Мәзiр:

Мемлекеттiк рәмiздер:

Бір жылда160745
Бір айда15949
Бір аптада3027
Кеше393
Тәулік33

Артық болмас білгенің...

ЕҢ… ЕҢ…100

 

1.Әлемдегі ең ірі материк-Еуразия (54 млн км²)

2. Әлемдегі ең үлкен шөл-Сахара (7 млн км²)

3. Әлемдегі ең ірі дүние бөлігі-Азия (44 млн км²)
4. Әлемдегі халық ең тығыз қоныстанған континент - Азия (127 адам/км2)

5. Әлемдегі ең суық жер - Антарктида (83°С)

6. Әлемдегі ең биік тау - Гималай (Джомолунгма, 8848 м)

7. Әлемдегі ең ұзын тау - Анд (9000 км)

8. Әлемдегі ең үлкен көл - Каспий (390 мың км²)

9. Әлемдегі ең терең көл - Байкал (1620 м)

10. Әлемдегі теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан жер - Гхор ойысы (403 м)

11. Әлемдегі ең үлкен түбек - Арабия (3 млн км²)

12. Әлемдегі жауын-шашынның ең көп түсетін жері - Черапунджи (жылына 12000мм)

13. Әлемдегі ең ұзын әрі енді тау жүйесі - Кордильера (ұзындығы 9000 км, енді бөлігі 1600 км)

14. Әлемдегі ең үлкен арал - Гренландия (2 млн 176 мың км²)

15. Әлемдегі ең ұзын жер асты үңгірі – Флинт-Мамонт (500 км)

16. Әлемдегі ең үлкен тау мұздығы - Хабборт (145 км)

17. Әлемдегі ең биік ағаш - Секвойя (100 м)

18. Әлемдегі ең суы мол өзен - Амазонка (6400 км)

19. Әлемдегі ең биік сарқырама - Анхель (1054 м)

20. Әлемдегі ең ылғалды және ең жасыл материк - Оңтүстік Америка

21. Әлемдегі ең ірі эстуарийлық өзен сағасы – Ла-Плата (ені 220 км)

22. Жер шарындағы ең жоғарғы температура - Африкада тіркелген (+58°C)

23. Құрлықтағы ең ірі жануар - Африка пілі (7,5 тонна)

24. Әлемдегі ең аласа материк - Аустралия (биіктігі 215 м)

25. Әлемдегі ең құрғақ материк - Аустралия (2/3 бөлігі шөлден тұрады)

26. Әлемдегі ең терең мұхит - Тынық мұхиты (11022 м)

27. Әлемдегі ең ірі мұхит - Тынық мұхиты (179 млн км²)

28. Әлемдегі ең ыстық планета - Шолпан (462°C)

29. Әлемдегі ең суық планета - Плутон (-235°C)

30. Әлемдегі ең жылдам планета - Меркурий (172 мың км/сағ)

31. Әлемдегі ең тығыз планета - Жер (судан 5 есе тығызырақ)

32. Әлемдегі ең үлкен жанартау – Гавай аралындағы Мауна-Лоа (ені10 км, тереңдігі180 км)

33. Әлемдегі ең биік сөнбеген жанартау –Охос-дель-Саладо (Оңт. Америкада, 6887 м)

34. Әлемдегі ең кішкентай құс - Колибри (5 см)

35. Әлемдегі ең жылдам қозғалатын құс - Ителгі (200 км/с)

36. Әлемдегі ең күшті циклон - 1991ж, Бангладештегі циклон (138 мың адам қаза тапты)

37. Әлемдегі ең дүлей су тасқыны -1888ж, Аустралиядағы Жаңа Оңт.Уэльс (биіктігі 1500 м)

38. Әлемдегі ең үлкен бұршақ - 1970 ж, Канзаста жауған (шеңбері 44,5 см, салмағы 1кг)

39. Әлемдегі ең қатты бұршақ жауу - 1888 жылы Үндістанда (246 адамның өмірін қиған)

40. Әлемдегі ең ірі жапырақ - Рафия пальмасы (20 м)

41. Әлемдегі ең ірі тұқым - Кокос пальмасы (20 кг)

42. Әлемдегі ең ежелгі өсімдік - Каучук ағашы, антарктикалық қына (12 мың жыл)

43. Әлемдегі ең ұзын бұғаз - Мозамбик (1670 км)

44. Әлемдегі ең ұзын тұщы көл - Танганьика (1470 м)

45. Әлемдегі ең ір құс - Африка түйеқұсы

46. Әлемдегі ең ескі тау - Орал таулары (ұзындығы 2,5 мың км)

47. Әлемдегі ең кіші мұхит - Солтүстік Мұзды мұхит

48. Әлемдегі ең енді бұғаз - Дрейк бұғазы (5248 м)

49. Әлемдегі ең жылы қуатты ағыс – Гольфстрим

50. Әлемдегі ең суық қуатты ағыс - Батыс желдер ағысы

51. Жер шарындағы ең ұзын өзен – Ніл өзені (6671 м)

52. Әлемдегі теңіз дейгейінен ең төмен орналасқан нүктесі - Өлі теңіз

53. Әлемдегі ең тұзды теңіз - Қызыл теңіз

54. Әлемдегі ең үлкен және ең терең каньон – Колорадо

55. Әлемдегі ең ірі және тұңғыш ашылған ұлттық парк – Йеллоустан

56. Әлемдегі ең ауыр жыртқыш - Касатка (салмағы 9000 кг, ұзындығы 9 м)

57. Әлемдегі ең ұзын құрт - Солт. теңіз немертині (55 м)

