Мәзiр:

Мемлекеттiк рәмiздер:

Бір жылда160745
Бір айда15949
Бір аптада3027
Кеше393
Тәулік33

Мұғалім деген – ерекше тұлға дара шың, ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын

 

Молдабекова Рауза Асқарқызы

Қазақстан республикасы оқу-ағарту ісінің үздігі, педагогикалық еңбектің ардагері, тамаша тәлімгер, майталман маман

 

Молдабекова Рәзия Асқарқызы

Абай атындағы қазақ педагогикалық институтының қазақ тілі, әдебиеті бөлімін бітірген. Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мұғалімі, халық-ағарту ісінің үздігі, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасының иегері.

 

МақажановҚойшыбайМұхамеджанұлы

1946 жылы Алматыдағы С.М. Киров атындағы университеттің филология факультетін бітірген. 1965 жылы Қазақ ССР-ның халық ағарту ісінің озық қызметкері, Қазақ ССР Оқу Министрлігінің құрмет грамотасы, Еңбек ардагері медалімен, Қалалық кәсіптік халық ағарту білімінің құрмет грамотасымен т.б. марапатталған.

 

Өтегенов Әбдрәсіл Қонайұлы

Алматы қаласындағы педагогикалық институттың физика-математика факультетін бітірген. «Қазақ ҚСР- нің еңбек сіңірген мұғалімі», «КСРО халық ағарту ісінің үздігі », «Қазақ КСР халық ағарту ісінің озық қызметкері»

 

Ибраева Зәру Мажитқызы

Қазақстан оқу ісінің озаты, III дәрежелі «Ана даңқы» медалі, Лениннің 100 жылдық медалі, Ұлы Отан соғысының тылдағы еңбегі үшін және Еңбек ардагері  медалінің иегері

 

Айдарғалиева Нажжат Нығметжанқызы

«Қазақ СССР халық ағарту ісінің озық қызметкері»,  «За трудовое отличие», «За трудовую доблесть», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Жеңістің 50 жылдығы   мерекелік медаль»,  «Ұлы Отан Соғысындағы Жеңіске 60 жыл»,  «Ветеран труда» медалінің иегері

 

Жолымбетова Күлшат Әуезханқызы

«За доблестный труд в Великой Отечественной  войне 1941-45», «Ұлы Отан соғысының ардагері» атағымбар, екі юбилейлік медалдармен марапатталды.

 

 

Сара Ерденқызы

1945 жылы Алматыдағы Мәншүк Маметова атындағы қыздар педучилищасының 2 курсына түсіп, 1947 жылы бітірді. Тарих, қоғамтану, заң негіздерінен сабақ берді. 1971 жылы қалалық партия комитетінің пленум мүшелігіне сайланды. Өмір бойы мектептің үгіт-насихаттаушысы болды, мұғалімдерге саяси сабақ жүргізді, партия ұйымының секретары болды.

 

Сара Жакенқызы Құсайынова

1931 жылы 19 желтоқсанда дүниеге келген. 1949 жылы Алматыдағы педагогикалық шет тілдер институтына оқуға түсіп,  ағылшын тілі мамандығы бойынша 1953 жылы бітіріп шықты. 1963 жылы қалалық Советтің депутаты, 1965 жылы облыстық кәсіподақ Құрмет грамотасы, 1970 жылы Павлодар облысының халық депутаты советінің Құрмет грамотасымен марапатталады.

 

Күлшат Қамзақызы

Батылдық пен батырлық, сыпайылық пен сабырылық, тиянақтылық пен жинақылық, тазалық пен ұқыптылық Күлшат ұстаздың бойындағы кейінгіге үлгі боларлық ізгі қасиеттер. Күлшат Қамзақызы еліміздің мақтанышы болған Қанаш Қамзиннің туған қарындасы.

 

Нұрғалиева Нұршат Абдыкаимқызы

1990-91 оқу жылы бастауыш сынып  ұстазы болды. Ұлы педагог К.Д. Ушинскийдің «Адам білімді ана тілінде алған жөн» деген сөзі мәңгі  жоғары ұстаған.

 

Иманбекова Зора Уашқызы

Қазақ тілі мен әдебиеті   ұстазы болды. Оқушыларды кластан тыс жұмыстар, қосымша сабақтар, қоғам жұмысына араластыра отырып, ана тілін меңгерткен.

 

Айтжамал Дүйсембекқызы

1965-1969 жылы Алматының қыздарға арналған институтының физика-матеметика факультетін үздік бітірген. Бірнеше рет облыстық кәсіподақ ұйымының құрмет грамоталарымен, қалалық және облыстық білім дапарттаменті тарапынан   марапатталдым. 1986 жылы «Еңбек ардагері» медалімен, 1999 жылы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің  «Құрмет грамотасымен» марапатталған.

