Мәзiр:

Мемлекеттiк рәмiздер:

Бір жылда160745
Бір айда15949
Бір аптада3027
Кеше393
Тәулік33

Тарихы

Мектеп туралы

1930 жылы «Казкоммуна» деп аталып, 1937 жылдың 23 маусымында Павлодар аудандық атқару комитетінің пленумында қазақ онжылдық мектебін ашу жөнінде қаулы қабылданды. 1937 жылы Павлодар райисполкомының №57 шешімімен он жылдық қазақ мектебі болып ашылды. 1 қыркүйекте жаңа ашылған онжылдық қазақ мектебінде 16 мұғалім жұмыс істеді. 1938-39 жылдары «Үлгілі қазақ мектебі» деп аталды. Осы жылдары Алматыдағы ҚазПИ-ді бітірген: ғалым Төлеутай Ақшолақов, Мадин Имаш, Меңдіғалиева Сұлтан тағы басқалары ең алғашқы еңбек жолдарын бастап, ұстаздықтың ізгі жолын салып кетті.

1940 жылы 14 сәуірде Абай Құнанбаевтың есімі берілді, 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталып, оқушылар саны азайды, мектеп бітіруші болмады. 1941-45 жылдары 5 оқушы аяқтады. 1946-47 оқу жылында 7 оқушы бітірді: бәрі жоғары оқу орнына түсті. 1946 жылдан мектеп жанында интернат–пансионат жұмыс істеді. 1947 жылы мектеп шәкіртттері «Ұшқын» атты алғашқы қабырға газетін шығарды. 1947-48 жылдары 12 оқушы аяқтады. 1948-49 оқу жылы оқушы саны көбейді. 1950-1951 оқу жылы мектептің жоғары сыныптары көбейтіліп, мектеп жанынан 60 орындық балалар бақшасы орын тепті. Орта мектебі жоқ қазақ ауылдарынан 7 жылдық мектепті бітірген балалар санымен көбейді. Алтай өлкесінен, Новосібір облысынан қазақ балалары келіп, бірнеше параллель сыныптар ұйымдастырылды. 1951-52 оқу жылын 22 оқушы аяқтады. Олар: Әсия Байзақова, Кемер Әшімбетов, Нүркен Ыбыраев, Серік Жақсыбаевтар. 1953-54 оқу жылында екі 10-сынып бітірді. 1955-56 оқу жылында 80-ге тарта түлек қанат қақты. 1956-57 оқу жылында 100-ге тарта оқушы өмір жолына аттанды. 1957-58 оқу жылында 11 жылдық болғандықтан, мектеп бітірушілер болмады. 1959–60 оқу жылында қазақ мектептеріндегі оқушы саны азайды. 1962 жылы мектеп жанындағы «Интернат-пансион» жабылып, №3 облыстық интернат бөлініп шықты. Осыған орай, 120 оқушы сонда ауыстырылды. Оқушы саны азайғандықтан, орыс мектебінің бастауыш сыныптары мектепке орналастырылды. 1948-1977 жылдар аралығында мектеп бітірушілер ішінде 25 күміс және алтын медаль иегерлері болған. 1980 жылдары білім беру жүйесіне реформа жасалып, еңбек сабақтары мен өндірістік оқуды жүзеге асыру басталды. 10 жылдық мектеп 11 жылдық мектепке айналды. Мектепте шеберхана, жылу беру жүйесі салынды. Осы жылдардан бастап мектеп өмірі айтарлықтай алға басып, білім мен тәрбие жұмысының жүйелі нәтижесі өз жемісін берді.

1992 оқу жылында аралас мектептер саны азайтылды.

1992-93 оқу жылы жаңа типті лицей-мектебі дәрежесін алу үшін, эксперименттік алаң болып қойылды. 1994 жылы мектеп лицей атағын алу үшін тәжірибелік алаңға қойылды. 1999 жылдың 25 мамырынан Облыстық эксперттік кеңестің шешімі бойынша мектепке лицей атағы беріліп, Абай атындағы №10 лицей мектебі деп аталыңды. 2000-2007 оқу жылдарында 15 алтын медаль иегерлері, 1996-2006 оқу жылдары аралағында 40 үздік аттестат иегерлерін мектеп қабырғасынан ұшырды.

Грецияда өткен «Балалар.Интеллект.Мәдениет.» фестивалі аясында өтетін тесттік рейтингілік пәндер олимпиадасынан және ғылыми жобалар сайысынан 20 оқушы жүлдегер атанып, Республикалық ғылыми жобалар сайысында 32 оқушы жеңімпаз болып, ал облыстық ғылыми жобалар сайысында 100-ге тарта оқушы бәйгенің алдын бермеді.

Мектеп «Ақыл ойдың шарықтауы», «Дебат» секілді халықаралық бағдарламаларды меңгеріп, халықаралық сайыстардың бірнеше мәрте жеңімпазы атанды. Мектептің 120 оқушысы қатысатын «Салтанат» би тобы облысымызда ғана емес, республикамызда әйгілі.

Мектеп 2000 жылы «Білім сапасы жөніндегі облыстық конкурстың жеңімпазы», осы жылы Республикалық «Таңдаулы мектеп» байқауының лауреаты, 2001 жылғы орта және кәсіптік білім беру мектептерінің арасындағы оқыту қызметінің сапасы жөніндегі облыстық байқаудың жеңімпазы.

2005 жылы қала мектептері арасындағы «Ең үздік оқу материалдық базасы» байқауында бірінші орын иегері атанды

 

1937-2007 жылдар аралығында мектепке 17 адам басшылық етті. Олар:

1.Шегаев Темір Насырұлы     1938-1939жж

2.Мадин Имаш  1939-1940жж

3.Сыздықов Күлібай 1940-1941жж

4.Надырмағанбетов 1941-1943жж

5.Закриянов 1943-1945жж

6.Аймағанов Ерғали 1945-1947жж

7.Ибаргимов Әбді Әбдрахманов 1947-1950жж

8.Ажығалива София 1950-1953жж

9.Байтасов Қабзәкір 1953-1954жж

10.Сыздықов Бәри Еркебайұлы 1954-1955жж

11.Қабылдин Абшау 1955-1962жж

12.Төлегенов Мүбәрәк Жанбосынұлы 1963-1981жж

13.Қабылдин Абшау 1981-1990жж

14.Чайкин Серік Аңсабайұлы 1990-1991жж

15.Кабдуалиева Гүлнара Балтабайқызы 1991-1997жж

16.Жұматов Ермек Сағымбайұлы 1997-1999жж

17.Жалмағамбетова Бұлғын Шәкенқызы 1999-2005жж

18.Абилова Хабиба Жекенқызы 2005 жылдан бастап

Дарындыларды даңғыл жолға сала білген 75 жылдық тарихы бар мектептің бүгінгісі – айқын, болашағы жарқын.