58. Құрлықтағы ең жылдам жануар - Қабылан (100 км/сағ)

59. Әлемдегі ең ежелгі, тірі ағаш - Қылқанды қарағайлар (5000 жыл бойы тіршілік етіп келеді)

60. Әлемдегі ең үлкен өрмекші - Құс жейтін өрмекші (228 см)

61. Әлемдегі ең үлкен шаян - Өрмекші-шаян (ені 2 м)

62. Әлемдегі ең ауыр жәндік – Голиаф-қоңыз (70-100 г)

63. Әлемдегі ең биік сүтқоректі - Керік (6 м)

64. Әлемдегі ең үлкен тропикалық орман - Оңт. Америкада орналасқан (6 млн км )

65. Әлемдегі жерінің аумағы жағынан ең үлкен ел – Ресей

67. Әлемдегі ең ұзын ел - Чили (4300 км)

68. Әлемдегі ең құрғақ жер - Атакама шөлі (жылына 1 тамшы жаңбыр жаумайды)

69. Әлемдегі ең ірі жылан - Анаконда (200 кг)

70. Әлемдегі ең жылдам ұшатын бунақденелілер - Инеліктер (9км/сағ)

71. Әлемдегі ең биік шөп - Бамбук (25 м)

72. Әлемдегі ең тез өсетін шөп - Бамбук (күніне 1м өседі)

73. Әлемдегі ең қауіпті саңырауқұлақ - Боз арамқұлақ

74. Әлемдегі ең ірі ойпат - Амазонка

75. Әлемдегі ең биік таулы астана – Ла-Пас (3630 м)

76. Әлемдегі ең ірі маржандық құрылым - Үлкен Тосқауыл

77. Әлемдегі ең ірі сейсмикалық белдеулер – Альпі-Гималай, Тынық мұхиты

78. Әлемдегі ең биік толысу толқыны - Фанди шығанағында тіркелген (18 м)

79. Батыс жарты шардың ең биік шыңы - Аконкагуа (6960 м)

80. Аустралияның суы ең мол өзені - Муррей (1057 мың км )

81. Аустралияның ең ірі көлі – Эйр

82. Аустралияның теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан нүктесі -Эйр көлі (-16 м)

83. Аустралияның теңіз деңгейінен ең биік орналасқан нүктесі -Косцюшко (2228 м)

84. Африкадағы ең ірі сарқырама - Тугела (933 м)

85. Африкадағы ең терең көл - Танганьика (1470 м)

86. Африкадағы ең ірі көл - Виктория (68 мың км²)

87. Африканың теңіз деңгейінен ең биік нүктесі – Килиманджаро жанартауы (5895 м)

88. Солтүстік Американың суы ең мол өзені - Миссисипи (3268 мың км²)

89. Солт. Америкадағы ең үлкен ел - Канада (9млн 970 мың км²)

90. АҚШ-тағы ең ірі сарқырама - Ниагара (51 м)

91. Солтүстік Америкадағы теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан нүктесі - Өлім аңғары (86 м төмен)

92. Солт. Америкадағы ең үлкен көл - Жоғарғы көл (82103 км²)

93. Солтүстік Америкадағы теңіз деңгейінен ең биік орналасқан нүктесі - Мак-Кинли шыңы (6193 м)

94. Солтүстік Америкадағы ең ыстық жер - Өлім аңғары (+57°C)

95. Оңт. Америкадағы теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан нүктесі - Валдес түбегі (- 40 м)

96. Оңт.Америкадағы теңіз деңгейінен ең биік орналасқан нүкте-Аконкагуа (6960 м)

97. Оңтүстік Америкадағы ең ірі аралы - Отты Жер (18 мың км²)

98. Солт. жарты шардағы ең суық жер - Оймякон (-71°С)

99. Антарктида материгінің ең биік нүктесі - Винсон (5140 м)

100. Антарктида материгінің ең төмен нүктесі - Бентли ойысы (-2555)

 

 

МҰНЫ ДА БІЛГЕН ЖӨН

 

1. Мұздың тығыздығы бетонның тығыздығына тең.

2. Лас қар таза қарға қарағанда баяу ериді.

3. Ауаға қарағанда мәрмәр дыбысты он есе жақсы өткізеді.

4. Ауаға қарағанда болатта дыбыс он бес есе жылдам тарайды.

5. Таза алтын өте жұмсақ, оны қолмен майыстыруға болады.

6. Ыстық су салқын судан ауыр.

7. Кавказда қарбызды тұздайды.

8. Құрамында ең суы көп көкөніс – қияр.

9. Қара шайға қарағанда көк шайда С дәрумені 50 пайыз артық.

10. Қыста ағаш өспейді.

11. Бір түп ащы жусанда 100 000 тұқым бар

12. Жаңа үзілген алма суға батпайды.

13. Швейцарияда орден, медальдар жоқ.

14. Кувейт пен Катарда табыс салығы салынбайды.

15. Ұлыбританияда конституция жоқ.

16. Ең суық астана – Улан-Батор.

17. Сауд Арабиясында бірде-бір өзен жоқ.

18. Рим атты қала барлық континентте бар.

19. Территориясында шөлі жоқ Таяу Шығыстағы ел – Ливан.

20. Шөлі жоқ жалғыз дүние бөлігі – Европа.

21. Ең биік 25 шыңның он тоғызы Гималайда.

22. Экватордан бастау алып, теріс қарай ағатын жалғыз өзен – Ніл.

23. Жердегі ең жылы теңіз – Қызыл теңіз.

24. Вашингтонда адамнан телефон көп.

25. Малайзияда жол полициясы жоқ.