Мәзiр:

Мемлекеттiк рәмiздер:

Бір жылда101801
Бір айда9722
Бір аптада2130
Кеше226
Тәулік33
«Шаңғы жолы шақырады»
06 Қаң, 15:23

      Шаңғы спорты адамның бойындағы шыдамдылық, күш шапшаңдық, батылдық, ептілік, табандылық, айналаңды бақылау сияқты аса керек қасиеттерді жан-жақты дамытады. Шаңғы спортымен айналысу кезінде адамның барлық дене мүшелері жұмыс істейді. Сондықтан ол жан-жақты жетілуге, дамуға, шынығуға негіз салады. Шаңғы тепкен адам өзін шапшаңдық пен төзімділікке шыңдап қана қоймай, сонымен қатар жақсы тынығады.

    Осыны ескере отыра мектептің қысқы демалысы кезінде  5-11 сыныптарына арналған  «Шаңғы жолы шақырады» атты спорттық шара өткізілді. Оқушылар шараға белсене қатысты.