Мәзiр:

Мемлекеттiк рәмiздер:

Бір жылда160745
Бір айда15949
Бір аптада3027
Кеше393
Тәулік33

Дарынды баланың портреті

Дарынды оқушылардың мінез –құлық

мінездемелер рейтингінің межелегі

 

Аты - жөні:__________________________________________________________

Күні:_______________________

Мектеп:_________________________

Жасы:___________

Рейтинг жасаған мұғаліинің аты - жөні:__________________________________

Қай уақыттан баланы білесіз:_____________________________

  • Егер сіз бұл мінездемені ешқашан бақыламасаңыз.____________
  • Егер анда – санда осы мінездемені бақыласаңыз.______________
  • Егер осы мінездеме жиі байқалса.________________
  • Егер осы мінездеме үнемі байқалса.______________

 

І шкала. Оқушының танымдық мінездемесі

1. Осы сыныпта немесе өзінің жасына қарағанда сөздік қоры ерекше мол, терминдерді түсіне қолданады. Сөйлеу қабілеті жылдам да күрделі және өз ойын жеткізуге байлығымен көрінеді. 1,2,3,4

2. Әртүрлі тақырыптар жайында кең тараған ақпараттар иесі (осы жастағы балалардың әдетті қызығушылықтарынана артық көрінеді). 1,2,3,4

3. Нақты ақпараттарды жылдам қабылдап, қайта жаңғыртады. 1,2,3,4

4. Себеп – салдар қатынастарын жылдам қабылдайды. «Қалай?» және «Неге?» түсініктерін ұғынуға тырысады. Түрткі болатын сұрақтар көп қояды. (деректер алуға болатын сұрақтардан айырмашылықты). 1,2,3,4

5. Сезінгіш және серек байқағыш. Әдетте оқиғаларды әңгімеден немесе фильмнен басқалардан гөрі «көбірек көріп» немесе «көбірек оқиды».

Әр бағанда дөңгелектен цифрларды санап, оны тиісті коэффицентке көбейтіп, жалпы көрсеткішті шығарыңыз!

 

ІІ Мотивациялық мінездеме

1. Белгілі тақырыптарға толығымен «кіреді», бастаған ісін аяқтауға талпынып, ұмтылады. (басқа тақырыпқа немесе тапсырмаға назарын аудару қиын). 1,2,3,4

2. Әдетте тапсырмалардан  жеңіл зеріккенеді. 1,2,3,4

3. Өзіне сын көзбен қарап, кемеліне жетуге ұмтылады. 1,2,3,4

4. Дербес түрде жұмыс істеуді қалайды, мұғаліммен сәл бағыт беруді талап етеді. 1,2,3,4

5. Адамдарды, заттарды, жағдаяттарды ұйымдастыруға бейімділігі бар. 1,2,3,4

 Әр бағанда дөңгелектен цифрларды санап, оны тиісті коэффицентке көбейтіп, жалпы көрсеткішті шығарыңыз!

 

ІІІ Көшбасшылық мінездемесі

1.Жауапкершілік көрсетіп, берген уәдесінде тұрады және оны жақсы орындайды. 1,2,3,4

2.Тек қана өзінің құрбылары арасында емес, ересек адамдар арасында өзіне сенімділікті сезінеді. Өзінің істеген жұмысын сыныпқа көрсетуды сұрағанды жақсы көреді. 1,2,3,4

3. Өзінің ойлары мен сезімдерін анық жеткізіп, түсінікті айтады. 1,2,3,4

4. Адамадр арасында қарым-қатынаста болғанды жақсы көреді, жалғыз қалғанды қаламайды. 1,2,3,4

5. Басқалар арасында үстемділікке бейімді, әдетте, өз құатысқан іс-әрекетті басқарады. 1,2,3,4

Әр бағанда дөңгелектен цифрларды санап, оны тиісті коэффицентке көбейтіп, жалпы көрсеткішті шығарыңыз!

