Мәзiр:

Мемлекеттiк рәмiздер:

Бір жылда160745
Бір айда15949
Бір аптада3027
Кеше393
Тәулік33

Мектеп гимні

Өмір мектебі

 

Сөзін жазған: Қажымұрат Смағұл

Әнін жазған: Назымбек Дүкенбай

    

Өмірдің талай көктемі,

Өзіңмен бірге көктеді.

Толғанар сырмен көңілдер,

Еске алып бүгін өткенді.

Заманның өрлеп шыңдарын,

Сездіріп кім жоқ, кім барын.

Білімнің нәрін сусындап,

Өзіңнен ұшқан мың дарын.

 

Қайырмасы:

Айбыным болған ақ орда,

Басыма қонған бақ орда.

Асылым Абай мектебі,

Дәл бүгін сенде жоқ арман.

 

Түлеген талай даналар,

Еңбегін елі бағалар.

Өзіңмен бірге қартайған,

Алдыңа міне ағалар.

Күреске толы бар тірлік,

Ғасырға әр жыл татырлық.

Жетпіске келген ақ орда,-

Әр басқан ізің батырлық.

 

Қайырмасы:

Көңілдің тауып қалауын,

Лаулатып жанның алауын.

Өрлетсек биік асқарға,

Егемен елдің жалауын.

 

 

 

.