Мәзiр:

Бір жылда68788
Бір айда12387
Бір аптада854
Кеше99
Тәулік9
Шахматтан жеңімпаз атандық!
2013 жылдың 7 қыркүйегінде Павлодар қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі тарапынан шахматтан мектеп мұғалімдері арасындағы 43-ші спартакиада болып өтті. Сайыс қалалық «Шахмат үйінде» өткізілді. Сайыста барлығы 28 қатысушы сынға түсіп, жеңімпаздар марапатталды.
Республикалық «Ең үздік бағдарлама – 2013» сайысының облыстық кезеңі
2013 жылдың 6 қыркүйегінде мектебімізде республикалық «Ең үздік бағдарлама – 2013» сайысының облыстық кезеңі өтті. Сайысқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп мұғалімдері 2 бағыт бойынша қатысты: жаратылыстану-математикалық және гуманитарлы. Сайыста барлығы 23 авторлық бағдарлама қорғалды.
Алғашқы қоңырау салтанаты
Дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебінде «Қазақстан-2050 Стратегиясы:бір ел, бір халық, бір тағдыр» атты алғашқы қоңырау салтанаты болып өтті.
ҰБТ-2013 қорытындысы
2013 жылдың 3 маусымында алғашқы болып мектебіміздің түлектері ұлттық бірыңғай тестілеуден өтті. ҰБТ-ға 36 оқушы қатысты, оның ішінде 24 оқушы (67 %) 100-ден жоғары ұпай жинады. «Алтын белгіге» үміткер 7 оқушымыз осы атаққа лайық екендерін дәлелдей алды. Жалпы мектеп бойынша орташа ұпай – 102 %.
Мектептегі жазғы лагерь
Жазғы каникулдың алғашқы күні, 1 маусым –халықаралық балалар күні мерексімен басталады. Бұл күні мектепте де үлкен мереке, себебі «Күншуақ» атты жазғы сауықтыру лагері және оқушылардың білімдерін жүйелейтін және толықтыратын «Алтын қор» олимпиада мектебінің ашылуы болды
Қ.И.Сатпаев атындағы ІІ Халықаралық олимпиадасы
2013 жылдың 27-30 мамырында Баянауыл өлкесінде өткен Қ.И.Сатпаев атындағы ІІ Халықаралық олимпиадасында мектебіміздің 8 сынып оқушысы Сарсембинов Ануар химия пәнінен І орынға және 7 сынып оқушысы Арманұлы Азамат физика, химия, биология пәндері бойынша ІІ орынға ие болды.
«Сыңғырла соңғы қоңырау»
Мектебімізде 25 мамыр күні «Сыңғырла соңғы қоңырау» атты салтанатты жиын болып өтті. Салтанатты жиынға облыс әкімі Ерлан Мұхтарұлы Арын, экономика саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Финн Кидланд мырза, облыстық білім беру басқармасының бастығы Бахыт Мақанқызы Бексеитова және қаламыздың жоғарғы оқу орындарының басшылары қатысты.
"Эстрадалық вокал" үздігі
Екінші Республикалық "Балдаурен" балалар және жасөспірімдер шығармашылығы ән-би байқауында "Эстрадалық вокал" айдары бойынша үздік өнер көрсеткені үшін мектебіміздің 5 сынып оқушысы Мырзаәлі Жалғас І дәрежелі дипломмен марапатталды.
«Патриот» айлығы 13 Мамыр, 06:39
«Патриот» айлығы
2013 жылдың 15 сәуір мен 10 мамыр аралығында мектебімізде «Патриот» айлығы өтті. Айлықтың мақсаты оқушылардың бойына патриоттық сезімді ұялату, елін, жерін сүюге баулу мақсатында іс-шаралар ұйымдастырылды. Айлық барысында мектебіміздегі оқушыларды «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсімін өткіздік.
Оқушылар назарына 06 Мамыр, 05:53
Оқушылар назарына
Сайтымыздың "Ғалым мінбері" айдарында физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Асқар Жұмаділдаевтің "Ақиқат" журналына берген сұхбатын жариялап отырмыз. Сұхбатты оқып, ой білдіріңіз.
Кіріспе коучингі
«Өрлеу» біліктілікті арттыру институтының ІІ деңгейлі курсын өтіп жатқан мектебіміздің математика пәні мұғалімі, оқу ісінің меңгерушісі Дюсенова Шамшібану Аманжолқызы алған білімі мен тәжірибесін мектеп мұғалімдеріне көрсетіп, таныстырды. II деңгей бағдарламасының мазмұны және оны іске асыру жолдары туралы баяндама жасап, курстың мазмұнына тоқталып өтті.
5-6 сынып оқушылары арасында І облыстық кешендік олимпиадасының қорытындыcы
2013 жылғы 24-cәуірде 5-6 сынып оқушылары арасында І облыстық кешендік олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті. Олимпиаданың қорытынды кезеңінде оқушылар жаратылыстану ғылымы мен математикалық бағыт бойынша жаңа форматты тапсырмаларды орындады. Олимпиада қорытындысы бойынша мектебіміздің 6 сынып оқушысы Аманбаева Дина ІІІ орынға ие болды.

бiрiншiсi 1 52 53 54 55 56 61 соңғысы