 

ІV. Шығармашылық мінездемелері

  1. Көбінесе білімқұмарлықты көрсетеді, үнемі барлығын білгісі келіп, сұрақтар қояды.1,2,3,4
  2. Көп идеяларды немесе мәселелерді шшешу жолдарын және сұрақтардың жауаптарын айтып, басқаларға ұқсамайтын ақылды және өзгеше жауаптар ұсынады. 1,2,3,4
  3. Өзінің көзқарасын мүлтіксіз айтып, батылдық және құлшыныспен кірісіп, пікіралмасуда табандылық көрсетеді. 1,2,3,4
  4. Қауіп-қатерлі әрекетке бейімді және тәуекелділікті жақсы көреді. 1,2,3,4
  5. Идеясы бар ойындарға бейімді, қиялдайды,тжаңалықты іздестіріп «Егер былай болса, қызықты...». Құрылғы және қоғамдық институттар, заттар, жүйелерді жақсарту және өзгерту мен айналысады. 1,2,63,4
  6. Басқаларға күлкілі жағдай болып көрінгенді, әзіл-оспақпен қарап, нәзік әзілкештігін танытады. 1,2,3,4
  7. Ішкі импульстерге сезітал, өзіне ұтымдыға ашықтау (қыздарда жоғары тәуелсізділік, ұлдарда- «қыздар» қызығушылықтары еркіндеу көрінеді). 1,2,3,4
  8. Әсемділікке сезгініш, өмірдің эстетикалық жақтарына назар аударады. 1,2,3,4
  9. Топтық әсеріне тәуелді емес, бейберекеттікті қабылдарлық, бөлшіктер оны қызықтырмайды, басқалардан өзгеше болудан қорықпайды. 1,2,3,4
  10. Сындарлы сын беріп, беделділікті сынды зерттеуден өткізбей қабылдамайды. 1,2,3,4

Әр бағанда дөңгелектен цифрларды санап, оны тиісті коэффицентке көбейтіп, жалпы көрсеткішті шығарыңыз!

 

Дарынды оқушылардың мінез –құлық мінездемелер рейтингі

 

Маймакова Мадина

2011-2012 оқу жылының түлегі, «Алтын белгі» иегері. Республикалық оқушылар пәндік олимпиадаларының (орыс тілі) үш дүркін жеңімпазы. (2009-2012 оқу жылдары І орын)

Танымдылық мінездемесі:Интелектісінің  және шығармашылық қабілетінің дамуы жоғары. Мәліметтерді қайта құру шеберлігі, өздігінен істеуге ұмтылуы, зерттеушілік белсенділігі, ойлау икемділігінің  вариативтілігі (көп нұсқаулық) өзгеше бір «шөліркеу», стандарттан тыс идеяны жаңалықтандыру қабілеті бар.

 

Жунусов Қуаныш

2011-2012 оқу жылының түлегі, «Алтын белгі» иегері. Халықаралық ғылыми жобалар сайысының (математика пәні бойынша)  жеңімпазы.

Танымдылық мінездемесі:Қуаныш өте мейрімді, кеңпейілді, ұғымтал, қоршаған ортаны белсенді  зерттеуге деген бейімділігі бар, әділеттсіздікке ықпалы қатты.

Күрделі және ұзақ мерзімді тапсырманы қанағаттанып қабылдайды. Жаңа білімдер мен идеяларды жеңіл меңгереді, ілімін ерекше әдістермен комбинациялайды. Әлеуметтік жағдаяттарда өзін еркін сезінеді. Қарым-қатынас дағдысы жақсы қалыптасқан.

 Көшбасшылык  қабілеті жоғары. Берген уәдесінде тұрады және оны жақсы орындайды. Өзінің ойлары мен сезімдерін ашық және анық жеткізеді.  

 

Таев Ердос

2011-2012 оқу жылының түлегі, «Алтын белгі» иегері. Республикалық ғылыми жобалар сайысының жүлдегері (экономика).

Танымдылық мінездемесі

Білімге қызығушылығы жоғары, ерекше зеректілігімен көрінеді. Алдына қойған мақсатына жетуде жоғары табандылық көрсетеді. Қызықтыратын пән бойынша материалды жинақтап, жүйелеуде ерекше қабілетті, логикалық ой түйіндеуге және абстракті ұғымдарға ұмтылады. Өзінің ғылыми төңрегінде жоғары нәтижеге жету үшін барлық күш-қуатын жұмсайды.

