Мәзiр:

Мемлекеттiк рәмiздер:

Бір жылда66613
Бір айда5693
Бір аптада1652
Кеше349
Тәулік99
23-қараша күні облыстық ғылыми жобалар байқауы өтті!
Облыстық ғылыми жобалар сайысы өз мәресіне жетті. Біздің оқушылар жетістіктерімен әлі де қуантуда
Жас чемпион өз жетістіктерімен қуантуда!
18-қарашада өткен Кёкушинкай каратэ бойынша өткен ашық біріншілікте 1 "а" сынып оқушысы Сағындық Сұлтанмұхаммед екінші олрынға ие болды.
17 қараша күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, аға буын өкілдері мен мектеп оқушылары арасында «Қазақ жүректі жастар қандай болулары керек» тақырыбы аясында кездесу өтті.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, аға буын өкілдері мен мектеп оқушылары арасында «Қазақ жүректі жастар қандай болулары керек» тақырыбы аясында кездесу өтті.Кездесу барысында сөз сөйлегендер: Қабидолла Әлиұлы- «Жас ұрпақтың жетілуіндегі ұлттық тәрбиенің орны». Серік Қинаятұлы – «Отбасы салттарын білу және орындау – әр жеткіншектің парызы». Ульян Мақұл- «Қазақстан халықтарының ұлттық құндылықтары». Іс-шара Балтабай Сәкенұлының екі күйі тартып, жас өрендерге бата берумен аяқталды.
16-қараша күні жастарға қызмет көрсету орталығында өткен Адвайзер-көрмеге 9,11 сынып оқушылары қатысты.
16-қараша күні жастарға қызмет көрсету орталығында Адвайзер-көрме өтті. Бұл көрмеде 9,11 сынып оқушылары Павлодар қаласының жоғарғы және орта білім беру мекемелеріне түсу туралы мән-жайды анықтап, олардың қызметімен танысты.
15 -қараша күні Павлодар облысының Білім беруді дамытудың инновациялық торталығында математика, физика,информатика мұғалімдерінің VI халықаралық шығармашылық конкурсының іріктеу кезеңі өтті
Павлодар облысының Білім беруді дамытудың инновациялық торталығында 2018 жылғы 15-қарашада математика, физика,информатика мұғалімдерінің VI халықаралық шығармашылық конкурсының іріктеу кезеңін өткізілдіі.Біздің мектептің информатика пәні мұғалімі – Рахметов Нұрболат Заркумұлы үздік көрсеткішті көрсетіп, 1 орынға ие болды.
Төл теңгеміздің мерейтойы мектебімізде атап өтілді!
Бастауыш сынып оқушылары арасында суреттер көрмесі және мектепішілік "Теңге - тәуелсіздігіміздің символы" атты сынып сағаттары өтті.
«Kitapfest» - кітапсүйер қауымның ой алмасу ортасы!
15-қараша күні біздің мектепте «Kitapfest» ашық кітап уақыты ұйымдастырылды.
«Ұстаздың ісі – мәңгілік»
Біздің мектепте қарашаның оныншы жұлдызында ардагер ұстаз - Абдырасыл Қонайұлы туралы «Ұстаздың ісі – мәңгілік» кітабының тұсаукесері және «Асқар шың-дара ұстаз» атты еске алу кеші өтті.
 "Қазақстан - балаға достық көңілмен"
8-9 қараша күндері Астана қаласында "Қазақстан - балаға достық көңілмен" форум-фестивалі өтті. Біздің мектептің атынан Қайдар Бексұлтан бұл шараға қатысқан болатын.
Бастауыш сынып оқушылары арасында өткен VI облыстық математикалық турнирінен бас жүлде!
8-қараша күні бастауыш сынып оқушылары арасында өткен VI облыстық математикалық турнирінде біздің оқушылар бас жүлде және ІІІ дәрежелі диплом иегерлері атанды.
 «Зерде» атты ғылыми жобалардың байқауынан жүлдегер атанған жас ғалымдар.
Біздің мектебіміздің жас зерттеушілері аталмыш байқауға қатысып, жоғары дайындықтарын көрсете отырып, мадақтама қағаздарымен марапатталды.
Оқушылар мектеп бағын жайқалтуда!
Облысымыздың беделді ұстаздары, ағайынды Матаев Серік Айтбайұлы мен Матаев Берік Айтбайұлы 11 «А» сынып оқушыларымен шыршa көшеттерін отырғызды.

бiрiншiсi алдың. 1 2 3 47 соңғысы