және тіркелген күні көрсетілген құжаттың жоғалғаны туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушы орналастырған күннен бастап жарияланған мерзімінен 10 күн өтпеген мерзімді баспасөз басылымынан үзінді;

3) туу туралы куәліктің (2008 жылға дейін туылған жағдайда) немесе жеке куәліктің (паспорттың) көшірмесі.

«Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

Жалпы ережелер
1. «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап: негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат алу үшін – 15 жұмыс күнінен аспайды;
2) көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды;
3) көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетуінің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру болып табылады.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
7. Көрсетілетін қызметті алушының өзі немесе оның заңды өкілі жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті алушының экстернат нысанында оқуға еркін нысанда жазылған өтініші;
2) дәрігерлік-консультативтік комиссияның қорытындысы;
3) білім алушының ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың уақытша шетелде тұруы туралы анықтама, шетелде оқитынын растайтын құжат (қажет болған жағдайда);
4) көрсетілетін қызметті алушының соңғы оқыған сыныбындағы үлгерім табелінің көшірмесі;
5) көрсетілетін қызметті алушының туу туралы куәлігінің (көрсетілетін қызметті алушының жеке куәлігінің) көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасы).

 

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымына қабылдау үшін:
оқудың күндізгі және кешкі нысанына – 30 тамыздан кешіктірмей;
2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды;
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымына қабылдау туралы бұйрық.
3. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
4.Алдын ала жазылу және жеделдетіп қызмет көрсету қарастырылмаған.
5. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) көрсетілетін қызметті алушының заңды өкілдерінің көрсетілетін қызметті алушының нақты тұрғылықты мекенжайы көрсетілген өтініші (еркін нысанда);
2) көрсетілетін қызметті алушының туу туралы куәлігінің (көрсетілетін қызметті алушының жеке куәлігінің) көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін ұсынылады);
3) денсаулығы туралы № 086 нысанындағы анықтама (медициналық паспорт);
4) 3х4 см өлшеміндегі фотосурет – 2 дана;
5) педагогикалық-медициналық-психологиялық комиссияның қорытындысы (бар болса).

 

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

Жалпы ережелер
1. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік қызметті бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті алушы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 1 жұмыс күні;
2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: құжаттарды қабылдау туралы қолхат (еркін нысанда).
7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Алдын ала жазылу және жеделдетіп қызмет көрсету қарастырылмаған.
9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) өтініш (еркін нысанда);
2) үйде оқыту бойынша ұсынымдармен қоса дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамасы;
3) ұсынылатын білім беру оқу бағдарламасы туралы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысы.

 

"Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылармен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыру ұсыну үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттiк қызмет көрсету регламентi

 

Жалпы ережелер

  1. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген. "Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыру ұсыну үшін құжаттар қабылдау" Мемлекеттiк қызмет стандартына сәйкес көрсетіледі.

  2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

  3. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік мекемелердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілерге (бұданәрі – мемлекеттікқызметалушы):

1)мемлекеттікатаулыәлеуметтіккөмекалуғақұқығыбаротбасыларданшыққанбалаларға;
2) жанбасынашаққандағыорташатабысыеңтөменгікүнкөрісдеңгейінентөмен, мемлекеттікатаулыәлеуметтіккөмекалмайтынотбасыларданшыққанбалаларға;

3) отбасылардатұратынжетімбалалармената-анасыныңқамқорлығынсызқалғанбалаларға;

4)төтеншежағдайлардыңнәтижесіндешұғылкөмектіқажетететінотбасыларданшыққанбалаларға;

5) білім беру ұйымдарын басқарудың ал қалық органдары айқындайтын өзгеде санаттағы балаларға көрсетіледі.

4. Мемлекеттікқызметкөрсетудіңмерзімдері:

1) мемлекеттікқызметтіалуүшінөтінішберубесжұмыскүнін (өтініш түскен мерзімнен бастап бес күн ішінде) құрайды;
2) өтініш беруші жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейінгі күтудің барынша шекті уақыты (тіркеукезінде) – 30 минуттанаспайды;

 5. Мемлекеттік қызмет оқу жылы бойы көрсетіледі:
     Алдын ала жазылу және жеделдетіп ресімдеу қарастырылмаған.

6. Мемлекеттік қызметті ұсынудан бастартуға мемлекеттік қызметалушының көрсетілген құжаттардың толық пакетін тапсырмауы негіз болады.

 

«Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы
және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар
қабылдау және жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап: жолдама беру бойынша – 15 жұмыс күні;
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдама.
5. Мемлекеттік қызмет ақылы/тегін көрсетіледі.
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында көзделген білім алушылар санатына мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін немесе жеңілдік негізінде ақылы түрде көрсетіледі.
6. Көрсетілетін қызметті алушыны алдын ала жазу және жеделдетіп қызмет көрсету қарастырылмаған.
7. Көрсетілетін қызметті алушы өзі немесе оның заңды өкілдері көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті алушының ата-анасынан (заңды өкілінен) өтініш (еркін нысанда);
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;
3) мыналар:жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тәрбиеленуші балалар үшін – қамқоршылық (қорғаншылық), патронаттық тәрбиені бекіту туралы;
4) аз қамтылған отбасы болып табылатындығын растайтын мәліметтер: өтініш берушінің (отбасының) ағымдағы жылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы болып табылатындығын растайтын анықтамалар не өтініш берушінің (отбасының) алдыңғы тоқсанда алынған орташа кірістері туралы мәлімет (жалақы және әлеуметтік көмек түрінде алатын кірістері; кәсіпкерлік қызмет және басқа да қызмет түрлерінің кірісі; балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түріндегі кіріс; мал мен құстарды, бау-бақша, егін шаруашылығын ұстауды қоса алғанда жеке қосалқы шаруашылығы – үй жанындағы шаруашылығының кірістері), жан басына шаққандағы орташа табысының өңірдегі ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен екенін растайтын анықтамалар;
5) көрсетілетін қызметті алушының флюросуретімен қоса денсаулық жағдайы туралы (медициналық паспорты) анықтама (болған жағдайда).