            Өздігінен танымдылығы басым көрінеді. Дербес түрде жұмыс істеуді қалайды. Мектептен тыс іс-шаралар көңілінен шығады. Өзіне сын көзбен қарап, кемеліне жетуге ұмтылады.

 

Бөжебаев Марат

2011-2012 оқу жылының түлегі, «Алтын белгі» иегері. Республикалық ғылыми жобалар сайысының жүлдегері (физика).

Танымдылық мінездемесі:Орта буындағы сыныптардан бастап физика пәніне жоғары қызығушылық танытты. Табиғи құбылыстар мен адамдар іс-әрекетінің түп негізінде жатқанды анықтауға ұмтылады. Соған байланысты түрткі болатын, нақты деректер алуға бағытталған сұрақтардан басқа қояды.

Таңдаған пәні бойынша ұғымдарды, материалды жинақтап, жүйелеуде ерекше қабілетті.

Өзімен жасты балалардың қызығушылық шегінен тыс әртүрлі тақырыптар бойынша ақпараттар қорының иесі.

 

Карибжанова Іңкәр

2011-2012 оқу жылының түлегі, «Алтын белгі» иегері. Облыстық оқушылар пәндік олимпиадасының жүлдегері (биология).

 Танымдылық мінездемесі:  Інкәрдің сөйлеу мәдениеті жоғары, сөздік қоры  мол. Өз ойын жеткізуде сөз байлығын көрсетеді. Кез келген тақырыпқа әңгімелесіп, өз ойын жеткізіп, пікірін қорғай алады. Нақты тақырыптарды жылдам қабылдап, қайта жаңғыртады. Қажет болса түрткі болатын сұрақтарды  жиі қояды. Сезімтал, зерек, байқағыш.

Таңдаған пәні бойынша білімпаздық танытады, білім сайыстарына қатысып,

жақсы  нәтижелерге жетіп жүр.Тәуекелдікке бармайды, өз көзқарасын айтып, пікір алмасуға дайын. Шығармашылыққа бейім, ән айтып, би билеуге құмар. Әсемдікке, эстетикалық  сұлулыққа жақын, талғампаз.

 

Ахметова Айсана

2011-2012 оқу жылының түлегі.    Республикалық оқушылар пәндік олимпиадаларының (Құқық негіздері) жүлдегері.

Танымдылық мінездемесі:Өзінің таңдаған пәні бойынша кең ауқымды ақпараттар қорымен көрінеді. Құбылыстар мен адамдар әрекетінің себеп-салдар байланыстарын  жеңіл қамтып, туындаған көп сұрақтардың түп негізін анықтауға тырысады. Сезгіш және тапқыр байқағыш. Зейін еркіндігі жоғары, соны көрсете біледі, шешімді жедел түрде қабылдай алады.

Бастаған ісін аяқтауға ұмтылып, белгілі бір тақырыпқа «кіріп» кетіп, оны жоғары деңгейдегі табандылықпен орындайды.

 

Кенжетаев Жантуар

2011-2012 оқу жылының түлегі. 2012 ж. Облыстық олимпиадада География пәнінен ІІІ орын жүлдегері. Ө. Жолдасбеков атындағы математикадан және механикадан зерттеу жобаларының конкурсында ІІІ орын жүлдегері. Алматы қаласы.

Танымдылық мінездемесі:Мейірімді, кішіпейіл, досшыл, шыншыл. Шат көңілді, өмір сүйгіш, эмоционалды. Айналадағылардың құрметіне бөленген. Қиялдағыш. Көшбасшылыққа ұмтылмайды, достық қарым-қатынасты қалайды. Кәсіби тұлғалық типін анықтағанда «Іскер» типке жатады. Күш-жігерді,  ұшқыр ойды, шытырман оқиғаларды ұнатады. Табандылығы жоғары, ынтасы жеке еңбегін көрсетуде анықталады.

 

                Семеева Назерке

            2011-2012 оқу жылының түлегі. 2012 ж. Облыстық  «Абай және Мәшһүр –Жүсіп оқуларының» ақындық бағыты бойынша 2 дүркін жеңімпазы, үздік оқушы, әр оқу жылында мақтау қағазымен марапатталады.

