Мәзiр:

Мемлекеттiк рәмiздер:

Бір жылда160745
Бір айда15949
Бір аптада3027
Кеше393
Тәулік33

Аз қамтамасыз етілген оқушылармен жұмыс

Дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебінде

балалар мен жасөспірімдерді оқумен қамту айлығының өтілуі туралы

Анықтама

       Мақсаты:мектеп оқушыларын жалпылама оқумен толық қамту, олардың күнделікті сабаққа қатысуын бақылау, аз қамтамасыз етілген, көп балалы жанұя балаларына көмек беру, «Қамқорлық» акциясын ұйымдастыру және қайырымдылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу шараларының жүзеге асуын бақылау, ұйымдастыру.

          2015 жылғы 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында жалпы оқулар бойынша айлық жарияланды.

         Айлық туралы, оның мақсат-міндеттері және «Қамқорлық» акциясы туралы қабырғалық ақпарат әзірленіп, 1-қабатқа шығарылды.

 Мектептегі бала саны І жарты жылдықтың соңғы есебі бойынша: 831 оқушы, І ауысым 46, ІІ ауысымда 222 оқушы,  416 қыз бала, 415 ұл бала, каникул кезінде  5 бала кетті, келген бала - 1. Сынып комплектісі: 32, бастауыш буын: 15, орта буын:12, жоғары сынып: 3 сынып. ІІ жарты жылдықтың басында 827, басқа мектепке ауысқаны, кеткен бала саны: 11.  Келген бала саны: 2.

  Айлық соңында оқушы саны: 818 оқушы, І ауысым 597, ІІ ауысымда 221 оқушы, 413 қыз бала, 405 ұл бала, сынып комплектісі: 32, бастауыш буын: 15, орта буын:14, жоғары сынып: 3 сынып. 

Күнделікті сабаққа балалардың қатысу туралы мәлімет арнайы журналға белгіленіп отырады және сабақ босатқан балалар туралы сынып жетекшілері оқушылармен жеке жұмыстар атқарды. Денсаулығына байланысты сабақ босатулар көп болды, сондықтан сынып жетекшілері күн сайын оқушылармен хабарласып, жағдайларын біліп отырды.  Дегенмен бұл мәліметті күн сайын қалалық санитарлық-эпедиомологиялық  орталыққа арнайы мәлімет беріліп отырғандықтан, сынып жетекшілері тарапынан уақытымен белгіленбеген  жайттар болып отырды. Сондықтан әрбір іске жауапты қарауға шақырамын. Бірнеше күн бойы денсаулығына байланысты сабақ босатқан балалар:  5 «А» сынып оқушысы Кемер Дәмелі – 8 күн, 6 «Ә» сынып оқушысы Айтмағамбетова Жасмина – 8 күн, 6 «Б» Қожин Әлібек – 8 күн,  9 «А» сынып оқушысы Баймағамбетова Адем  – 17 күн,  6«В» сынып оқушысы Темиржанов Темиржан -11 күн,  1 «А» Жангабулова  Т. -9 күн,  2 «А» сынып оқушылары  Есимханов Сұлтанбек– 8 күн, 9 «А» Сұлтанбаева Нұрай – 11 күн,  2 «Б» Жумагулова Анель -13 күн, 3 «Ә» Жасқөайрат Медина- 8 күн,  4 «Ә» Нұрғазина Қарақат-12 күн босатты, барлығында анықтамалары бар.  Айлық барысында сабақ босатқан балалардың санының көптігі – 5 «А», 6«В», 5 «Б»,7 «А», 6 «Б», 6 «Б», 3 «Б», 8 «Б», 9 «А», 9 «Б», 10 «А» ( соның ішінде 7А,9А,9Б көп босатады)сыныптарында ерекше көрінді. Сондықтан сынып жетекшілері тарапынан күнделікті жұмыс істеу, ата-аналарына хабарласу міндетті түрде жүзеге асуы керек және бұл сыныптар әрі қарай назарға алынады және әрбір сынып жетекшісінің оқушылар анықтамаларын медбикеге тапсыруы және оқушы денсаулығы туралы мәліметті білуі міндетті.

       Денсаулығына байланысты үйде оқытылатын бала саны – 1, ол –Қуандық Әйгерім. Әйгерімге сабақ өз кестесіне сай өтіліп жатыр, оқушының журналы тексеріліп,  директор орынбасары Ш.А. Дюсенова тарапынан үнемі қадағаланады.