 

 Габдуллина Майра Қаниқызы

Оқу ісінің меңгерушісі, математика пәнінің мұғалімі болып  зейнеткерлік демалысқа шыққан. Оқу министрлігінің,  облыстық, қалалық оқу бөлімдерінің грамоталарымен марапатталған ұстаз. Еңбек ардагері.

 

Сүлейменова Саркен Құсманқызы

математика пәнінің мұғалімі болып  зейнеткерлік демалысқа шыққан. Тәрбие жұмысын басқарған кезде республикада алғашқылардың қатарында болып «Жас ұландар» ұйымын ұйымдастырған.

 

Мұхарова Даметкен Мұхарқызы

1963-64 Павлодар қаласындағы Бейсен Ахметов атындағы педагогикалық училищесіне түсіп, 1967 бітірген. 1991 жылы «Еңбек ардагері» медалімен,  «Жоғары дәрежелі мамандықты ұстаз» дипломымен, «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» белгісімен марапатталған.

 

 

Заря Қожахметова

Отыз жылдан астам уақыт бойы ағартушылық саласында жемісті қызмет атқарған ұстаз, оқу ісі меңгерушісі болып , құрметті заңды демалысқа шыққан, еңбек ардагері, Павлодар облысы мұғалімдерінің "Алтын қазынасы" тізіміне енген.

 

Исаханова Наскен Исаханқызы

40 жылдан астам уақыт бойы химия сабағының оқытушысы болып, зейнеткерлікке шыққан. Көп балалы ана ретінде І, ІІ, ІІІ – дәрежелі орден мен медальдармен марапатталған.

 

Мырзатаева Саулеман

«Батыр ана» атағы бар,  көптеген марапаттау грамоталарына ие, құрметті демалысқа шыққан, «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған зейнеткер ұстаз.

 

Жүсіпұлы Үкен

Педучилищені 1957 жылы үздік дипломмен бітіріп шығып, қырық  жылдан астам ұстаздық қызмет жасап, зейнеткерлікке шыққан ардагер ұстаз. 

 

Тулимисова Майда Шакенқызы

1969-1992 жылдары орыс тілі пәнінен сабақ беріп, кәсіподақ ұйымының мүшесі, қалалық Советінің депутаты, мектеп ішіндегі Пионер лагерінің бастығы болды. Бірнеше рет облыстық, қалалық, аудандық білім бөлімінің грамоталарымен, Облыстық кәсіподақ ұйымының құрмет грамоталарымен марапатталған, құрметті демалыстағы «Еңбек ардагері».

 

Қыпшақбаева Қаратай Кәмелқызы

1973 жылдан бастап орыс тілі және әдебиет пәні мұғалімі болып, ҚазССР Кеңесінің Жоғарғы Президиумының мадақтау грамотасына, облыстық және қалалық оқу ағарту басқармасының, білім департаментінің алғыс хаттарына ие болған.

 

Шахманов Сағидолла Тойғанұлы

 

«Еңбек ардагері» медалінің иегері. «Қазақстан Республикасы білім беру  үздігі» белгісімен марапатталған. Павлодар қаласында ең тәжірибелі мұғалім кітабына жазылған.

 

Сәулебекова Марал Сәулебекқызы

1991/92 оқу жылынан бастап, химия пәнінің мұғалімі, тәрбие ісінің, одан соң оқу ісінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің  үздігі; Білім Министрлігінің  Құрмет грамотасымен,  Облыстық  мәслихаттың  мақтау қағазымен,  Салауатты  өмір  салтын  сақтау  жұмыстарын  Республикалық  көлемде  мектепке  алғаш  енгізіп,  еңбектері  жоғары  дәрежеде   марапатталған. Мектептің  лицей  болып  қалыптасуына  тікелей  көп  еңбек   етіп,  негізін қалаған - Ардагер  Ұстаз!

 

 

Исмагулова Ботагоз Баязитовна

Биология пәні мұғалімі болып, зейнеткерлікке шыққан Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі.

 

Айткенова Амина Манаповна

«Үнемі елімнің қажетіне жарап, алға басып дамуына көмегім тиіп жатса, арманым болмас еді» деген ақ ниетпен ұстаздық еткен, математика пәні мұғалімі болған, ардагер ұстаз.

 

Кемельбаева Шолпан Ахметовна

Тарих пәні мұғалімі,  «Дебат» үйірмесінің жетекшісі болып, зейнеткерлікке шыққан ардагер ұстаз. Оқушылары Республикада «Үздік спикер» атақтарына ие болған.