                Танымдылық мінездемесі:ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған облыстық пікір сайыс жарысында «Ең таңдаулы спикер» сертификатының иегері, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған жас ғалымдар, студенттер мен мектеп оқушыларының «ХІ Сәтбаев оқулары» халықаралық ғылыми конференциясының  ІІ дәрежелі диплом иегері. «Тіл жаңашыры» қоғамдық бірлестігінің мүшесі.

Ақын ретінде махаббат және Отан лирикасын ерекше бағалайды.

Поэзияда өзінің жерлесі, Баянауылдың тумасы Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлынан үлгі алады.

Назеркенің шығарған өлеңдерінің бір үзіндісі:

Абаймен сырласу

Сізді танып, тағриф еттім, адаспадым

Пенделіктің іргесін қаласпадым.

Тыйылды ол, тіліп өтті нәпсіні сөз

Асыл сөзің – жүзі өткір алдаспаның.

 

Иә, Абай, неткен дана, сара едің

Келеді әлеміңе бара бергім.

Қалың қазақ елінің аспанында

Өшпейтін бақ жұлдыз боп жана бергін.

 

Муканова Сабина

2011-2012 оқу жылының түлегі. Облыстық және Республикалық ғылыми жобалар сайысының жүлдегері (ІІ орын), экономика пәні бойынша.

Танымдылық мінездемесі:Дербес түрде жұмыс істеуді қалайды. Өзіне сын көзбен қарап, кемеліне жетуге ұмтылады. Әдетті тапсырмалардан жеңіл зеріккенеді.

                Өз құрбыларының ортасында ғана емес, ересек адамдар арасында өзіне сенімділін көрсетеді. Өзінің атқарған жұмыстарына ұжымның оңтайлы көзқарасын қалайды.

                Әр іске жоғары жауапкершілікпен қарап, оны жақсы орындауға тырысады. Айтқан сөзінен, берген уәедесінен қайтпайды. Өзі қатысқан іс-әрекетті басқарып, үстемділікке бейімді. Жеңіл қарым-қатынас жасап, бағыттай алады.

Ойлау икемділігі және вариативтілігі (көп нұсқаулық), стандарттан тыс идеяны жаңалықтандыру қабілеті бар. Үйреншікті ортаның стереотипін бұзу, бір нәрсені ойлап шығарудағы шеберлігін көрсете біледі. Пікір айтуда тәуелсіздік, шарт қоюшылықта табандылық көрсетеді.

 

Жумашева Айгерім

2011-2012 оқу жылының түлегі. Республикалық оқушылар арасындағы ғылыми-жобалар сайысының қазақ әдебиет пәні бойынша жүлдегері (ІІ орын), оқу озаты, сынып жетекшісінің көмекшісі, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысушы.

Танымдық мінездемесі: Әдебиетке бейім, көркем шығармаларын ерекше қабылдап, образдарды қиялдайды.

Белгілі тақырыпқа толық «кіріп», бастаған ісін аяқтауға тырысады.

Қойған мақсатына жетуде табандылықпен ұмтылады.

Ұйымдастыру қабілеті жақсы дамыған, өздігінен талпынып, жетістікке жетуге ұмтылады. Табысқа жетуге бар күш жігерін салады.

Әр бастаған ісін жауапкершілікпен орындап, берген уәедесінде тұрады. Жан-жақты мәліметтерді қабылдауға талпынып, бәрін өздігінен ойлап істеуге тырысады.

Зерттеушілік белсенділігі, ойлау икемділігінің вариативтілігімен өзгешеленеді.

Стандарттан тыс идеяны жаңалықтандыру қабілеті, пікір айтуда тәуелсіздігі, шарт қоюшылығы.

Өнердің түрлеріне әуестігі жоғары  деңгейде.

 

Ахметжанова Гульдана

2011-2012 оқу жылының түлегі. 2011-12 оқу жылында  республикалық «Таза  болса табиғат – аман болар адамзат» конкурсының жеңімпазы (ІІ орын)

Танымдық мінездемесі: Гулдана шығармашылық қабілетімен өзін елге танытты. «Алғашқы жауқазындар», «Өмірдің маңызы» атты өлеңдер жинақтары облыс көлемінде баспадан шықты. 