      9-сынып түлектерінің оқумен қамтылуы қайта тексерілді. Негізгі мектеп курсынан кейін оқуын  колледжде жалғастырып жатқан балалардың анықтамалары қайта салыстырылды,  бала оқуларын жалғастыруда. Олар: Тимур Искендер- Ұлыбритания, Торбей халықаралық мектеп-пансионы, Арманова Анель - Астана қ. «Еуразия гуманитарлық институтының колледжі» аударма ісі, Аралбаева Зейнеп - Павлодар қ. ИнЕУ колледжі, Кеңесбаева Адема - Алматы қ. П.И. Чайковский атындағы музыка училище, Аманжол Нағима - Қазтұтынуодағының Павлодар экономика колледжі, Габдуллин Алишер - «Павлодар көлік және транспорт колледжі». Сонымен бірге басқа мектептерде 10-сыныпты жалғастырып жатқандар: Актанова Айдана - Дарынды балалаларға арналған №3 гимназия, Қайролла  Әлнұр, Орынбек Алдияр- Павлодар қаласы №19 ЖОМ, Бастемиев Айбек, Исеева Джамиля - Дарынды балаларға арналған көпсалалы лицей-интернаты, Альмуханов Таир - «Арыстан» мамандандырылған лицейі, Алматы обл., Какенова Нұрлыгүл - Павлодар қ. №20 мектеп-лицейінде оқып жатқандары расталды.  Айлық барасында 2 оқушы: Тілектес Дияс және  Асығат Ойрат «Дарынды балаларға арналған көпсалалы лицей-интернатына» ауысты.

     Оқушылардың жеке бас іс қағаздары бойынша құжаттары арнайы комиссияның құрылуымен тексерілді. Тексеріс барысында сынып жетекшілеріне оқушылар фотоларын ауыстыру және ата-ана жұмыс орнынан берілетін анықтамаларды жаңарту керектігі, жаңадан келген не ауысқан балалар бұйрықтары титул парағына қосу ескертілді. Сынып жетекшілері айтқан кемшіліктерді уақытында атқарып шықты. Жеке бас құжаттары толықтай жаңартылды.

      Аз қамтамасыз етілген және көп балалы жанұядан шыққан балаларға  жаппай оқумен қамту  қорынан  төмендегідей көмек көрсетілді.  Барлық бөлінген қаржы: 448 000 теңге

Жұмсалды: 445 551 теңге, оның ішінде, тамақтануға-195 000, киімге-165 000, кеңсе заттарына-45 370, жазғы демалысқа-40 000 теңге. Мектепішілік бұйрық негізінде 18 балалаға көмек көрсетілді.

Қайырымдылық шаралар аясында  қалалық «Қамқорлық» акциясына қатысып, мектеп мұғалімдері мен оқушылары атынан 17400 (он жеті мың төрт жүз) теңге көлемінде көмек ұйымдастырылды.  Мектептің ата-аналар комитетінің ұйымдастыруымен 8 «Б» сынып оқушысы Темірғалиева Балтуғанға 19860 теңге көлемінде қайырымдылық шаралар негізінде  тікелей киім-кешекпен қамтамасыз етілді. Ата-анасы  материалдық көмек көрсеткен ата-аналарға алғысын білдірді.

      Айлық кезінде сыныптарға қамқорлық, қайырымдылық, мейірімділік туралы тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. Айлық қорытындысы арнайы саптүзеуде шығарылды.

      Жоғарыда айтылған мәселелерді ескере отырып, төмендегідей ұсыныстарға назар аударуды сұраймыз:

1.     Әрбір сынып жетекшісі сырқаттануына байланысты сабақ босатқан балаларды үнемі қадағалауда ұстасын, ата-анасы арқылы тексеріп отырсын.

2.     Көп сабақ босатқан 7А,9А,9Б сыныптары бақылауға алынсын. Жауапты: Сынып жетекшілері

3.     Оқушылардың жеке бас құжаттары бақылауда ұсталынсын.

4.     9-сынып жетекшілерінің қаңтар айында да оқушылардың еңбекпен қамтылуы екі рет қадағаланатындығы назарда ұсталсын.

Орындаған: Б.А. Казиева - ТЖДО