Мәзiр:

Мемлекеттiк рәмiздер:

Бір жылда160745
Бір айда15949
Бір аптада3027
Кеше393
Тәулік33

Ғылым жолында ғалым болғандар

Зейнолла Қалымбетұлы Тоқаев

 

1942 жылы дүниеге келді. 1969 жылы Семей зоотехникалық малдәрігерлік институтын аяқтап, мамандық алды. 1978 жылы ветеринария ғылымдарының кандидаты, 1982-1996 жылдарда Семейдің зоотехникалық малдәрігерлік институтының ректоры болды.

70-тен астам ғылыми еңбектердің авторы, үш ғылым кандидатын даярлады. Құйрықты, жартылай қылшық жүнді қазақтын жаңа «Байыс» қой тұкымының авторы, 1993 жылы Ресей Федерациясының ғылым, жоғарғы оқу орны және техникалық саясат министрлігіндегі жоғары оқу орны комитетінің, 1997 жылы Семей мемлекеттік университеті ғылыми кеңесінің шешімдерімен профессор атағы берілді.

1995 жылы жаратылыстану ғылымдары академиясы жарғысының негізінде Академияның толық мүшесі болып сайланды.

 

 

Хабиболла Құсайынұлы Оспанов

 

1932 жылы 10 шілдеде Баянауылдағы Торайғыр ауылында дүниеге келген. Халықаралық табиғи ресурстар Академиясының академигі, химия ғылымдарының докторы, профессор. «Қазақстан Республикасының көрнекті өнертапқышы», «Қазақстан Республикасының көрнекті ғалымы» медалінің (Англия, Кембридж) иегері. 700 ғылыми жұмыстың, 6 ірі монографияның авторы. Ғылыми ізденіс жолында 90 авторлық куәліктер мен патенттердің иегері.

 

 

Жусупбеков Болат Оразгалиевич

 

Родился 27 июля 1939 г. в г. Павлодаре. После окончания КазГУ работал на химическом факультете.  С 1963 по 1966 гг. обучался в очной аспирантуре кафедры  «Катализа и технической химии» КазГУ. 1968 г. защитил кандидатскую диссертацию.

После защиты диссертации занимался преподавательской и научной деятельностью в Казахском Государственном Медицинском Институте, Институте химических наук, Институте органического катализа и электрохимии АН РК, Алма-Атинском Государственном университете имени Абая.

 

 

Қайыр Рахметжанұлы Омаров

 

1933 жылы 24 қыркүйекте туған. 1957 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің экономика факультетін бітірді. 1967-1970 жылдарда СССР Сыртқы Істер министрлігі академиясында (моңғол, ағылшын тілінде) оқыды. 1970-1972 жылы СССР Сыртқы Істер министрлігінің Совет елшілігінде, 1992-1999 Қазақстан Республикасы Сыртқы Істep министрлігінің Азия департаментінің бастығы, коллегия мүшесі. Министрдің кеңесшісі, «Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің» еңбек сіңірген қызметкері (2003 ж.), Мемлекеттік бизнес университетінің доценті.

 

 

Жаутиков Темкен Мукашевич

 

 1955 году  закончил горно-металлургический институт. Основная специальность - метоллогения благородных металлов.

В 1988 году защитил докторскую диссертацию. В 1994г. за работу «Золото Казахстана» присуждена Государственная премия Республики Казахстана в области науки и техники. В 1996 г. избран членом-коррес­пондентом Международной Академии Минеральных Ресурсов.

 

 

Қайдаров Қажкен Қабышұлы

 

1939 жылы туған. Физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор, жоғары ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі. 1970 жылы физика-математика ғылымдарының кандидаты атанады. Поляк тілін жетік меңгерген. 1972-1973 жылдары Варшавада тәжірибе алмасады. 1980-1990 жылдары Павлодар Индустриалды институтының проректоры, 1990-1995 жылдары ПМТУ -де бірінші проректор, 1995-1998 жылдары ПМУ-нің бірінші проректоры, 1998 жылдан Павлодар университетінің ректоры болып қызмет атқарады.

 

 

Баяхметова Фарида Қастайқызы

 

Жоғары оқу орнын бітірген соң, 1961-1963 жылдары жолдамамен еңбек жолын қазіргі Ақсу қаласында мектеп мұғалімдігінен бастаған. 1963 жылдан Павлодар индустриалды институтында, кейінгі жылдары С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік унивнрситетінде 43 жыл ұстаздық еңбек етуде. Жоғары оқу орнына арналған көптеген әдістемелік құралдардың авторы. Ұстаздың негізгі бағыты-математиканы техника пәндерімен үйлестіру, мемлекеттік тілдегі математикалық әдебиеттердегі сан қилы есептерді шығару. Бүгінгі таңда жоғары оқу орнының әдіскері, Қазақстанның түкпір-түкпірінде жүрген мамандардың аяулы ұстазы, Павлодар мемлекеттік университетінің доценті.

 

 

Ахметова Гүлнәз Кенжетайқызы

 

Педагогика ғылымының докторы, профессор. «За доблестный труд» медалі және «Құрмет» орденімен марапатталған. Ы.Алтынсарин атындағы сыйлықтың лауреаты. Бүгінгі таңда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің проректоры.