Тұлғалық ерекшеліктері: білімді, ұқыпты шәкірт, ақындық қабілеті бар, сезімтал, әлсіздерді қолдап, қол ұшын беруге бейімі бар, сырластық, достық қарым-қатынасты ұнатады.

 

Сарыбай Ақбота

2011-2012 оқу жылының түлегі. ІІІ аймақтық «Мәшһүр Жүсіп» оқуларында эссе жазу бағытында ІІ орын иесі(2011ж). Көптілділік бойынша өткен «Білімгер» радио-олимпиадасының жеңімпазы(2011ж). «Болатхан Тайжан» атындағы мектепшілік дебат клубының мүшесі, облыстық топтық дебат сайысыны ІІІ орын иегері, «Болатхан Тайжан» премиясының иегері(2011ж).

Тұлғалық ерекшеліктері:  ақылды, парасатты, өз айтқанынан қайтпайтын қайсар, қолына алған істі соңына дейін жеткізетін, үлкендерді сыйлай білетін, салмақты қыз. Қиын қыстау күндері достарына көмек бере алатын, адал қыз.

 

Қайдарова Айжан

2011-2012 оқу жылының түлегі. Ө. Жолдасбеков атындағы математикадан және механикадан зерттеу жобаларының конкурсының ІІ орын жүлдегері. Алматы қаласы.

 

 

 

«Шіркін-ай» КВН командасы

 

Жыл сайынғы облыстық оқушылар КВН командасының  жеңімпазы 2011-12 жылғы қалалық КВН командаларының финалдық жарысының абсолютті жеңімпазы

Команда құрамасында:

Бекишев Дархан-команда капитаны, білімге деген қызығушылығы жоғары, ынталы, еңбекқор оқушы. Дархан гуманитарлық пәндерді қазақ, орыс, ағылшын тілдерін, тарих, география, қоғамтану пәндерін  ерекше ықыласпен  оқиды. Осы пәндерден әсіресе Қазақстан тарихы пәні бойынша облыстық пән олимпиадаларында екі жыл қатарынан (9-10 сыныптарда) жүлделі  І,ІІ орындарға ие болды.

Муканов Марғулан- өзін істетикалық жағынан дамытуға тырысады. Ақкөңіл, шыншыл, досшыл, мейірімді.  

Қайролла Талғат-әдеби шығармаларды оқығанды жақсы көреді, өзін жан-жақты дамытуға тырысады.

 Заркенов Мейірман-үлгілі атестат иегері, спортпен шұғылданады (баскетбол, футбол т.б.), музыкалық қабіллеттері дамыған, домбыра ойнайды, ән шырқайды. Ақ жарқын, кеңпейілді, көпшіл, достық қарым-қатынасты қалайды.  

Укенов Олжас

2010-2011оқу жылының түлегі. 2010ж. Мәскеу қ., Протвино, «Компьютерная физика» халықаралық ғылыми жобалар жарысы, І дәрежелі Диплом.

2011ж.Астана қ. «Открываем мир науки» гылыми-практикалық конференцияда ІІІ дәрежелі Диплом.

Тұлғалық  ерекшеліктері: өте жігерлі, ақ жарқын, көпшіл, байсалды, тәртіпті. «Елге сүйкімді». Дарынды, бейімді, шаршамайды, алдына міндет қойып, шешімін жылдам табады.

 

Абилов Данияр

2010-2011оқу жылының түлегі. 2010 ж. Греция, Халкидики ғылыми жобалар сайысы, ІІІ дәрежелі Диплом.

2011 ж. Алматы қ. Республикалық ғылыми жобалар сайысы, ІІІ дәрежелі Диплом.

Тұлғалық ерекшеліктері: белсенді, көпшіл, мейірімді, мақсатына жету тәсілдерінде талғампаз емес. Ұйымдастырушылық қабілеті бар. Оптимист, табысты болатынына сенімді. Жаңалықты жаны ұнатады.